Self made. Ғылым

Астанада кіші ғылым Академиясы құрылды

Елордадағы №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі мен «Мәскеу болат және қорытпа институты» (МИСиС) Ұлттық зерттеу технологиялық университеті басшылары екі жақты меморандум аясында осындай уағдаластыққа қол жеткізді. Өзара ынтымақтастық құжатына Астанада университеттің ғасырлық мерейтойына орай өткен қабылдау кеші барысында қол қойылып отыр.
Астана қаласы25 Маусым , 16:24

Кіші ғылым Академиясы «Дарын» лицейі базасында орналаспақ. Тиісінше Мәскеу болат және қорытпа институты қажетті материалдық-техникалық құралдармен жабдықтауды өз мойнына алып отыр.

 Академия дарынды балаларды ертебастан анықтап, ғылыми-зерттеу жұмысқа жұмылдыру, олардың шығармашылық қабілеті мен танымдық белсенділігін арттыру, мамандығын саналы түрде таңдауға септесу сияқты бірнеше мақсатты көздейді.
 
Жоба аясында ғылыми-зерттеуге ынталанған жас білімпаздардың бірлестіктері құрылып, жұмыстары қорғалады, ғылыми-практикалық конференциялар, байқаулар мен олимпиадалар өтеді. Сондай-ақ, арнайы дәрістер, тестілеу, оқушылардың білім деңгейін көтеретін семинарлар ұйымдастырылып, жүзден жүйрік шыққан оқушылар марапатталады.


 
 «Мәскеу болат және қорытпа институты» Ұлттық зерттеу технологиялық университеті әлемдегі іргелі ғылыми-білім беру орталықтарының бірі. Биыл құрылғанына 100 жыл толып отырған ірі ресейлік оқу ордасы құрамына 9 институт кіреді.
 
2013 жылдан бері университетке экономика ғылымдарының докторы Алевтина Черникова басшылық етеді. 2015 жылы ашылған «Дарын» лицейінде қазірде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді  тереңдеп  оқитын 615 оқушы білім алады. Лицейді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» ордені иегері,  білікті педагог Жамал Базарқұлқызы басқарады.     

 




Яндекс.Метрика