ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

15-ші ҰБТ-ның нәтижесі қандай

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу 15- мәрте өткізілді. ҰБТ-ның биылғы нәтижесі мен қалай ұйымдастырылғаны туралы ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов мәлімдеді.
Астана қаласы29 Маусым , 11:21

Биыл ҰБТ 167 бекетте өткен. Оның ішінде 3 бекет коллеждің базасында, 116 бекет мектептің базасында және 48 жоғары оқу орнының базасында орналасқан.

«Жалпы,өтініштердің саны   102 447-ні құрады, оның ішінде  77 224-сі,  яғни   75 пайызы қазақ тілінде,  25 177 орыс тілінде,  46 өтініш ағылшын тілінде түскен», - деді Р.Әлімқұлов.

Ол айтып өткендей, биыл ағылшын тілінде ҰБТ тапсыру мүмкіндігі алғаш  рет  ұсынылып отыр. 

«46 өтініштің ішінен ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсырғандар саны    27-28  адамды құрады,  Астанада  5, Атырауда  7, Шымкентте  6 және т.б  өңірлерде  тапсырды , орташа балл 84,5. Қазақстан бойынша ҰБТ-дағы орташа балл  83,1-ді  құрады. Былтыр бұл көрсеткіш  80 ұпайды құраған еді», - деді ол.

Ол айтып өткендей,  102 447 адамның ішінде  98 698 адам ҰБТ-ға қатысқан.

«Бұл көрсеткіш   96 пайызды құрады. Былтыр  қатысушылардың саны  95 пайызды құраған болатын. Биыл  1 пайызға  өсім бар. Шектеу балды алған түлектер саны  84605 адам, ол  85 пайызды құрады. Ал, шектеу  ұпайды жинай алмағандар саны 14 633 түлекті құрады. Яғни, 14 пайыз. Былтырғы статистикамен салыстырғанда  ол  1 пайызға өсіп отыр», - деді ол.

Сонымен қатар,  ҰБТ-дағы  ең жоғарғы  балды (140)  25 маусымда Қазақ  Ұлттық Аграрлық университетінде тест  тапсырған  алматылық  Шиара Құдайбергенова алды.

Оның айтуынша,   ҰБТ штаттық режимде өтті. ҰБТ қорытындысы бойынша қала, облыс бойынша рейтинг жасалмайды.

«Министрліктің ұстанымы бар. Үкімет отырысында өңірлерде ҰБТ нәтижелері бойынша рейтинг жасап, мектептердің білім беру сапасын анықтауға болмайтыны айтылған болатын», - деді ол.

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика