Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері

ҚР халқының саны 236 мың адамға артты

Қазақстанда 2013 жылдың 1 қаңтарына мәліметтер бойынша халық саны 236 мың адамға артып, 16 911,9 мың адамды құрады, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов еліміздің 2013 жылдың қаңтар айына әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз мәслихатында.
Казахстан30 Тамыз , 00:00


«2013 жылдың 1 қаңтарына халық саны 16 911,9 мың адамды құрады, және алдыңғы жылдың басымен салыстырғанда 236 мың адамға немесе 1,4%-ға артты», - деді Ә.Смайылов. 

Сонымен қатар, 2012 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында  халық саны табиғи өсім есебінен 238 мың адамға артқаны атап өтілді.
Оған қоса, республикадағы демографиялық жағдай туралы Әлихан Смайылов АЖАТ органдары мәліметі бойынша 2012 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында  туылғандар саны 2011 жылға қарағанда 1,9%-ға артық тіркелгенін, олардың саны 379 мыңды құрағанын хабарлады. 
Ал, 2012 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында ҚР-да қайтыс болғандар санына келсек, ол 141,2 мың адамды құрады, бұл 2011 жылдың қаңтар-желтоқсан көрсеткіштеріне қарағанда 2,4 %-ға кем.
 




Яндекс.Метрика