Инвестициялар

Қазақстанның әлеуеті – неміс инвесторларына мүмкіндік

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев АЭФ 2018 аясында Германия экономикасының шығыс комитетінің басшылығымен кездесу өткізген болатын. Сол кездесуде жасалған бірқатар келісімдер негізінде Германының Кёльн қаласында «Қазақстанның инвестициялық әлеуеті – неміс компаниялары үшін мүмкіндік» тақырыбында бизнес-форум өтті. "Strategy2050.kz" шолуы.
Астана қаласы05 Маусым , 11:23

Іс-шара барысында «KAZAKHINVEST» ҰК» АҚ роуд-шоу өткізді және басымды салалардағы ықтимал инвестициялық жобалармен таныстырды. Соның ішінде ҚР-да бизнес жүргізу, заңнамалық қолдау, «Қазақстан-2050» даму стратегиясы және ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың елді әлеуметтік-экономикалық модернизациялау бойынша Жолдауларының негізгі мазмұны түсіндірілді.

Форум барысында «KAZAKHINVEST» басқармасының төрағасы Сапарбек Тұяқбаев ТМД елдері арасында Орталық Азия елдерінің жалпы ішкі өнімінің 2/3  бөлігі Қазақстанға тиесілі екеніне, бұл жалпы көрсеткіште ең алдыңғы орын екеніне тоқталды. Яғни, бұл неміс кәсіпкерлері үшін де инвестиция салуға өте қолайлы жағдай деген сөз.

Сонымен қатар С. Тұяқбаев шетелдік инвесторларды қолдаудың қолданыстағы тетіктері, соның ішінде АХҚО қаржы құралдарының кең спектрі арқылы қолдау туралы айтып берді.

«KAZAKHINVEST» ақпараты бойынша, қазіргі уақытта Қазақстанда жұмыс істеп жатқан шетелдік компаниялар әлем бойынша 500 млн. адамнан асатын нарыққа шыға алатындай әлеуеті бар. Қазақстан арқылы 5 теміржол, 6  халықаралық автокөлік дәлізі, соның ішінде заманауи трансконтиненталдық «Батыс Еуропа – Бастыс Қытай» автомагистралі енетін мультимодулдық Еуразия көлік дәлізі өтеді.

ҚР Германиядағы елшісі Болат Нүсіпов форумда сөйлеген сөзінде өтіп жатқан Форумның екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастардың қарқынды дамып отырғандығының жарқын көрінісі екенін айтты.

«Бүгінгі Форум бұл процессті одан әрі тереңдетуге, Германиямен ынтымақтастықтың нығаюына ықпал етеді. Мұндай әріптестік өзара сауда-экономикалық және мәдени байланыстардың қарқындылығының артуына, туризмнің дамуына, біздің  халықтар арасындағы түсіністік пен  достықтың дамуына ықпал ететіндігіне сенімдімін. Қазақстанда қазірдің өзінде 1500 бірлескен және 900 германиялық кәсіпорын жұмыс істеп жатқанын атап өткім келеді. Бұл тізім бұдан әрі кеңейе түссе, біз оған қуанамыз. Қазақстан мұндай әріптестікке мүдделі және оның табысты болуы үшін қолынан келгенше күш салуға дайын», - деді Б. Нүсіпов.

Германияның экономикалық, эксперттік және бизнес орта өкілдері Қазақстанның қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру мақсаттарындағы іс-әрекеттерін жоғары бағалады. Қазақстанның ГФР-ның Орталық Азиядағы шешуші экономикалық әріптесі екенін, Ұлы Жібек жолы траекториясы бойынша Еуропа мен Азия арасындағы маңызды көпір болып қала беретінін атап өтті. Кельн Сауда-экономикалық палатасының Басқарушы директоры Александр Хёкле, Қазақстанның инвестицияларды қорғау және ынталандыру саласында қабылдап жатқан шаралары неміс компанияларының Қазақстандағы жобаларының саны мен сапасын арттырды.

Сапар аясында  қазақстандық делегация «ZozTechnologyCenter» (ZTC) технологиялық паркіне және  Дюссельдорф қаласындағы «Continental AG» технологиялық кластерлік орталығына барды. Жетекші компаниялардың басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Солтүстік Рейн-Вестфалия (СРВ) Германияның ең көп қоныстанған және экономкалық дамыған федеральді жерлерінің бірі. СРВ ел ішінде Қазақстанмен сауда бойынша экспорттан үшінші, импорттан бірінші орында. Өңірде неміс өнеркәсібінің негізін құрайтын Германия трансұлттық компаниялары орналасқан.

Германияға сапар шеңберінде қазақстандық делегацияның экономикалық бірлестіктер басшылығымен және машина жасау, ауыл шаруашылығы, құрылыс материалдары салаларындағы неміс компанияларының басшылығымен 25-ке жуық кездесуі өтті және 5 ықтималды инвестициялық жоба бойынша келісушіліктерге қол жеткізілді.

Сонымен қатар «SchneiderGroup» компаниясының басқарушы әріптесі Ульфом Шнайдермен кездесу өтті. Іс-шара барысында «KAZAKHINVEST» және «SchneiderGroup» компаниясы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Дәулетхан Жиенқұлов




Яндекс.Метрика