Ұлт денсаулығы - табысты болашағымыздың негізі

Ж.Зекейұлы: Біз медициналық туризмді бастап кеттік

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында осыдан алты жыл бұрын медициналық туримзді дамыту керегін айтқан болатын. Оның сыртында әр жиын сайын, дәрігерлік көмектің, емдеудің сапасын арттыруды сала мамандарына тапсырып келеді. Жақында Астана төрінде ірі халықаралық дәрігер ғалымдардың қатысуымен ел медицинасын ілгері сүйреп, әлемге танытуға талпынған ауқымды шара өтті. Оны белгілі профессор, академик Жасан Зекейұлы өз қаржысына ұйымдастырыпты. Дәрігер-ғалым Жасан Зекейұлы қазіргі біздің медицинаның ахуалы, медициналық туризм және бүгінгі таңдағы өршіп тұрған кеселдер туралы әңгімелеп берді.
Астана қаласы25 Маусым , 17:04

- Күні кеше ғана классикалық  және комплементарлық  медицина туралы ауқымды деңгейде шетелдік  профессор-ғалымдардың қатысуымен конференция өтті. Енді осы тұрғыда алғашқы сұрақ. Бізде классикалық медицинаға жетудің қандай алғышарттары бар?Оны дамыту үшін не істеу керек? Жалпы, классикалық медицина дегеніміз кешенді түрде емделетін  адам жағдайына мейлінше ыңғайланған  медицина ғой?

- Классикалық дегеніміз кластер  ұғымынан шыққан. Оның ауқымына дәстүрлі, дәстүрлі емес, платискалық  медицина кіреді. Бір клиниканың ішінде ота жасалатын бөлмесі де, терапиясы да, шығыс медицинасы  бар жүйені  классик жүйе дейді. Дамыған Америка, Жапония, Қытай мен Еуропа елдері осы классикалық жүйені қолданады. Бір ауруханаға келеді де, әр жерді аралап жүрмей диагностикасын да, емдеуді де, басқасын да сол жерден табады. Медицинаны бөлмей, ортақ жүйелі түрде әрі кешенді емдеу медицинасын қалыптастыру керек. Кластерлік жүйе - науқастың  ұлтына, қай мемлекеттің азаматы екеніне немесе әлеуметтік санатына қарамауы керек. Жалпылама айтқанда кластерлік медицина бізге соншалықты жат, жаңадан келген ұғым емес. Біздің ата-бабаларымызда да қан алуы, шөппен емдеу, сынық салу секілді тәжірибелер болған. Бұл классикалық медицинаға жатады.

Классикалық медицина ғылыммен дәлелденген емдеу әдіс-тәсілдерін тәжірибеде өте жоғары сапада орындау. Ал комплементарлық медицина дегеніміз – емдеудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін тәжірибеде қолдану арқылы емдеу. Мейілінше науқасқа ота жасатпай, оны емдеудің басқа альтернативті жолдарын қарастыру. Бүгінгі таңда біз осы екі саланы да қатар алып келе жатырмыз. Өйткені, комплиментарлық медицинаны дамыту арқылы, классикалық деңгейге көтерілуге болады. Бір ауруханаға немесе емханаға келген адам, сол есіктен ауруына қажетті барлық ем-домын алып бірақ шығуы тиіс. Өзі науқас адамды әр есікке бір қуалауға болмайды.

- Ал осыны қазір біздің медициналық мекемелер, дәрігерлер атқара алып отыр ма?

- Өкінішке қарай, көп жағдайда істей алмай отыр. Ол маманға да, оқу жүйесіне де байланысты. Бұрынғы советтік кезеңдегі адамдар комплементарлық медицинаны қабылдай алмай жатыр. Олар өздері шығыстық медицина менен қазақтың халықтық медицинасы арқылы адамды емдеуге болатынын біледі. Өздері соларға науқастарды жібереді. Бірақ, оны ресми түрде мойындап, қабылдай алмай отыр. Себебі, олардың оқыған білімі, тоқыған теориясы келмейді. Олардың теориясы анатомия, қолды қол, басты бас қылып зерттейді, емдейді. Бітті. Организмді тұтас зерттеу жоқ. Шығыстың ғұламалар Әл-Фараби, Лұқман Хәкім т.б.. содан кейін, мына Жапон, Қытай, Кәріс дәрігерлері науқасты бұтын-бұт, қолын қол ғып қарамайды, олар адамның ағзасын тұтас қарайды. Адам организмін жетік білу үшін, оны тұтас тұлға деп қарау керек. Шығыс медицинасы - адамды жан және тән деп қана екіге бөледі. Жан мен тәнді бірдей емдеп айықтырғанда ғана, ол адамды толық сау адам деп есептеледі. Тән дегенде ол мысалы, бір адамның қолы сынып кетті, соны салды, бірақ оның нерві қысылып, жұмыс істемей қалды.  Оны жазылды деп үйіне жібермейсің ғой. Сүйек орнында тұр, алайда денесі істемейді. Тағы да мысал, инсультті емдейді,  10 күн ішінде қан тоқтап қалады. Қан тоқтатын система, уколын береді, температурасын басады, жамбасқа қысымы көтерілмесін деп  укол егеді. Сонымен, бітті! Одан кейін, адамның ағзасы күшті болса біртіндеп өз-өзіне келе бастайды. Бірақ, инсульт алған адамның беті, жарты денесі немесе түгел денесі салданады. Тұра алмайды, жүре алмай қалады. Сөйлей де алмайды. Дәрігер оған ештеңе істей алмайды, тіліңді шығарып берейін, қолыңды жандандырайын демейді. Міне, Шығыс медицинасының құдіреті сол – әлгі сал боп қалған науқастың клаткаларын тірілту арқылы, оның ағзасын күшейтіп, қалпына тез келуге көмектеседі. Сондықтан, мемлекеттік мекемелерде тиісті емін алған науқасты, енді оңалту үшін мемлекеттік тапсырыс бойынша инемен емдеу орталығына жіберу керек. Олар жібермейді. Әлгі науқасқа тағы біраздан кейін кел дейді. Тағы да сол система, дәрі, укол, химия құяды.

- Жіберген жағдайда не істейсіздер?

- Біз инсульттан тұрған науқасты жан сақтау бөлімінен кейінгі ем домын алған соң өзімізге қабылдар едік. Инемен, уқалаумен және басқа да тиісті емдер қолдану арқылы науқастың сал боп қалған мүшелеріне жан бітірер едік. Бұл бос сөз емес. Осындай жағдайлар болғаннан кейін, басымыздан өткеннен кейін айтып отырмын. Бір сыйласатын кісі аяқ астынан инсульт алып, аурухананың жан сақтау бөліміне түсті. Барып жағдайын білдім. Әрине, ондай жағдайда ауруханадағы дәрігерлердің істеп жатқандары өте дұрыс. Менің айтып отырғаным ауруханадан кейінгі процесс. Әлгі кісінің көрер жарығы бар екен, отадан кейін, әртүрлі дәрілерді құйып, бетін сәл бері қаратып үйіне шығарып қойды. Адамның бір жағы түгел істемейді, тіл жоқ, сөзі мүлдем жоқ. Тіпті, өз бетімен дем ала алмайды, кішкентай трубка тығып қойған. Бізге келді  1 курста бүкіл инсультқа қажетті барлық жұмыстарды жасадық. Ол есін толық жинады, сөйлеген сөзін  100 пайыз толық түсінетін болдық. Дауысы сыбырлап шыға батсады. 10 күннің ішінде қолының ұшы қозғала бастады.  10 күн демалысқа жібердік, екінші курстан кейін, өзі тұрып, таяққа сүйеніп жүре бастады. Үшінші курста өзін өзі толық бақылай алатын адам қалпына келді. Міне, бұл біздің отадан кейін бірден жедел кірісіп, тиісті ем-домын бергеніміздің арқасы. Егер шығыстық әдісті қолданбаған кезде басқаша болар еді,  3-4 жыл төсек тартып жатып қалатын еді. Ал міне осындай науқастарды бейімдеуге біздерге тендер немесе мемлекеттік тапсырыс берілмейді. Кешегі үлкен халықаралық конференцияны өткізіп отырған себебіміз де сол. Яғни, қоғамның назарын аударту.

Бір ауруды емдеген кезде, оның салдары келесі ауруды туғызбайтын болуы керек. Оны халыққа қолжетімді етуіміз керек. Осылардың барлығы қосылып келіп, үздік клиниканың талаптарын стандарттайды. Бізге үздік клиника деген мәртебе берді. Тізімде бармыз. Оны Оксфорд әлемдік медицина бірлестігінің президенті  2016 жылы өзі берген. Өткен конференцияда біз соны нақтылап, өзімізді көрсеттік. Астана, Алматы және Шымкентте біздің клиникалар халықаралық деңгейде емдей алады деген мәртебесі бар. Халықаралық стандартқа адамды толық жағдай емдеп шыға алатын клиникалар ғана енеді.

- Халыққа медициналық қызмет көрсетіп жатқан мемлекеттік мекемелерден бөлек, жеке меншік клиникалар да көп. Бұлардың бәрі сапалы қызмет көрсетіп отыр дей аласыз ба?

- Олардың көпшілігі арнайы стандарттаудан өтпейді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің лицензиясын алмайды. Олар да сол мемлекеттік мекемелерде істейтін қызметті істеп береді, системасын салады, уколын береді, шағын бөлмеде кішігіріп отасын жасайды. Бітті. Тіпті кейбірінде санитарлық талаптар да жоқ. Шыны керек, көпшілігі халықтың  қалтасын қағып, стандарт бойынша жұмыс істеп жатқан медицина орталықтарының абыройын түсіріп жатыр. Оларды  бізден ажырату үшін мына  конференция жақсы болды. Халық классикалық, комплементарлық, шығыс медицинасы не деген түсінік алып, ақпарат  жинады. Ол тұңғыш рет өткізіліп отырған шара. Жылына бір рет өтетін дістүрге айналған шара болуы  мүмкін. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарында осы жеке меншік медицинаны, емханаларды дамыту туралы айтылған. Біз мінеки, жеке меншік клиникалардың арасында алғаш болып осындай ірі деңгейде әлемнің мен деген ғалым-дәрігерлері қатысқан халықаралық конференция ұйымдастырып отырмыз. Алғаш болып өзіміздің клиникамызды халықаралық деңгейге көтеріп, шетелдердің азаматтарын қабылдап жатырмыз. Міне, жеке меншік емханалар егер расында халықтың саулығы үшін жұмыс істеп жатқан болса, оындай жариялылық болуы керек. Әйтпесе, көпшілігінің кеңселерінің өзі жалдамалы пәтерлер, жертөледе әйтеуір, қайда болса сонда жүр. Біз еліміздің ең ірі үш қаласы – Астана, Алматы және Шымкенттен өз бөлімшелерімізді ашып қойдық.

- Конференцияның бір үлкен тақырыбы медициналық туризм. Бізде медициналық туризмді дамытуға қандай жағдайлар бар? Жалпы, өзіңіз қандай үлес қосып отырсыз?

- Жаңа айттым, біз басқа елдердің азаматтарын да қабылдап жатырмыз деп. Яғни, медициналық туризм бізде  басталып кеткен. Әлемнің дамыған елдері өз кірістерінің 30-40 пайызын осы туризм саласынан тауып отыр. Адам жаны рахат табатын, емделетін жерге ғана барады. Қазір қалталы адамдардың көп бөлігі Сингапурге барады. Өйткені, онда бизнестің майын-тамызып отырған адамдар, сол жердегі жағдайдың, талаптың жеңілдігіне байланысты орталықтар ашып алған. Ол жергілікті тұрғындар емес, барлығы шетелдік азаматтар. Ішінде қазақстандық азаматтар да бар. Сингапур ең мықты мамандарды жинайды. Мысалы, ота жасату керек болған адам, бізге сенбей, сол жаққа барып, 20 мың долларға ота жасатып келеді. Ол бір жағынан үгіт-насихат, ақпараттандыру мен менеджерлердің жетіспеушілігінен болып отыр. Біз сол жағын дамытуымыз керек. Адам үшін жан тәтті. Денінің саулығы үшін адам баласы бармайтын жеріне баратын, баспайтын жерін басады. Соны біз игеруіміз керек. Адамдарға толық, кластерлік, комплементарлық, классикалық, шығыс емдерін қолдана отырып, емдеп шығаруымыз керек. Мысалы бізге Дубай, Еуропа елдерінен, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстаннан келіп емделгендер бар. Олар дұрыс емделген соң өздерінің жақсы пікірлерін қалдырып жатыр. Міне, сол жанына сауға іздеп келген науқастарға жылы қабақ танытып, мейілінше мейірімді болып, тәнін емдеп, жанына сая берсек, міне медициналық туризм сол кезде дамиды. Әйтпесе, мәселен Бурабайды, басқа да әсем жерлерді келісітіріп қойдық. Қазір олардың бағасы шетелден де қымбат. Жазда біраз уақыт істемесе, қыста бос тұр. Ол тактика, әдістің болмағанынан  болып отыр. Біз халыққа беруіміз керек. Туризмді дамыту үшін, медицинаны түзеп алу керек. Осыдан басталады. Қазір біздің азаматтарымыз Израиль, Оңтүстік Корея, Қытайға ем алу үшін кетіп жатыр. Олар қайтып келіп, біздің арамызда сол емделген елдерін жарнамалап жатыр. Біз оған түк те істей алмаймыз. Менің байлығым-халқымның денсаулығы. Халқымды қорғау үшін Алла маған күш-қуат берді.

- Соңғы кезде сізге қандай ауруды емдеуге келеді?

- Қазір ауру жасарып кетті. Омыртқа аурулары, оның қисаюы бұрын 60-70-ке келген адамдарда болатын. Қазір 15-тен енді асқан, 30-ға жетпеген жастардың омыртқаларында дәз бар. Бел омыртқаларының жарығы, қисаюы, бел қызметінің істемей қалуы, компьютер алдында көп отырудан, қимыл-қозғалыстың аздығы мен дұрыс тамақтанбаудан болады. Ең бастысы салауатты өмір салтын сақтау керек. Яғни, тамақ ішкен кезде қоп-қою қылып шәймен қосып ішеміз. Ал, ол асқазанның бетін шәйдің бір қабатты бетін шайып тастайды да денеге қажетті дәрумендер шайылып кетеді. Адам, одан әлсіреп, сүйекке баратын кальция азаяды. Күнге де аз шығады. Бұрын бұлақ суына түсіп, күнге қыздырынатын. Бұрын ата-бабалармыз қозы мен тай сүйегін қосып қайнатып, сіңір ботқа етіп жеген. Ол адамның сүйегін қатайтады, қажетті дәрумендермен қамтамасыз етеді. Омыртқа арасындағы сіңірлер қалпына келеді.

Сосын, белсіздік. Үйленген жігіттердің 30-ға пайызға жуығы белсіздікке шалдыққан. Ол ер жағынан, әйел жағынан да болып отыр. Бұрын Жапонияға барғанда таң қалған едім. ЭКО жасатуға тұрғандардың тізімін көріп сұрадым, неге бұлай деп. Сондағы дәрігерлер айтты, жастардың дені белсіздікке шалдыққан, өздігінен, табиғи жолмен бала бітіре алмайды деп. Міне, сондықтан аталық, аналық ұрықты аппаратпен салып береді. Қазір, сол сұмдық өзімізге де жетті. Бұған басты себеп, экология, тамақ болып отыр. Химиясы көп тамақты қолданып, экологиялық таза, табиғаттың қайнар көзінен тамақтанудан алыстап барамыз. Адамзат - Жер шарының көшірме нұсқасы. Жердің  70% судан тұрады. Адам ағзасының  да  70% су. Осы тепе-теңдік бұзылып бара жатыр. Адамдар тұрмыстық жүйедегі суды көп пайдаланбай, химияны көп тұтынуы белсіздік, сүйектің әлсіздігіне әкеліп отыр. Бұл Кәрі құрлықта үлкен проблема болып отыр. Жапонияда бала көтеру үшін тапқан қаражатының көп бөлігін жұмсайды. Осы кешегі біз ұйымдастырған конференцияның негізгі тақырыптарының бірі - аурудың алдын алу. Біз көптеген аурулардың алдын ала алмай отырмыз. Адамдарда қан-тамырларының қартайып кетуі, қуық бездерінің микроб арқылы ісініп, жұмысқа жарамай қалуы, әр жерде тастардың пайда болуы, адамда тері ауруы пайда болған. Санитарлық талаптың дұрыс сақталмауына байланысты олар жұғып жатыр. Енді бірі тағамдағы химия көлемінің ұлғаюы болып отыр. Ауадағы электрондық ток атомдары адамның тері клеткаларын өлтіріп жатыр. Ол микробтан қорғана алмай, денесіне енгізіп алып отыр. Иммунитетті арттыру үшін жылына 3 курстан өту керек. Ауырмасаң да қан алдырып, өзін-өзі жаңа туған баладай жаңартып отыруы керек. Нервтік жүйенің аурулары көбейіп кетті. Пендешілік көбейіп, адамгершілік азайып барады. Мейірім жоқ. Бұл жалғаса беретін болса, бізге тоқырау келеді. Хадисте «егер адамдардың бір –біріне деген мейірімі жоғалса, сол кезде топан су басады» делінген. Бұрын материалдық жағдайы болмаса да, аталарымыз қандай рухани бай болды. Сол адамдардың рухани жаңғыртуын қайта әкелу үшін Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы уақытылы жүзеге асырылып отыр. Адамдарға жақындау керек, мейірім болу керек. Үкімет өкілдері, адамдардың барлығы мейірім арқылы жұмыс істеуі керек. Мейірім бар жерде мереке де, береке де болады. Халықтың батасын алған адам көп жасайды. Сондықтан адам барлығына тек жақсылық тілеуі керек. Ал, егер негативтік ойлар, істер басым болса, ол адамда улы гармондар бөлініп, оның ауруына, соңында өмірден озуына алып келеді. Адам өзінің әлі жетпейтін іске араласып алады. Өзінің кәсібіне, қанына, жанына жақын емес жұмысқа кіріседі. Біреудің жолына тосқауыл қояды. Өзі де істемейді. Кейін ол жұмысты істей алмаған соң, депрессияға ұшырайды. Ол жүрек ауруына, ми ауруына, жүйке ауруына ұшырайды. Сондай адамдар көбейіп кеткен. Невроз дейді. Ол төңірегіндегі адамдарды жаулап жатыр. Ол қанша адамға ұрсады, негативін төгеді. Сол ортадағы рухани байлықты құртады. Сондықтан да рухани жақтағы аурулар да емделеді. Тіпті, адамды ауырмаса да, сау денелі болып, жас болып жүруге ем жасалады.

- Сұхбатыңызға рахмет!

Дәулетхан ҚЫДЫРБАЙҰЛЫ




Яндекс.Метрика