Цифрлы Қазақстан 2022

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының ресми сайты іске қосылды

Цифрлық экономика және жаңа технологиялар мәселелері күн сайын анағұрлым өзекті болуда және оны әр саладағы мамандар, сол сияқты қарапайым азаматтар талқылауда. Бірақ бұл таңғалатын нәрсе емес, себебі жаңа өнеркәсіптік-цифрлық төңкеріс адам өміріндегі барлық салаларға қатысты.
Астана қаласы21 Маусым , 16:09

2017 жылғы желтоқсанда Қазақстан Үкіметі цифрландыру бағдарламасын бекітті. Ол 2018-2022 жылдарға арналып есептелген және республикамыздағы экономиканы дамыту қарқынын жеделдетуге және  цифрлық технологияларды қолдану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Қызығушылық білдірген барлық тұлғаларға  «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында енгізілген жобалар туралы барынша қолжетімді және жан-жақты, толық түрде айту үшін digitalkz.kz ресми сайты іске қосылды.

Сайтқа кірушілер Бағдарлама туралы, оның бағыттары және жүзеге асырудың жол карталары бойынша толық ақпаратты таба алады, сондай-ақ  еліміздегі цифрландыру бағдарламалары аясында жүзеге асырылып жатқан барлық жобалар туралы біле алады.digitalkz.kz сайтында  Бағдарламаның әрбір бағыттарына арнайы тараулар бар.

Сонымен бірге, digitalkz.kz сайтының редакциясы әлемде өтіп жатқан цифрландыру  процестері туралы,басқа елдердің жаңа технологияларды енгізудегі тәжірибелері жөніндегі жетекші шетелдік БАҚ-тың танымдық мақалаларының аудармасын жариялайды

«Байланыстар» тарауында «Зерде» Холдингіндегі «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы жобаларының үйлестірушілері туралы ақпарат бар.  

Біз жаңа сайттың жұмысы бойынша, сондай-ақ «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша барлық  сұрақтар мен ұсыныстарды press@zerde.gov.kz. e-mail-да күтеміз.

Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына тіркелу арқылы  біздегі жаңалықтармен таныса аласыздар:

https://www.facebook.com/digitalkz.kz/ (Фейсбук)

https://www.youtube.com/channel/UCehcOeWn8qKP8xnFN8s6mXQ (www.youtube.com-дағы арна)

https://t.me/digitalkzkz (Телеграмдағы арна)

Айта кетейік, 2017 жылдың желтоқсанында Үкімет цифрландыру бағдарламасын бекіткен болатын.

 




Яндекс.Метрика