Шолу

Қазақстанның дамуы: инфляция мен валюталық ахуал

Осы жылдың 1 сәуірінде елдің халықаралық резервтері 1,5% немесе 90,4 млрд долларға дейін ұлғайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында мәлім болды. Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен отырыста елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы талқыланды.
Астана қаласы17 Сәуір , 11:27

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында ел экономикасында жағымды үрдістер сақталды. Есептік кезеңде ЖІӨ өсуі 4,1% құрады. 2017 жылғы сәйкес кезеңде 3,6% болған. Бұл туралы лттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтып өтті.

«Мұндай серпін өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және көрсетілетін қызметтер саласының өсуімен қамтамасыз етілді. ЖІӨ ұлғаюына инвестициялардың жоғарғы өсімі және төмен инфляциялық процестер септігін тигізуде. Инфляция жыл басынан бері 1,8% құрады. Бұл көрсеткіш 2017 жылғы сәйкес кезеңнен 0,5% тармаққа төмен. Жылдық мәндегі инфляция 6,6% құрады», - дегенді айтты минитср.

Сондай-ақ, еліміздегі өнеркәсіпте де өсу байқалып, бұл өсу көрсеткіші 5,3% құраған.

Министрдің айтуынша, бұл ретте өңдеу өнеркәсібі озық қарқынды көрсетіп отыр.Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде елдің халықаралық резервтері 1,5% немесе 90,4 млрд долларға дейін ұлғайды. Алтын валюта резервтері 1,1% немесе 31,1 млрд долларға дейін, Ұлттық қор активтері 1,6% немесе 50,3 млрд АҚШ долларына дейін өсті.

Сонымен қатар, өнеркәсіпте де өсу байқалады. Мұндағы өсу 5,3% құраған және бұл ретте өңдеу өнеркәсібі озық қарқынды көрсетіп отыр.

«Еңбек нарығындағы жағдай орнықты болып қалып отыр. Осы жылдың наурызында жұмыссыздық деңгейі 4,9% деңгейінде сақталды. Еңбекақының өсуі байқалды. Ерекше атап өтетіндей, ағымдағы жылғы наурызда орташа айлық еңбекақы нақты көріністе 2,4% өсіп, 153,2 мың теңгені құрады», - деді министр.

Сондай-ақ, министр өңірлік бөліністе экономика салаларында бірдей емес қарқын байқалатынын айтты.  Өнеркәсіпте 3 өңірлерден басқа, барлық өңірлер өсуді көрсетіп отыр. Республикалық мәннен төмен өсім 7 өңірде байқалды. Ауыл шаруашылығында барлық өңірлер өсімге қол жеткізгенімен, республикалық көрсеткіштен төмен қарқын 7 облыста тіркелді.

Тимур Сүлейменовтың айтуынша, құрылыс бойынша төмендеу Астана қаласында, Павлодар, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында байқалған.

 «Бұл тұрғын үй құрылысы және өнеркәсіптік нысандар, магистральдық газ және құбырлар құрылысы бойынша жұмыстардың төмендеуіне байланысты. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру 8,1% төмендеді. Ең көп қысқару Алматы қаласында, Қызылорда облысында және Астана қаласында байқалды. Басқа өңірлерде тұрғын үй құрылысы өсім жағынан 2,7 пайыздан 51,9 пайызға дейінгі қарқынды көрсетті», - деді Тимур Сүлейменов.

Өз кезегінде Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев І тоқсанда валюта нарығындағы ахуал тұрақты болғанын атап өтті. Валюта бағамын айқындайтын іргелі факторлар оңтайлы қалыптасты.

«Қаңтар-наурызда теңге жыл басынын бері бір АҚШ доллары үшін 318 теңге 31 тиын болып, 4,2%-ке нығайды. Сәуір басында Ресей қор нарығының құлдырауы нәтижесінде Ресей рублінің әлсіреуі аясында теңге бағамы құбылды. Бұл макроэкономикалық көрсеткіштерді ескеріп, қазіргі кезде валюта нарығындағы ахуал тұрақтанды. Біз Ресейдегі оқиғаларға реакцияны қысқа мерзімді және қалыпты деп бағалаймыз», - деді Ақышев.

Алдын ала деректер бойынша, Ұлттық банктің алтын валюта резервтері наурыз соңында 31,1 млрд АҚШ долларын құрады. Жыл басынан бері өсім - 1,1%.

«Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері наурыз соңында 59,3 млрд АҚШ долларына бағаланды. Халықаралық резервтер жыл басынан 1,5%-ке немесе 1,3 млрд АҚШ долларына ұлғайып, жалпы 90,4 млрд доллар болды. Қазіргі кезде ақша агрегаттары, депозиттер, кредиттер бойынша 1-тоқанға ақпарат жоқ. Ағымдағы жылы екі айда ақша массасы 3,9%-ке қысқарды. Оның құрылымындағы депозиттер көлемі 16,9 триллион теңгеге дейін 3,5%-ке азайды. Шетел валютасындағы салымдар 8,6%-ке қысқарды, теңгемен салымдар 1.1%-ке өсті. Нәтижесінде шетел валютасындағы салымдар үлесі 45,2%-ке азайды. Кредиттер көлемі 2018 жыл ақпан соңында 12,5 триллион теңгені құрады. Жыл басынан оның 1,2%-ке төмендеуі банктердің кредиттік портфелдері қалыпқа келтіру бойынша шараларын көрсетеді. Ағымдағы жылы қаңтар-ақпанда жаңа кредиттер беру 33%-ке немесе 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 424 млрд теңгеге ұлғайып 1,7 триллион теңге болды», - деді ол.

Данияр Ақышев банк секторында 32 банк жұмыс істейтінін және ақпан соңындағы жиынтық активтері 23,6 триллион теңгені құрағанын атап өтті. Ал сақтандыру секторында дұмыс істейтін 32 ұйымның активтерінің жиынтық көлемі 1 наурызда 935,8 млн теңгені құраған.

Сондай-ақ,  2018 жылдың І тоқсанында 2 миллион 9 мың шаршы метр болатын тұрғын үй қолданысқа берілгенін  Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

«Құрылыс бойынша нақты көлем индексі 105,9% болды. Көктем шығып жұмыстардың басталуына байланысты құрылыс жұмыстарының көлемі өсті. Жалпы көлемі 2 миллион 9 мың шаршы метр болатын тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру жылдық жоспардың 24%-ін құрады. Жалпы жыл бойынша жоспар 12 млн 100 мың шаршы метр. Республика бойынша 25 301 баспана пайдалануға берілді, оның ішінде 9200 жеке үй бар», - деді Қасымбек.

Ал Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов  мемлекеттік бюджет кірістері есептік кезеңнің жоспарына қарағанда 107,8%-ке асыра орындалғанын айтты.

«Бірінші тоқсандағы мемлекеттік қаржыны басқарудағы қызметтің маңызды басымдылықтары ол жоспардағы кірістердің толық түсуін қамтамасыз ету және шығыстар бойынша мемлекеттік сатып алулар рәсімдерінің уақытында өтуінен бастап жеке келісімшарттар бойынша міндеттемелердің дер кезінде тіркелуін қадағалау болды. «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «Бизнестің жолк картасы» сияқты мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберіндегі қаржылық процестерге аса назар аударылды. Нәтижесінде, мемлекеттік бюджет кірістері есептік кезеңнің жоспарына қарағанда 107,8%-ке, республикалық 101,9%-ке, жергілікті бюджеттер 124,6%-ке асыра орындалды. Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 95,7%, республикалық 96% және жергілікті бюджеттер 97,7% шамасында атқарылды. Өткен есепті кезеңнің басты ерекшелігі – төртінші деңгейдегі жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің жұмысы басталды. Бірінші тоқсанда олардың шоттарына 28 млрд теңге түсім жиналып, 22 млрд теңгеге шығыстар жұмсалды», - деді Сұлтанов.

Бюджет параметрлерінің орындалуына толығырақ тоқталған министр салық пен сыртқы сауда айналымындағы жоспарлар да белгіленген межеден асыра орындалғанын атап өтті.

«Республикалық бюджетке 1 трлн 299 млрд теңге кіріс түсті. Бұл жоспардан 24 млрд теңгеге, ал былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 142 млрд теңгеге артық, өсу қарқыны 112,3%. Жоспардың асыра орындалуы салықтар есебінен 17 млрд теңге, салықтан тыс төлемдер бойынша 7 млрд теңге қалыптасты. Салықтар жоспарының артығымен орындалуына тау-кен өнеркәсібінде өнім шығарудың 105% өсуі, өңдеуші өнеркәсіп саласындағы 106,1%, сауда 107%, көлік 104,4%, байланыс 105,7%, ауыл шаруашылығы 105,3% ұлғаюы әсерін тигізді. Сыртқы сауда айналымының 24,8%-ке, оның ішінде, импорттың 25% артуы тікелей қосымша түсімдерге алып келді», - деді министр.

Өз кезегінде,  Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев  елдің әлеуметтік-экономикалық  саласы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ерекше көңіл бөлетін  саланың бірі екенін айтып, аталмыш салада нәтижелі жұмыс істеуді тапсырды.

Аягөз Құрмаш

 




Яндекс.Метрика