Өңірлер

Маңғыстау облысында қандай жұмыстар атқарылды

Маңғыстау облысында аймақ басшысы Ералы Тоғжановтың қатысуымен кеңес өтті, онда Қарақия және Маңғыстау аудандарының әкімдерінің 2018 жылдың қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есептік баяндамасы тыңдалды. Өңірде атқарылып жатқан жұмыстар туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Астана қаласы24 Шілде , 10:03

Қарақия ауданының әкімінің міндетін атқарушы  Қыдырберді Беков ауданда негізгі экономикалық макроэкономикалық көрсеткіштердің өсуі байқалатынын жеткізді.

«Өнеркәсіп өнімдерінің (үй шаруашылығы секторын есепке алғандағы) ауқымы 2018 жылы қаңтар – маусым айларына 519,6 млрд. теңгені құрады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 139,8 млрд. теңгеге өсті.) Өнеркәсіптік өндірістің индексі - 102,9 пайызды құрады.Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2018 жылдың қаңтар – маусым айларында 76 887,0 млн. теңге. Құрылыс жұмыстарының көлемі 33,8 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда 3,5 есеге көбейіп отыр. Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 3,5 есе артқан.  Ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 2018 жылдың 6 айында     771,2 млн. теңгені (2017ж 6 айында 536,8 млн. теңге) құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 101,9 пайызға жетіп отыр», - деді ол.

Оның айтуынша,  бүгінгі күні Қарақия ауданы бойынша 485 шаруа қожалығы тіркелсе, оның   41 егін шаруашылығы.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында өткен жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара мал саны – 2724 бас, 31,5% өсті, қой 60784 бас, 4,1% өсті, ешкі 12665 бас, 17,1% өсті, жылқы 13775 бас 19,8% өсті, түйе 11742 бас, 16,8% өсті, құс 3426 бас, 37,1% артты. Қазіргі уақытта ауданда 485 шаруа қожалығы тіркелді, оның 41-і өсімдік шаруашылығымен айналысады.

«2018 жылдың қаңтар-маусым айларында 1500 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 1288 тұрақты және 212 уақытша. 2018 жылдың қаңтарынан маусымына дейін 840 адам жұмыссыздыққа қарсы әлеуметтік қорғау шараларымен толық қамтылған. Атап айтқанда, тұрақты жұмысқа 527 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 55 адам, жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша 32 адам, қоғамдық жұмыстарға 125 адам жіберілді»- деді аудан әкімінің міндетін атқарушы Қыдырберді Беков.

Маңғыстау ауданың әкімі Жармағанбет Айтуаров 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары өнеркәсіптік өнімдердің маңызды түрлерін өндіру бойынша 6 айда 295,8 млрд.теңгенің өнімдерін өндіргенін айтты.

«Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі индексі 102,3%, бөлшек сауда көлем индексі 101,7% болғаны туралы баяндады. Айтуаровтың айтуынша, аудандағы ауыл шаруашылығының негізгі түрі - мал шаруашылығы. Ірі қара мал басының саны 180 мыңнан асты, жылқы саны - 41 мың, түйе - 23 мың бас. 6 айда ауыл шаруашылығы өндірісі 1844,9 млн. теңгені құрады», - деді ол.

Маңғыстау облысы  әкімдігінің мәліметінше,  аудан көлемінде 381 шаруа қожалығы, 10 ұйымдасқан шаруашылық, 4 ауыл шаруашылығы кооперативі қызмет етеді. Оның ішінде 343 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен, 36 шаруа қожалығы егін шаруашылығымен, 1 ауыл шаруашылығы кооперативі өңдеу өнеркәсібімен айналысады. Ауданның ауыл шаруашылығының негізгі бағыты мал шаруашылығы, соның ішінде ет, сүт, жұмыртқа өндіру. 2018 жылдың 6 айында 1569,8 тонна тірілей салмақта ет, 1214,1 тонна сүт, 47,2 мың дана жұмыртқа өндірілді.

«Нұр Капитал» шағын және орта бизнесті қолдаудың аймақтық бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 226,5 млн. теңгеге 9 жоба мақұлданды, бұл 83 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Аймақтық үйлестіру кеңесі мақұлдағаннан кейін, жобалар қаржыландыру үшін банктерге жіберіледі. Жалпы, 1 маусымдағы жағдай бойынша кәсіпкерлер саны 2479 адамды құрады, жыл басынан бері өсім - 2,8%. 25 кәсіпкерге 82,87 млн теңге несие берілді.

«Ақбұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру барысында 10 ауылдық округ пен 14 елді мекенде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі енгізілді.2017 жылдың қорытындысы бойынша орталық сумен қамтамасыз ету 67% құрады.  Сондай-ақ,  Тұщыбек, Қызан, Шебір, Шайыр, Ұштаған ауылдарынан "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша 4 пәтерлі муниципиалдық (коммуналдық, жалдамалы) тұрғын үй құрылысына жергілікті бюджеттен 92 590,3 мың теңге қаржы қаралды»- деді Маңғыстау ауданының әкімі Жармағанбет Айтуаров.

Есепті қорытындылай келе, облыс әкімі Ералы Тоғжанов аудан әкімдеріне білім беру, денсаулық сақтау саласында сапалы қызмет көрсетуді арттыру бойынша бірнеше тапсырма берді.

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика