Инновациялар

KADEX – 2018: Елдің қорғаныс әлеуеті қандай (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Астанада Халықаралық әуежайдың әскери секторы аумағында өтетін мерейтойлық V Халықаралық «KADEX - 2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесінде қорғаныс саласының әлеуеті паш етілмек. Көрме дәстүрлі түрде жыл сайын өтеді, тек биыл оны Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұйымдастырды. 40-тан астам шетелдік ресми өкіл қатысатын шарада нені тамашалауға болатынын Strategy2050.kz АА дайындаған фоторепортаждан оқи аласыздар аласыздар.
Астана қаласы24 Мамыр , 11:36

Күні кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «KADEX - 2018» көрмесінің ашылуына қатысқан болатын.

 Қазақстан Президенті «KADEX-2018» көрмесінің қару-жарақ пен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы әлемдік маңызы бар жиынға айналғанын айтты.

Көрмеде әлемнің жетекші өндірушілернің қару-жарақ және әскери техника, әскери және екі мақсаттағы өнімдері, ғарыш техникалары мен технологияларының үлгілері, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы әзірлемелер ұсынылады.

Бұл көрме 2010 жылдан бері өткізіліп келеді және осы уақыт аралығында қорғаныс өнеркәсібі өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар арасында өзара оңтайлы байланысты орнату мен дамытуға қолайлы жағдай жасауға және Қорғаныс күштерін технологиялық тұрғыда жаңғырту мәселелері жөнінде тәжірибе алмасу үшін тиімді алаңға айналды.

 «KADEX – 2018» көрмесінің келушілері қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен ғарыш саласының соңғы жетістіктері және келешегі бар ғылым жаңалықтарымен, сонымен бірге ашық көрме алаңында 124 бірлік құрлық техникаларымен, 18 бірлік әуе және ұшқышсыз техникаларымен таныса алады.

Биылғы жылы көрмеде 10 павильон жұмыс істейді, олардың ішінен: Түркия, Қытай және Ресейдің 3 жеке павильоны, қазақстандық «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ, «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» ЖШС, «Қазтехнология» АҚ кәсіпорындарының павильондары, одан бөлек, космонавтика саласының жетекші үлгілері ұсынылатын ғарыш қызметіне арналған павильон алғаш рет қойылып отыр.

Шара барысында ҚР Қарулы күштері әскери қызметшілерінің үлгілік көрсетілімдері мен қазақстандық әскер қаруларының қарамағына кіретін жауынгерлік техника мүмкіндіктерінің көрсетілімі болады.

Үш күнге созылатын көрменің  алғашқы күні Қазғарыштың 25 жылдығына арналған «KADEX - 2018» эмблемасымен бірге арнайы пошта мөрқалыбы соғылған алғашқы күн конверті пошталық марканы соғу салтанаты өтеді.

Көрмеде қазақстандық «қорғаныс» кәсіпорындары өндірген қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың заманауи үлгілері көрсетіледі.

ҚР ҚАӨМ «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы өз өнімдерін көрсететін жеке павильон ұсынады, ол жерде Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің жетекші әзірлемелері көрсетілетін болады.

Құрышты танк қару-жарақ және техника әуеге қарсы қорғаныс, ату қарулары және басқа да салаларда жобалар бар.

«KADEX - 2018» көрмесінде алғаш рет ғарыш саласына арналған жеке павильон құрылды.

Биыл  көрме аясында өтетін  «Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық форумы шеңберінде «Аэроғарыш саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың заманауи трендтері» атты Еуразиялық аэроғарыш конгресі өтеді, онда қазақстандық және шетелдік мамандар ғарыш саласы бағытындағы ынтымақтастықты, оның негізгі даму трендтерін талқылайды.

 «KADEX - 2018» көрмесі бизнес өкілдері, әскери мақсаттағы өнімдерді өндірушілер мен жасауышылар, бейінді министрлік мамандары мен мемлекетаралық қатынастар мен сыртқы саяси көзқарастары тәуелсіз түрлі елдер ұйымдары үшін конструктивті диалог алаңы болады.

«KADEX-2018» отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешені өнәркәсібі, ғарыш, киберқорғаныс салалары үшін маңызды оқиға болады және олардың халықаралық аренада дамуына серпін береді.

Сондай-ақ, «KADEX-2018» Көрмесінің аясында ҚР ҚАӨМ өкілдері мен шетел делегаттары аралығында келіссөздер жүргізілді.ҚР ҚАӨМ мен «STM» Түркия компаниясы арасында киберқауіпсіздік саласы бойынша Меморандумға қол қойылды.

Айта кетейік,  көрме  2018 жылдың 26 мамырына дейін жалғасады. Қала тұрғындары мен қонақтары   көрмені  Астана қаласындағы Халықаралық әуежайдың әскери секторы аумағындағы алаңға   барып тамашалай алады.

Аягөз Құрмаш

Фото: Бауыржан Жуасбаев 




Яндекс.Метрика