Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Германия ынтымақтастығы: нақты жоспарлар мен жобалар белгіленді

Қазақстан мен Германия Үкіметтері ҚР-дағы неміс этносын қолдау жөніндегі нақты жоспарлар мен жобаларды белгіледі. Күн тәртібінде «Возрождение» қазақстандық неміс бірлестігі» қоғамдық қорын және Қазақстандық неміс жастары одағын қолдау, сондай-ақ олардың Германиядағы серіктес ұйымдармен өзара әрекеттесу мен қазақстандық оқу орындарында неміс тілін дамыту мәселелері талқыланды. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Астана қаласы29 Маусым , 12:49

Тараптар аграрлық саясат, экономика, қосарлы білім беру және ауылдық жерлерде цифрландыру негіздерін дамыту бойынша ҚР мен ГФР арасындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.Қазақстан тарапынан Комиссияның тең төрағасы, Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко қазақстандық немістер мен Қазақстаннан Германияға қоныс аударған немістердің ерекше рөлін атап өтті.

«Олар екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамытуда белсенділік танытады деп сенеміз, сондықтан өзара байланысты жан-жақты қолдауға ұмтыламыз, өйткені олар екі мемлекеттің халықтарын жақындастыруға үлкен үлес қосуда. Оған қоса, бұл тұлғалар екі мемлекет арасындағы барлық бағыт бойынша ынтымақтастықтың тереңдеуі мен нығаюына ықпал ететін «жанды көпір» болып табылады», – деді Р. Василенко.

Отырыстың маңызды мәселелерінің бірі Қазақстан азаматтары үшін виза тәртібінің жеңілдетуі болды.

«Өздеріңіз білетіндей, 2017 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан 45 мемлекет, соның ішінде Германияның азаматтары үшін виза тәртібін біржақты алып тастады. Бұл қоныс аударушыларға Қазақстандағы жақындары мен туған-туыстарына жиі келіп тұруға мүмкіндік беріп, сондай-ақ Қазақстан мен Германия арасындағы қарым-қатынастарына жаңа жағымды серпін болды. Осыған байланысты неміс әріптестерімізді Қазақстан азаматтарына  виза беру тәртібін  жеңілдету мүмкіншілігін қарастыруды  шақырамыз. Бұл қалыптастырып жатқан «ынтымақтастық көпірін» нығайтуға және «people to people» мен «business to business» форматындағы өзара әрекеттестікке жаңа күш беретін болады», – деді дипломат.

Министрдің орынбасары Комиссияның жаңа тең төрағасы, Федералдық үкіметінің қоныс аударушылар мен аз ұлттар істері бойынша уәкілі, Бернд Фабрициусты жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтап, ҚР мен ГФР халықтарының игілігі үшін ары қарай өзара нәтижелі қызмет етуге үміттенетінін білдірді.

Б. Фабрициус өз баяндамасында Германия үкіметінің Қазақстандағы неміс диаспорасына мәдени-гуманитарлық жобалар арқылы, атап айтқанда, неміс тілін дамыту және танымал ету арқылы мақсатты қолдау көрсету ниетін атап өтті. Неміс саясаткерінің айтуынша, биылғы жылы бұл мақсат үшін Германияның қаржылық көмегі 2,15 миллион еуроға дейін артады.

Сонымен бірге, ол ынтымақтастықтың экономикалық аспектісін атап өтті, оның шеңберінде неміс диаспорасы өкілдерінің қатысуымен шағын және орта бизнеске (ШОБ) қолдау көрсетілетін болады.

Өз кезегінде «Возрождение» қазақстандық немістер қауымдастығы» қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесінің Төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Альберт Рау 2017 жылғы Комиссияның отырысында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылуы барысы туралы хабарлады. Сонымен бірге, Қазақстан Үкіметі Комиссия жұмысына және Қоғамдық қордың қызметіне жан-жақты қолдау көрсететін атап өтілді.

«Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында Қазақстандағы этникалық немістерге қолдау көрсетілуде, бірақ әлі де қиыншылықтар бар», – деді ол.

Оның айтуынша, қазақстандық немістерінің ұлттық бірегейлікті сақтаудың ең өзекті мәселелерінің бірі – ол неміс тілін дамыту болып табылады. «Оқу жоспарларға сай келетін өзекті заманауи оқылықтарды жасау қажеттілігі мен неміс тілінен сабақ беретін мұғалімдердің жетіспеушілігі сияқты қиыншылықтарға байланысты неміс тілін оқытуды қалпына келтіруге қарағанда қазақстандық мектептерде неміс тілін оқытуды жою оңай болып көрінді», –атап өтті депутат.

«Алайда, білім берудің мемлекеттік стандартына жоспарланған өзгерістерге сәйкес,  осы жылдан бастап 1-ші сынып оқушылары шет тілін, оның ішінде неміс тілін, таңдау құқығына ие болады деп күтілуде.  Оған қоса, Білім және ғылым министрлігі биыл «неміс тілі мұғалім» мамандығы бойынша гранттардың санын 8-ден 50-ге дейін көбейтті», – деді ол.

Кездесу барысында қатысушыларға мен мемлекеттік органдары мен ведомстволарының өкілдерінің өткен жылғы кездесудің уағдаластықтарын жүзеге асыру туралы баяндамаларын ұсынылды.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше,   Қазақстанда тұратын этникалық немістерге қолдау көрсету бойынша қосымша шаралар мен жобаларды көздейтін мағыналы бірлескен Коммюникеге қол қойылды.

Айта кетейік, Қазақстанда тұратын этникалық немістер жөніндегі қазақстан-герман үкіметаралық комиссиясы 1996 жылғы
31 мамырдағы Үкіметі мен Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының неміс ұлтты азаматтарына қолдау көрсету саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес құрылған.

2009 жылғы соңғы халықғының санақ қорытындысы бойынша Қазақстандағы неміс қоғамдастығы 178,2 мың адамды құрады, ал ГФР Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша, Германияда тұратын қазақстандық қоныс аударушылардың саны – шамамен 925 мың адам, бұл тиісінше ҚР мен ГФР халықтарының 1 пайызын құрайды.




Яндекс.Метрика