Пікірталас клубы

Астананың 20 жылдығы: Танымал болатын картиналар қоры жинақталды

Бүгін «Стратегия» пікірталас клубының «Астана әлем назарында» тақырыбындағы отырысы өтеді. Ойжарысқа қатысқан «Наз» мемлекеттік би театрының директоры Сұлтан Срайыл Астананың 20 жылдығы аясында өткен мәдени шаралар туралы айтып берді.
Астана қаласы13 Шілде , 16:32

Актер,  режиссер   Сұлтан Срайыл  Астананың  20 жылдығы аясында өткен  шаралар туралы айтып өтті.

«Астананың  20 жылдығын мерекелеуді    желтоқсан айынан бастап кірістік. «Астана әлем фотографтарының объективінде» фестивалінің   әдеттегі фотокөрмелерден айырмашылығы ауқымдылығында  болды. Биыл фотографтардың  ішінен танымалы,жақсы әсер қалдырғаны  ол Армения Президентінің  8 жылдан бері  фотографы болып келе жатқан   Давид Акопян болды. Бір аптадай уақытқа тұтас ел Президентінің фотографын жіберу өте күрделі болды. Бірнеше рет хат жіберу арқылы алдырдық», - делі С.Срайыл.

Режиссердың айтуынша, ол бұрындары Астанаға Президентімен келсе де осы жылы  қазақ елінің салт-дәстүрі, мәдениетін жақын танып кетті.

Айта кетейік, Сочиде өткен ТМД елдері  басшыларының  кездесуінде Давид Акопян Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  тұлғалық қасиеттерін  паш ететін сәтті сурет жасаған еді.

«Бұл сурет барлық желілерге кеңінен тарап кеткен еді. Фотографтың өзі де бұл  суреттің танымалдылығы өте жоғары екенін растап отыр. Армян фотографының суретке  сәтті түсіруі  әр нәрсенің сұрауы бар екенін көрсететін құбылыс сияқты», - деді С.Срайыл.

Халықаралық фотофестивальге  12 елдің фотографы қатысты.

«Черкашиндер  деген ағайындар болды. Олар үшін Астана  7-ші жоба болып отыр. 50-60 суреттен тұратын  топтаманы  әзірледі. Олар елдің  мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін паш ететін суреттерді әзірледі. Олар факті ретінде түсірмейтін, ерекше стильдері бар фотографтар», - деді  С.Срайыл.

Ол айтып өткендей, Қазақстан туралы барлығы әлеуметтік желіден көріп, естіп жатыр. Алайда, өз көзіңмен көргенге жетпейді.

«Әр елден жиналған фотографтар, тек қана Астананы суретке  түсірген жоқ. Олар әсер арқылы Астананың бір бөлшегін өздерімен ала кетті. Олар  Астанада  түсірген суреттерін   өзге байқауларға да қатыстыра алады», - деді ол.

Сондай-ақ, С.Срайыл аталған көрмеден кейін суреттер жоғалмайды, осы жылғы  20 жылдықтың тарихы ретінде  естелік альбом болып сақталады.

«Былтырғы фестивальдің атауы «Қазақстан әлем фотографтардың көзімен» деген тақырыпта болды, онда  11 фотограф Қазақстанның барлық  өңірлерін аралап, суретке түсіріп, оны авторлық құқықты бізге берген. Ал, биыл «Астана әлем фотографтарының объективінде» деген атаумен фестиваль жалғасын атапты», - деді ол.

Биыл да ерекше, танымал болатын картиналар қоры жинақталды.

«Бұл суреттер қазақ елінің имиджін қалыптастырады. Тамшыдай болын үлесімізді осылай қосқанды жөн көрдік», - деді ол.

Сондай-ақ, Мәдениет және спорт министрлігі биыл көптеген мәденни шаралар ұйымдастырды.

«Біз оның үшеуіне атсалыстық. Оның ішінде: «Нұр келбетті Астана» фотокөрмесі, екіншісі аталмыш фестиваль, үшіншісі «Позитив» атты қысқаметраждық  фильмдер  фестивалі. Фильмдерде Астананың қарапайым тұрғындарының өмірі мен тынысы, өсу эволюциясы көрсетіледі», - деді ол.

Аягөз Құрмаш

Фото: Бауыржан Жуасбаев




Яндекс.Метрика