Мәдениетті жаңғырту

Мәдениет саласындағы үздік БАҚ өкілдері марапатталды

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсының қорытынды салтанатын өткізді. Республикалық конкурсқа 200-ге жуық материал келіп түскен. Сондай-ақ, министр мәдениет, спорт, туризм саласын бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді насихаттаған журналистерді марапаттады.
Астана қаласы25 Маусым , 10:06

Ереже бойынша ел аумағындағы БАҚ-та жарияланған журналистік еңбектердің мазмұны мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту, мәртебесін нығайту,  қазіргі мемлекеттік тілдің ахуалын таңдау және оған мониторинг жүргізуге бағытталған.

Конкусртың қорытындысы бойынша «Үздік мақала», «Үздік телебағдарлама», «Үздік радиобағдарлама», «Үздік сайт мақаласы» номинациялары бойынша жүлдегерлер мен бас жүлде иесі марапатталды. Бас жүлде қоры  1 млн, ал 1-ші орын иегерлері  500 мыңға ие болды.

Конкурсқа ұсынылған еңбектерді елімізге белгілі журналистер мен филолог ғалымдардан құрылған арнайы қазылар алқасы сараптап, жеңімпаз бен жүлдегерлерді анықтады.

Мәдениет министрі журналистерге  ел мүддесі үшін еткен еңбектеріне  алғыс білдіріп, мерекелерімен құттықтады.

«Баршаңызда алдағы кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. БАҚ өкілдері күнделікті  өмірде болып жатқан оқиғалар бойынша ақпарат беретін сенімді көз. Өз елінің өміріне белсенді араласатын журналистердің көзқарасы әрқашан шынайы, объективті болады», - деді А.Мұхамедиұлы.

Мәдениет және спорт министрі атынан Құрмет грамотасымен  7 журналист марапатталды.

Ал, мәдениет және спорт саласын белсенді насихаттағаны үшін алғыс хатқа  32 адам ие болды.

Мәдениет министрінен алғыс хат алған журналист Ая Өміртай өзінің аталмыш салаға келуі мен  еңбек жолы туралы айтып берді.

«Мен бұл салаға Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін тәмамдап келгеніме  3-4 жыл болды. Осы аралықта Мәдениет және спорт министрлігімен спорт, мәдениет тақрыбында көптеген проблемаларды шешу үшін бірігіп жұмыс істедік. Әріптестеріме  журналистиканың бүгінгі міндеттерін кәсіби шеберлікпен әрі қарай алып жүрулерін тілеймін.  Минисртрліктің журналистерді елеп, ескеріп ынтымақтасып жұмыс істеп жатқаны қуантады. Екі тарапқа да алғысым шексіз. Көптеген тақырыптарды жаздық, ЭКСПО  кезінде  біраз  шаралардың   ұйымдастырылуына министрлік мұрындық болды. Еуразиялық театр, би фестивалі басталып жатыр. Оның барлығы біздің  еліміздің имиджіне,  мәдениет саласын көтеруге жұмыс істейді. Осы орайда Мәдениет министрлігінің  алыс-жақын шетелдің мәдени ұйымдарымен бірлесе жұмыс істеуі жоғары деңгейде деп ойлаймын.Мереке құтты болсын», - деді Ая Өміртай.

Айта кетейік, іс-шараны мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті  және «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика