Халықаралық интеграция

Global Silk Road: Жібек жолы елдері қалалары мэрлерінің форумы қалай өтті

Астанада Global Silk Road Жібек жолы елдері қаласының мэрлері форумы өтті. Іс-шараға 60 елден 3000 астам қатысушы тіркелді, оның 73-і Жібек жолы қаласының мэрлері, 30 саяси лидер, 200 ірі сауда-өнеркәсіп палатасы мен әлемнің трансұлттық компаниясы, 150-ден астам спикер мен модераторлар қатысты. Екі күнге созылған форум аясында бірқатар келісімдер жүзеге асырылды.
Астана қаласы04 Шілде , 09:49

20 жыл ішінде Астана территориясы 3 есеге ұлғайып, салынып жатқан тұрғын үйлердің көлемі 19 есеге, ал халық саны 3 есеге өсті. Форумя  аясында Астана қаласы Әсет Исекешев бас шаһардың  20 жылдағы жетістігімен бөлісті.

«20 жыл бұрын Мемлекет басшысы елдің астанасын Астанаға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Ол бір қиын-қыстау кезеңдер мен әлемде қаржы дағдарысы болып, елдің экономикалық ахуалы да күрделі жағдайда еді. Осы 20 жыл ішінде Президент осы қаланы жасап шықты. Барша ел, барлық аймақ Елбасының басшылығымен осы Астананы салып шықты», – деді Әсет Исекешев.

Ә. Исекешев Астананың әлемдегі ең жылдам өсіп келе жатқан қала екенін және әлемдік масштабтағы өте сәтті урбанистік жоба деп есептей беруге болатынын айта кетті.

«Астана қандай жетістіктерге ие? 20 жыл ішінде қала үш есеге ұлғайып, адам саны 1 миллионнан асты. Қазір де жыл сайын Астанаға 50 мыңнан 100 мыңға дейін адамдар көшіп келіп жатыр. Қаланың аумағы үш есеге өсіп, салынған үйлердің көлемі 19 есеге артты. Соңғы үш жылда астанада 2 млн шаршы метрден астам тұрғын үйлер берілуде. Қаланың аймақтық өнімнің өсімі 18 млрд долларға жетті, яғни 200 есеге, 20 жыл ішінде 5,5 есеге өскенін білдіреді», – деді Астана әкімі.

Астана әкімі инвестиция көлемі 20 жыл ішінде 47 млрд доллардан асқанын, өткен жылы инвестиция көлемі рекордқа жеткенін, яғни 3 млрд доллар, оның 600 млн доллары тікелей шетелдік инвесторлар құйғанын атап өтті.

 «Астананың мұнайлы және өнеркәсіп аймағы емес екенін ескергендіктен, инновация менбизнесті дамыту маңызды болды, өнімдішығарудың көлемі 12,6 млн доллар және қала экономикасының құрылымындағы шағын және орта бизнестің үлесі 57 % өсті», – деді ол.

Сондай-ақ, халықаралық форум шеңберінде өткен «Тірі және тұрақты қала: әріптестік пен инновацияның арқасында болашақты қамту» дөңгелек үстелінің қорытындысы бойынша Астана әкімі Әсет Исекешев Жібек жолы елдері қалаларының мэрлер клубын құруды ұсынды.

Бас қала әкімі Астананың белсенді әріптестікті кеңейтуге дайын екендігін мәлімдеді. 

 «Мен форумның жұмысы өзінің оң нәтижесін береді деп сенемін. Расында қазір президент, үкімет деңгейінде Жібек жолын қайта жаңғырту туралы көптеген конференциялар өтуде. Біз Жібек жолындағы қала деңгейінде белсенді әріптестік пен диалогты кеңейтуге дайынбыз. Сіздердің екіжақты және көпжақты форматқа ие ұсыныстарыңызға ашықпыз. Бізде де бірнеше идеялар бар. Оған да кері байланыс болады деп үміттенемін», – деді Әсет Исекешев.   

Бұдан басқа, Астана әкімі Жібек жолы елдерінің қала мэрлер клубын құрудың маңыздылығын айта кетті. 

«Бізге Жібек жолы қалалары мэрлерінің институттық клубын құруымыз керек. Әзірге оның құрамына барлық қала кірмеуі мүмкін. Бірақ бізге келіп қосыларына сенімдімін. Осылайша біз түрлі елдер мен қалаларда мәдениет, спорт, смарт-технологияны дамыту, транспорт жөнінде тек қана мэрлер деңгейінде ғана емес, мамандармен де шаралар өткізер едік. Бұл бәрімізге де тиімді болар еді», – деп мәлімдеді. 

Сондай-ақ Әсет Исекешев Жібек жолы елдері қалаларының ақпараттық-талдау ресурсын құруды ұсынды. 

 «Мен ақпараттық талдау ресурсын құруды ұсынамын. Онда түрлі қалалар туралы, үздік тәжірибе мен оқиғалардың күнтізбесі ұсынылар еді. Сол күнтізбенің арқасында біз іс-шаралардың қайда, қашан болатынын біліп, қатысар едік», – деді Астана әкімі. 

2-3 шілдеде Астанада Global Silk Road Жібек жолы елдері қалаларының мэрлерінің форумы өтуде. Қатысушылар «Белдеу мен жол» бағдарламасын талқылап, аймақтық экономикалық әріптестіктің жаңа механизмін дайындауды, тартылған елдердің экономикалық гүлденуіне дем беру, мәдени алмасуды және барлық салада байланысты күшейту және де бейбітшілік пен тұрақты дамуды ұсынады.

Форум аясында  Астана әкімі Әсет Исекешев пен Халықаралық жасыл технология және инвестициялық жобалар орталығының басшысы Рәпіл  Жошыбаев инвестиция тарту арқылы инвестициялық жобалар мен жасыл технологияларды енгізу бойынша өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойды. Оның ішінде халықаралық, яғни астанаға үздік практиктер мен жасыл технологияларды енгізу де бар.

Құжатқа қол қою Астана әкімдігі ұйымдастырған Global Silk Road Жібек жолы елдері қалаларының мэрлер форумында жүзеге асты.

Орталық ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған, оны БҰҰ бас ассамблеясының 70-ші мерейтойында мәлімдеген болатын. Орталық «Болашақтың энергиясы» тақырыбында ЭКСПО-2017 көрмесінің инфрақұрылым базасындағы интеллектуалды және әлеуетті мұрасы ретінде құрылған.       

Айта кетейік, кеше Халықаралық жасыл технология және инвестициялық жобалар орталығы ірі ұйымдар «Ғылым қоры» АҚ, Tech Garden, Cleantech Latvia автономды кластер қоры және халықаралық ислам бизнесі қауымдастығымен әріптестік туралы меморандумға қол қойды.   

Қазақстан және ТМД қалалары үшін жасыл технологияны кешенін игеру негізгі фактор, онда қала салуда және тұрақты сәулеттің халықаралық озық стандарттарын енгізуде техногенді жүктемені төмендету, жасыл инфрақұрылым, энерготиімділікті арттыру, таза және автономды энергия көздеріне ауысу, тұрмыстық қалдықтарды бөлек шығару, экологиялық комфортты жоғарылату мен тұрғын үй-коммуналдық қызметтерінің сапасын жақсарту. Осындай өлшемдер қазір ақылды қалалар концепциясыа –  Smart City-ге бірігуде.

Сондай-ақ, форум қорытындысы іспеттес және Ресей елінде өтіп жатқан «World Cup Russia 2018» футболдан Әлем чемпионатын қолдау мақсатында Жібек жолы кубогы үшін футболдан жарыс өтті.

Жолдастық кездесуде мэрлер құрама командасы мен халықаралық Ислам іскерлік қауымдастығының құрама командасы кездесті. Жібек жолы кубогының ашылу салтанатында сөз сөйлеген Елорда әкімі Әсет Исекешев жолдастық кездесуге жиналған қос құрама команда мүшелерін қошеметтеп ойында сәттілік тіледі.

«Баршаңызды Астана қаласының 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Жібек жолы бойындағы қалалар мэрлерінің форумы аясында көптеген шаралар өтті. Ал бұл спорттық мереке форумның әдемі қорытындысы деген ойдамын. Ойын сәтті өтсін. Баршаңызға жеңіс тілеймін», - деді Әсет Исекешев. 

Ойын алдында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны тыңдалды. Ал Әсет Исекешевке Ислам іскерлік қауымдастығының құрама командасы атынан команда капитаны, танымал футбол жұлдызы Вагиз Хидиятуллин доп сыйлады және осы құрама сапында футбол жұлдыздары Руслан Нигматуллин, Андрей Канчельскис, Ринат Дасаев бар. 

«Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен Жібек жолы кубогы болып жатыр. Қос құрама жарысқа дайын. Мэрлер құрама командасы сапында Елорда әкімдігінің қызметкерлері де ойнайды. Жалпы әкімдік қоғамдық спортты дамытуға көп көңіл бөлуде, қала әкімі бас болып, әкімдік қызметкерлері қолдап спортты жанына серік еткен. Жақсы ойын көрсетеміз», - деді «Астана Су Арнасы» МКК-ның Бас директоры Зейнулқабден Табиғат.

Әр құрама команда сапында 20 ойыншыдан бар. Футболшылар 20 минуттан тұратын екі тайм ойнады, арасында 5 минут демалыс берілді. Ал ойыншы алмастыру еркін түрде жүрді. Жолдастық кездесудің аты затына сай болып ойын тең аяқталды, есеп 2:2. Қос құрама мүшелеріне бүгінгі футбол мерекесінен естелік ретінде сыйлықтар берілді.

Аягөз Құрмаш

 




Яндекс.Метрика