Туризмді дамыту

«Ұлы дала еліне саяхат» экспедициясы: Бағыттар бойынша жолбасшы әзірленеді

Осы жылдың 18 шілдесі мен 29 қыркүйегі аралығында 6 бағыт бойынша ең ірі «Ұлы дала еліне саяхат» экспедициясы өтеді. Экспедиция аясында Қазақстанның көрікті әрі тарихи жерлеріне саяхат жасалады.
Нұр-Сұлтан16 Шілде , 17:24

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы  Рашид Күзембаев қазақстандықтардың ата-бабасының тарихын, көрікті жерлерін көруге қызығушылығы артып келе жатқанын айтты.

 «Қазіргі кезде туризмнің дамына Елбасы мен Үкімет тарапынан көп көңіл бөлініп жатыр. Елбасы жақында  Бурабайға жасаған  сапарында Қазақстанның әдемі жерлерін тек ел тұрғындарына ғана емес, шетелдіктьерге де таныту керектігін айтқан болатын. Қазірдің өзінде отандастырымыз саяхаттауға үлкен қызығушылық көрсетіп отыр.  2016 жылға қарағанда ішкі жерлерді аралаған туристер саны 20 пайызға өскен. 2017 жылы  шетелдік туристер саны  18 пайызға артқан. Бұл бағдарлама «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес келеді.  3 ай ішінде кәсіби мамандардан құрылған топ ең әдемі жерлерді аралайды»,-  деді Р.Күзембаев.

Ол айтып өткендей,  біздің елде тау да, тас та, өзін мен өзге сұлу жерлдер көп.

«Алтайдан бастап Ұлы даланы шарлайтын  экспедициямыз өткелі тұр. Бұл экспедиция туризмді насихаттап, маркетинг үшін  ғана, емес проблемалық мәселелерді шешіп, инфрақұрылымдық жағдайларды реттеу үшін ақпарат жинау үшін де қажет», - деді ол.

6 туристік кластерді қамтитын  экспедицияны тәжірибелі саяхатшылар бастап жүреді.

 «Біз бұл бағыттарды бірнеше мақсат  үшін қызықты етіп отырмыз. Себебі, біреу құстың ұшқанын тамашалығыс келсе, кейбірі табиғат аясында жүруді қалайды. Біз үшін  бағыттар бойынша нысандар картасы  жүргізіледі. Ол қай жерге қонақ үй, кемпинг қажеттігін анықтайды. Турбағыттардың бірнеше бағытын дайындап қана қоймай, жол картасын  әзірлейміз. Осы экспедиция жолымен кейін саяхаттайтын тұрақты бағыт қалыптастыру көзделген. Бізде бар жерлерді кеңінен насихаттау басты мақсатымыз болып отыр», - деді Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Тимур  Дүйсенғалиев.

Ол айтып өткендей,  туризмді дамытуға келгенде заңнамалық және қаржыландыру мәселесіне келіп тоқтаймыз.

« Экспедиция бағыты аясында Ұлтттық паркетерден өтетін бағыттар болады. Осы орайда, халықаралық тәжірибені мемлекеттік бағдкарламада қолданып   учаскелер мен өңірлердегі күрделі сұрақтарды тиімді  шешуге  болар еді. Бағыт бойынша біз инфрақұрылымдарға тоқтап қана қоймай, номадтардың рухы мен жағдайын түсінуге әсер ететін жерлерге тоқтаймыз», - деді ол.  

Тимур Дүйсенғалиев Қазақстанды  туристік  ел ретінде   іште де, сыртта да қабылдай алмайтындар бар   екенін жеткізді.  

«Қазақстанды көбі туристік ел ретінде қабылдамайды. Біздің мақсатымыз бұл түсінікті өзгерту. Біз байқамайтын сұлулықты  теңгелендіріп жақсы туризм жасауға тырысамыз. Бірінші бағыт  18 шілдеде басталады. «Тянь-Шань маржаны» деп аталады. Бұл  Алматы облысының  Райымбек ауданында өтеді. Ол аймақта Қоскөл, Шонжа ыстық көздері сынды бірегей жерлер орналасқан. Оның барлығы Алматының алдында Шілік өзені  алқабында аяқталады. Бағыт  12 күнді қамтиды. 1085 шақырымға созылады», - деді ол.

Келесі бағыт – Сарыарқа. Орталық Қазақстан, қазақтардың сакралды Отаны. Табиғи және тарихи нысандарды қамтиды. 20 тамыздан  4 қыркүйекке дейін созылады, деді ол.

«Көпшіліктің қызығушылығын арттыратын Шығыс Қазақстан – Алтай болып отыр. Катон-Карағай, Марқакөл сынды әдемі жерлерге барамыз. Жоңғар-Алатауы  да қызықты бағдарлама. Талдықорғанның Текелісінен басталады. Ең жоғарғы субұрқақ, шөп пен жануарлар әлемін насихаттайтын боламыз. Жоңғар-Алатауы бойынша сапалы және экотуристерге тиімді ақпарат беру көзделген. Жапон және корей туристері мен батыс туристерінің қызығушылығын тудыратын теңізден теңізге дейін бағыты бар. Жаңа Жібек жолы да бар. Ол Батыс Қытай-Батыс Еуропа жолындағы тарихи және табиғи орындарды тамашалау кіреді», - деп түйіндеді ол.

«Жаңа Жібек жолы мен  Саырақа бағыттарына жауапты   «Qazaq Geography» жобасының менеджері Нұржан Алғашов  тамашаланған орындар бойынша жолбасшы  әзірленетінін айтты.

«Біз 6 экспедицияның  2-уін өткіземіз. Оның бірі Жаңа Жібек жолы және Сарыарқа. Сарыарқа барлық экспедицияның ең ұзағы. Орталық Қазақстанның   бірқатар  облысын қамтиды. Әр экспедицияның қорытындысы бойынша жолбасшы әзірлейтін боламыз. Ол бойынша баратын қонақ үйлер, тоқтайтын жерлер сынды маңызды ақпараттар жолбасшыға енеді. Жібек жолы Қорғастан басталып батысқа бағыт алады. Көлсай, Шарын шатқалы, Іле-Алатау ұлттық паркі енеді», - деді ол.

Айта кетейік,  экспедицияның   теленұсқасы  Kazakh-tv.kz арнасында көрсетіледі.

Аягөз Құрмаш




Яндекс.Метрика