Шолу

«7-20-25» бағдарламасы аясында 200 млрд теңге ипотекалық несиелеуге жұмсалады – Ұлттық банк

200 млрд теңгені банктер «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде таяу жылы алады. Банктер оны ипотекалық кредиттеуге жұмсайды. Болашақта сома 1 трлн теңгеге жетеді. Бұл банктердің ипотекалық портфелінің ағымдағы көлемін 2 трлн теңгеге дейін екі есеге көбейтуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.
Астана қаласы12 Маусым , 12:16

Данияр Ақышевтың айтуынша,  инфляция осы жылдың бес  айында 2,04 пайыз болды. Бұл өткен жылғы осы кезеңдегі көрсеткіштен  3,03 пайызға төмен.

«Жылдық инфляция өткен жылдың соңындағы 7,1 пайызбен салыстырғанда мамырда  6,2 пайызға дейін төмендеді. Осылайша, инфляция деңгейі 5-7 пайыздық нысаналы дәлізге сәйкес келеді. Инфляциялық күтулердің төмендеуі байқалады. Инфляциялық процестердің баяулауы және осы үрдістің  орта мерзімді перспективада сақталуын бағалау базалық ставканы төмендетудің негізгі талаптарының бірі болып табылады. Осы жылдың басынан бастап 4 рет   10,25 пайыздан  9 пайызға дейін төмендетілді», - деді Д.Ақышев.  

Ол айтып өткендей,  2018 жылғы  5 айда  валюта нарығындағы  ахуал  тұрақты болды. Ұлттық валютаның бағамын белгілейтін факторлар оңтайлы қалыптасты.

«Осы жылы  теңге  жылдың басынан бері  11 маусымдағы жағдай бойынша  1 доллар үшін  333 теңге  8 тиынға дейін  0,04 пайызға шамалы әлсіреп, 1 доллар үшін  318 теңге  3 тиын  134 теңге аралығында  өзгерді . Ұлттық банктің алтын валюта резервтері  мамырдың соңында  31,02 млрд долларды, Ұлттық қордың активтері  59,02 млрд доллар болды», - деді ол.  

Д.Ақышев айтып өткендей,  халықаралық резервтер жыл басынан бастап,  1,4 пайызға немесе  1,3 млрд долларға ұлғайып,  90,4 млрд долларын құрады.

«Сәуірдің соңында банктердегі депозиттер  17,1 трлн теңге болды, олардың құрылымында Ұлттық валюта мен депозиттер  қаңтар-сәуірде  2,4 пайызға  9,4 трлн теңгеге дейін өсті. Нәтижесінде,  депозиттерді долларландыру  деңгейі сәуірде  45 пайызға жетті. Банктердің кредиттері  сәуірдің соңында  12,7 трлн теңге болды», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Данияр Ақышев айтып өткендей,  олардың құрылымында ұлттық валюта мен кредиттер қаңтар-сәуірде 1,3 пайызға   9,5 трлн теңгеге дейін өсті.

«Шетел валютасы мен  кредиттер  3,7 пайызға өсіп,  3,2 трлн теңгеге дейін төмендеді. Биыл  4 айда жаңа кредиттерді беру өткен жылғы сәйкес кезеңдермен салыстырғанда  814 млрд теңгеге ұлғайды. Кәсіпорындардың  теңгедегі  кредиттері   бойынша орташа ставка 2017 жылғы желтоқсандағы  13,2 пайыздан  2018 жылғы  сәуірде    12,2 пайызға дейін  төмендеді.  Бұл 2014 жылдың соңынан бері ставканың ең төмен мәні», - деді ол.

Сондай-ақ, Ұлттық банк төрағасы  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  бастамаларын іске асыру шеңберінде Ұлттық банк  экономиканы ұзақмерзімді кредиттеуді қамтамасыз ету бойынша жұмыс істеп жатқанын айтты.

«Ипотекалық кредиттеуді дамыту арқылы тұрғын үйді қолжетімді ету бойынша жұмыстар жасалуда. Банктердегі қор мерзімін ұзартатын құралдарды  заңнамалық деңгейлерді енгізу  жоспарында. Мысалы, жинақ депозиттерін енгізу банктерге   барынша ұзақ және болжамды қорландыру береді.  Ұзақмерзімді кредиттеуді ұзарту мақсатында мынандай іс-шаралар жүзеге асырылады: 200 млрд теңгені  банктер  «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде таяу жылы алады. Банктер оны ипотекалық кредиттеуге жұмсайды. Болашақта сома  1 трлн теңгеге жетеді. Бұл банктердің ипотекалық портфелінің ағымдағы көлемін  2 трлн теңгеге дейін екі есеге көбейтуге мүмкіндік береді», - деді Д.Ақышев.

Ол айтқандай, 200 млрд теңгені банктер  5 жылға  бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынының  қаражатын банктердің облигацияларына инвестициялау шеңберінде алады.

«Облигацияларды орналастыру  облигациялардың тепе-тең қатысуын қарастырады. Сондықтан да банктер тарту сомасын екі есе арттырады.  1,2 трлн теңгені банк секторының  тұрақтылығын арттыру  бағдарламасына   қатысушы банктер береді.   865 млрд теңге қайта қаржыландырылды. Оның ішінде  170 млрд теңге сомасына жаңа кредитер берілді.  654 млрд теңге банк секторының тұрақтылығын арттыру мақсаты шеңберінде  банктер  15 жылға  қарызға  алды, ол таяу уақыта  кредиттеуге  жіберілуі мүмкін», - деді ол.

Д.Ақышев айтып өткендей,  банк секторының тұрақтылығын  арттыру бағдарламасы,   «7-20-25» бағдарламасы, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының облигация бағдарламасы  шеңберіндегі жаңа қарыздарды қосқанда банктердегі ұзақ қорлардың жалпы сомасы алдағы  1,5-2 жылда    3,5 трлн теңгеге ұлғаяды.

Бұл көрсеткіштер бір жағынан ұзақ кредиттік ресурстарды жеткілікті ұсынуды қамтамасыз етеді. Екінші жағынан экономикадағы инфляциялық қысымның күшеуіне жол бермейді.

Аягөз Құрмаш




Яндекс.Метрика