«Қымбатты отандастар, баршаңызды ҚХА-ның XXVI сессиясының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Ассамблея құрылған күннен бастап еліміздегі мызғымаз бірліктің ұйытқысы, сарқылмас берекенің бастауы болып келеді.Бүгінде ол еліміздің татулық пен тұрақтылықтың ең басты кепілі. Әрдайым елдік істердің басында жүретін Ассамблея менің іргелі бастамаларымды әр уақытта қолдап,халыққа түсіндіріп жүр. Қазақстан сан-қырлы жаңғыруға бет бұрған заманда Ассамблеяға да тың міндеттер жүктеледі», - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сессияның ашылу барысында.