Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Мемлекеттік қызмет көрсету мен әкімшілендіру цифрлық форматқа ауыстырылады – Б.Сұлтанов

2018 жылғы 15 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің (МЖӘ) 212 шарты тіркелді, оның ішінде:610,7 млрд. теңге сомаға республикалық жобалар бойынша 4 шарт, 161,1 млрд.теңге сомаға жергілікті жобалар бойынша 208 шарт жасалды. Бұл туралы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов халық алдындағы есептік кездесуінде мәлімдеді.
Астана қаласы20 Маусым , 16:30

Министрің айтуынша,  есепті қаржы жылында мемлекеттік бюджетке кірістер 7 трлн. теңгеден астам соманы құрады. Жоспар 102,2%-ке орындалды, өткен жылға өсім 700 млрд. теңгені, немесе 11%-ті құрады.

«Шығыс бөлігі бойынша да рекордтық игеруге қол жеткізілді.Республикалық және жергілікті бюджеттердің шығыстары тиісінше 99,8%-ке және 99,6%-ке атқарылды, бұл өткен жылдың деңгейінен жоғары (2016 жылы РБ бойынша - 98,3%, ЖБ бойынша - 99,2%). Бұған тиімді бюджеттік жоспарлау және оны атқару есебінен қол жеткізілді», - деді Б.Сұлтанов. 

Бақыт Сұлтанов  бюджеттің басымдығы әлеуметтік сала болып қалып отырғанын атап өтті.

«Бюджет құрылымында әлеуметтік шығыстардың үлесі 2016 жылы 49,8%-тен 2017 жылы 51,5%-ке дейін ұлғайды, яғни бюджет қаражатының 50%-тен астамы әлеуметтік салаға бағытталды», - деді ол.

Министр мемлекеттік сатып алу мен бюджеттік жоспарлау саласына енгізілетін жаңашылдықтар туралы, сондай-ақ ведомствоның бизнес-процестерді жеңілдетуге және салық базасын цифрландыру және әкімшілендіру есебінен салықтардың жиналуын арттыруға бағытталған жұмысы туралы хабардар етті.

«Бюджеттік ақпараттың көпшілікке қол жетімділігін бағалау Бюджеттің ашықтығы индексімен өлшенеді.Бюджеттің ашықтығын зерттеуге Қазақстан оң серпін көрсете отырып, 2008 жылдан бастап қатысады.Мәселен, 2016 жылы Қазақстан орташа әлемдік көрсеткішті 42 балға көтере отырып, өз Бюджеттің ашықтығы индексін 53 балға дейін көтерді.Азаматтарды бюджет процесіне тарту үшін Министрлік бюджеттік құжаттардың азаматтық нұсқасын да жариялайды», - министр.

Ол айтып өткендей,  бюджеттік деректерді жариялау – бұл тек бірінші қадам екенін атап өту керек. Екінші, анағұрлым күрделі қадам азаматтарды бюджеттік мәселелерді талқылау процесіне тартуды білдіреді.

«Қоғаммен байланыс орнату үшін Министрліктің сайтында бюджет шығыстардың басым бағыттарын қоса алғанда, бюджетті жоспарлау және атқару мәселелері талқыланатын форумдар өткізу мүмкіндігі көзделген.2018 жылдан бастап жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің 4 деңгейі енгізілгенін сіздер білесіздер», - деді ол.

Министр  бірінші кезеңде 1062 жергілікті өзін-өзі басқару үшін өңірлердің жаңа алты мәнді коды берілді, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерінің қаражаттарын ақшаны бақылау шоттары ашылғанын айтты.

«Бұл үшін 2017 жылы өзара іс-қимыл жасасатын ведомстволармен бірлесіп өңірлерде топтық форумдар өткізілді, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкім аппараттарының 5075 маманы оқытылды.Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту бойынша үлкен жұмыс жүргізіп келеді», - деді министр.

Сондай-ақ, 2018 жылғы 15 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің (МЖӘ) 212 шарты тіркелген.

«Мемлекеттік қызмет көрсету мен әкімшілендіру цифрлық форматқа ауыстырылады.Бизнес-процестерді жеңілдету және жылдамдату үшін, біз жыл сайын автоматтандырылған рәсімдер үлесін ұлғайтып келеміз.Біз барлық уақытта фискалдық әкімшілендіруді оңтайландыруды жүргіземіз, қашықтықтан бақылауға калибрлеуді және баптауды өткіземіз. Тәуекелдерді басқарудың жаңартылған жүйесі тексерулер санын қысқартып қана қоймайды, сонымен қатар камералдық бақылау бойынша хабарламаның дұрыстығын арттырады», - деді министр.

Министр атағандай,  2016 жылы 77,9 мың тексеру жүргізілсе, ал 2017 жылы 42,9 мың ғана тексеру жүргізілді. Бұл 45%-ке аз.

«Биылғы жылы біз сондай-ақ тексерулер санын қысқартамыз. Сонымен қатар тексерулер сапасы мен тиімділігі жақсарды.Өткен жылдардың актілері бойынша өндіріп алуды ескере отырып, салықтық және кедендік тексерулер бойынша өндіріп алу 2016 жылы 64,7 млрд. теңгені, , 2017 жылы – 99,7 млрд.теңгені құрады.2017 жылы камералдық бақылау бойынша хабарламалар саны 72 мыңға немесе үш есеге қысқарды, бұл ретте 30%-ке немесе 31 млрд.теңгеге олар бойынша өндіріп алу», - деді ол.

2017 жылы тауарлардың кедендік құнына бақылау нәтижелері бойынша 63 мың кедендік құнның түзетулері жүргізілді, бұл ретте қосымша кедендік төлемдер мен салықтар 35 млрд. теңгеге өндіріп алынған.

«Сондай-ақ электрондық форматқа көшу және алдын ала верификация рәсімін болдырмау салдарынан қосылған құн салығын төлеушілер саны 11 мыңнанастамға өсті.Жанама, бірақ осы фактор қосылған құн салығы бойынша түсімдердің он бір проценттік ұлғаюына әкеп соқты. Экспорттаушыларға 612 млрд.теңгеніқайтаруға қарамастан қосылған құн салығы бойынша жалпы түсімдер 1 665 млрд. теңгені құрады», - деп атап өтті министр.

Б.Сұлтанов  министрлік Мемлекет басшысының және Үкіметтің мемлекеттік қаржыны тиімді пайдалану және оны нығайту бағытында айқындаған барлық міндеттерін орындауды жалғастыратынын айтты.

«Бюджеттік көрсеткіштердің тұрақты қалыптасқан жағдайын алдағы кезеңде де сақтауға барлық күш жігерімізді жұмсайтын боламыз, - деді ол.

Айта кетейік, Бақыт Сұлтанов залдағы азаматтардың, сондай-ақ өңірлердің тұрғындарының сұрақтарына және Қаржы министрлігінің электрондық почтасына түскен сұрақтарға да жауап берді.

Аягөз Құрмаш

 

 

 




Яндекс.Метрика