Халықаралық интеграция

Қазақстан елшілері әлем елдерімен ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстанның елшілері Бельгия Корольдігіндегі Елшісі Айгүл Құспан Бельгия Королі Филиппке сенім грамоталарын табыс етсе, Қазақстанның Грузиядағы Елшісі Бауыржан Мұхаметжанов Грузия Президенті Георгий Маргвелашвилиге сенім грамоталарын тапсырды. Бұл марапат елдер арасындағы ынтымақтастық пен сенімді арттыра түсетіні анық.
Астана қаласы05 Шілде , 09:49

Салтанатты рәсімнен кейін Айгүл Құспан Бельгия Королі Филипп  екі ел арасындағы саяси диалогты жаңа деңгейге көтеру, сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды жандандыру мәселелерін талқылады.

Король Қазақстан «ұлы тарихы бар, кең әлеуетке ие үлкен ел екендігін» атап өтіп, Қазақстандағы бастамаларға қызығушылық танытты.

Елші Бельгия Короліне Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар туралы мәлімдеді және осы реформалардың 2050 жылға дейін Қазақстанның алдыңғы қатарлы дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруін қамтамасыз етуді көздейтінін жеткізді. 

«Бұл реформалар Бельгия және Қазақстан үшін тең маңыздылыққа ие ұлттың тұтастылығын сақтау, этносаралық диалогты дамытудағы Елбасымыздың сәтті саясатына да негізделетіні ерекше аталып өтілді. Сонымен қатар, 6 шілдеде елордамыз Астананың 20 жылдығы тойланатынына назар аударып, осындай қысқа мерзімде Астана халықаралық форумдардың алаңына, сондай-ақ бизнес, қаржы және жаңа технологиялардың хабына айналған», - деді ол.

Саяси диалогты және сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда нақты ұсыныстар айтылды. Қазақстандық дипломат Бельгияның 2019-2020 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануымен құттықтап, екі еліміздің БҰҰ шеңберінде және халықаралық аренадағы ұстанымдарының жақындығын атап өтті.

Сауда-экономикалық салада аймақтық және федералды іскерлік топтардың Қазақстанға экономикалық миссиялары, сондай-ақ бельгиялық компаниялардың еліміздегі жұмысы құпталды.

Бельгия Королі Филипп Президент Н. Назарбаевқа ілтипатын білдіріп, Қазақстанның Елбасы басшылығымен зор жетістіктерге қол жеткізгенін айтты.

«Еліміздің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жолындағы бастамаларды жоғары бағалаймын», - деді Король.

Сонымен қатар, ол өзінің 2002 және 2009 жылдары Байқоңырға сапарларын, 2010 жылы үлкен бизнес-делегацияны басқарып Қазақстанға жасаған сапарын және 2014 жылы Брюссельде Президент Н. Назарбаевпен өткізілген кездесулерді ілтипатпен еске алды. Сұхбат соңында Король Елшіге екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыру жолындағы жұмысына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ,  Бауыржан Мұхаметжанов Грузия Президенті Георгий Маргвелашвилимен  кездесу барысында Қазақстан Елшісі екіжақты қатынастардың қарқынды дамып отырғанын, сондай-ақ екі елдің халықаралық ұйымдар шеңберінде табысты ынтымақтастығын атап көрсетті. Ол Грузия Президенті Г.Маргвелашвилидің өткен жылғы маусымдағы елімізге ресми сапарының қорытындылары мен оның Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесі шеңберіндегі Грузияның Ұлттық күніне қатысуын Қазақстанда жоғары бағалайтынын атап өтті.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, елші Грузия Президентіне Қазақстанда жүргізіліп отырған саяси және экономикалық қайта құрулар, қоғамдық сананы жаңғырту, сондай-ақ еліміздің халықаралық бастамалары туралы әңгімеледі.

Грузия Президенті грузин тарапының тәуелсіздік жылдары табысты дамып отырған екі ел арасындағы өзара тиімді, дәстүрлі достық қатынастарды одан әрі дамытуға дайындығын растады. Ол Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа және барлық қазақстандықтарға халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асыруда табыстарға жетуге ізгі тілектерін білдірді.

Екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, көлік-транзит, туристік және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты арттыру келешектері талқыланды.

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика