Пікірталас клубы

Астананы ауыстыру – геостратегиялық шешім - Ә.Ахметов

Астананы ауыстыру – геостратегиялық шешім. Бұл пікірді «Стратегия» пікірталас клубы алаңында Ғалым, мемлекет қайраткері, академик Әділ Ахметов білдірді.
Астана қаласы06 Шілде , 11:03

Әділ Ахметов 20 жастағы Астананың өзге елдермен ерекшелігін атап өтті.

«Алматы  инфрақұрылымы, зияткер қауым мен медицинаның шоғырлануы бойынша жайлы елорда болды. Елбасы  қиын-қыстау кезеңде елорданы көшіру шешімін қабылдаған кезде әріптестерінің өзі  түсінбеді. Экономикамыз әлсіз, тұрақсыз кезде неге біз елордамызды ауыстыруымыз керек  деген күдікке толы сұрақ болды. Қазір бұл көзқарас әлдеқайда өзгерген. Бұл себеп не үшін қабылданды. Сол кездің өзінде Елбасы геостратегиялық мүддені  басты назарға алды», - деді Ә.Ахметов.

Президенттің елорданы ауыстыру себептері айқын болды.

«Елорда елдің жүрегінде орналасуы керек. Тоғыз жолдың торабында тұруы керек. Қауіпсіздік жағынан, сейсмологиялық тұрғысынан өте ыңғайлы болуы керек. Геостратегиялық негізгі мақсаты ол – солтүстіктегі көзқарастың өзгере бастауы болды», - деді ол.

Ол айтып өткендей, сол себепті елорданы оңтүстіктен орталыққа қарай ауыстыру шешімі қабылданды.

«Мен айтып жүремін. Астана өзгермегенде көші-қон  да тоқтамайтын еді. Себебі, елорда жастарды тартатын магнит іспеттес. Солтүстікте ешкім қалмайтын еді. Біз оны бүгін анық айтуымыз керек. Қиын-қыстау кезеңде елорданы өзгертудің басты аргументі осы болды. Бұл барлығын ойластырып барып, қабылданған стратегиялық шешім», - деді ол.

Сондай-ақ, Ә.Ахметов айтып өткендей, Астаналарын әлем елдерінің біраз бөлігі ауыстырған.

«Бүгінгі таңда бұл шешім геостратегиялық мәнді, маңызды шешім болғанын дәлелдеді. «Еуразия-жүрегінде» деген Елбасының кітабында Президенттің бұл шешімге келуі сарапталған», - деді Ә.Ахметов.

20 жылда қала адам өзгерместей өзгерді, медицина саласы, инфрақұрылым дамыды, дейді ол.

«Астана ауыстырылған соң. Шетелдік беделді сәулетшілердің қатысуымен бас жоспар әзірленіп қойған. Қазір де сол бойынша қаланың инфрақұрылымы салынып жатыр. Бұл алдын –ала мұқият ойластырылған. Бас Сәулетші-Нұрсұлтан Назарбаев. Шығыс пен Батыстың сәулетін түйістірген қала болып отыр», - деді ол.

Ғалымның айтуынша, Астана Еуразияның жүрегіне айналып келе жатыр. Халықаралық ауқымды шаралар ұйымдастырылып келеді.

«Экономикалық жүрегі болатын да жөні бар. Себебі, тоғыз жолдың торабында тұр. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша шығысқа да, шығысқа да жол тартылып жатыр. Жол жөнделмей,  экономика өзгермейді. Сондықтан да, жолға ерекше көңіл бөлініп отыр», - деді ол.

Әділ Ахметовтың айтуынша, цифрлық технологиялар бойынша электрондық жолменен дамитын болсақ, тезірек алға жылжитын боламыз.

«Біздің спорт пен мәдениет саласы да қарқынды дамып жатыр. Барлық қажетті ғимараттар салынды. Осының барлығы халықты дамыту мен елді көркейту үшін жасалып жатыр», - деді ол.

Ғалым Астана күнімен барша қазақстандықтарды құттықтап, елге береке тіледі.

Аягөз Құрмаш




Яндекс.Метрика