Халықаралық сәулетшілер конгресі

Халықаралық сәулетшілер конгресі: әлемдік сәулет өнерімен тәжірибе алмасу

Астанада Халықаралық сәулетшілер конгресі өз жұмысын бастады. Аталмыш шара екі күнге созылады. Оның аясында шетелдік сәулет өнері өкілдерімен кәсіби тәжірибе алмасу, қазақстандық және шетелдік жетекші сәулетшілермен шығармашылық байланыс орнатылмақ. Шараның басты мақсаттарының бірі прогрессивті әлемдік тәжірибе мен білімді қабылдау қабілеттігін қалыптастыру арқылы заманауи отандық сәулет өнерін дамыту. Сондай-ақ, шара аясында бірқатар меморандумдарға да қол қойылды. Толығырақ, Strategy2050.kz АА дайындаған материалдан оқи аласыздар.
Нұр-Сұлтан16 Шілде , 12:57

Халықаралық сәулетшілер конгресі Астананың  20 жылдығына орайластырылған шаралардың бірі. Заманауи дүниежүзілік сәулет өнерінің әлемдік трендтері, оның архитектуралық келбеті Елорданың айшықты ерекшелігі болып табылады. Бұл серпінді дамып жатқан қаланың қайталанбас атмосферасын құрайды.

«Астана Innovations» АҚ басқарма төрағасы Олжас Сартаев «Ақылды аудан жобасы»  аясында елорданың бір ауданы түрленетінін айтты.

«Инновация, жасыл технология мен урбанистиканың бірігуі  ортаны ақылды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Біз әлемдік қалалардың құрылуын зерттедік, мегаполистер қалай дамитынын бағамдап, олардың құрылысы мен экономикасын сараптадық. Ақылды қалалардың  ішінен  қызығушылыққа ие болған тәжірибе өз жолын аудандардың бірін апробациялаудан бастаған. Ол  инновацияларды енгізу бойынша   экономистер мен әлеуметтанушылар, жасыл технология бойынша қызметкерлер  тобы жұмыс істеген.  Осыдан трансформация басталды. Мен Барселона туралы айтып отырмын. Біздің компания «Барселона» тәжірибесіне негізделген жұмысты бастауға шешім қабылдады», - деді О.Сартаев.

Осы тәжірибені елорданың бір ауданында қолдану қарастырылған.  Пилоттық аймақта  үш бағыттағы  барлық шешім тестіленеді: инновациялар мен технологиялық шешімдер, екіншісі – урбанистика мен сәулеттік  жоспарлау, үшіншісі – тұрақты дамыту ұстанымдарын  қалыптастыру.

«Жобаның атауы – «Ақылды қала». Біз бірқатар талаптарды ескере келіп, «Жастар» шағын ауданына  тоқталуды жөн көрдік. Неге «Жастар»? Біріншіден, бұл құрылыста   кеңестік кездің нышандары сақталған,  халық көп шоғырланған, сол жағалауға жақын  көліктік жолдары бар тиімді аудан. Аймақты зерттей отыра, тұрғындардан алынған сауалнамаға байланысты  ауданның негізгі проблемаларын тізіп алдық», - деді ол.

Олжас Сартаевтың айтуынша,  сол жағалаумен салыстырғанда сынағы көп аудан арнайы таңдап алынған.  Инновациялық урбанистикалық стандарттың қалыптасуын  тұрақты даму арқылы жүзеге асыру нәтиже бермек.  Стандартты  құру  елорданы   жоспарлау мен оның құрылысына айтарлықтай үлесін қосады», - деді О.Сартаев.

Ол атап өткендей,  10 бағыт бойынша  31 технологиялық шешімді енгізу жоспарланып отыр. Қазір ақылды ауданда жеке инвестициялар есебінен  бірқатар шешімдер енгізіліп жатыр.

Ал, Ұлыбританияның тәжірибесімен бөлісуге келген SimpsonHaugh компаниясының ортақ иесі Кристиан Мэйл Лондондағы құрылыс тәжірибесі туралы баяндады.

«Біздің компанияның екі кеңсесі Манчестер мен Лондонда орналасқан.  Біз коммерциялық салада  кеңселер салумен айналысамыз.  Сондай-ақ, тұрғын үйлерді жоспарлауды да жүзеге асырамыз. Лондон көкжиегі туралы айтатын болсақ. Бұрынғы және қазіргі Лондон көкжиегінің айырмашылығы баршылық. Ол әлі де өзгеретіні анық. Бұл өзгерістер көбіне коммерциялық сектормен байланысты, себебі Лондон орталығында  тұрғын үйлер мен кеңселердің құрылысын жүргізу қажеттілігі өте жоғары.  Соңғы зерттеуге  сүйенсек, 430-ға жуық ғимаратты  Лондон орталығында тұрғызу жоспарланған», - деді К. Мэйл.

Оның айтуынша, Лондонның құрылысы  бойынша ресми құжат бар. Онда тарихи ғимараттарды сақтау арқылы жаңа биік нысандардың құрылыс жүргізуі қарастырылған.

Өз кезегінде германиялық сәулетші, басып шығарушы  әрі зерттеуші Мойзер Филипп Губерт Астанада  6 жыл (2004-2010) жыл қызмет еткенін атап өтті.

«Мен Астанада «Бәйтеректің» құрылысы енді басталып жатқан кезде бақылаушы болдым.  Негізгі ғимараттар ол кезде құрылыс кезінде тұрған еді. Сол кезде мен өзіме «Астанада не болып жатыр?» деген сұрақ  қоятынмын. Көптеген адамдар  маған біз кішкене Мәскеуді, Дубай мен Шанхайды еске түсіреміз дейтін. Бастапқыда мен оған сендім, себебі Астанадағаы  құбылыс  жаңа бағыт еді. Астана Қазақстанның жаңа қаласы, посткеңестік  қала. Уақыт өте келе мен біз посткеңестік кезең туралы айтпауымыз керектігін ұқтым. Біз Еуразиялық қала туралы айтуымыз керек. Бұл терминді қаланың географиялық орнына қатысты айтқым келіп отыр», - деді ол.

Мойзер Филипп Губерт  осыдан сайып келе  Еуразия аймағындағы қалалардың ортақ ұқсастықтары бар екенін атап өтті. Ол осы аймақтағы елордалардың  айырмашылықтары мен ұқсастықтарына  тоқталды.

Айта кетейік, шара аясында  «Астана Innovations» АҚ   Білім және ғылым министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі және  «Технолгиялық дамыту бойынша Ұлттық агенттік» АҚ-мен  меморандумға қол қойды.

Конгресс аясында «Қалалық орта: дәстүрі мен келешегі» тақырыбында халықаралоық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Сондай-ақ, шетелдік сарапшылардың қатысуымен дәрістер мен шеберлік сабақтары өткізіледі.

Аягөз Құрмаш




Яндекс.Метрика