Шолу

Үкімет отырысы: Жекешелендіру мен білім саласын цифрландыру

Биыл жекешелендіру аясында 397 нысан сатылған. Нысандарды сату кезінде бірқатар талаптарды сақтау керек. Үкімет отырысында жекешелендірудің барысы талқыланды. Сала бойынша құзырлы органдардың басшылары нақты деректермен бөлісті. Толығырақ Strategy2050.kz АА дайындаған шолудан оқи аласыздар.
Астана қаласы10 Сәуір , 12:47

Жекешлендірудің кешенді жоспарының   осы  жылғы   қорытындыларымен  Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов бөлісті. Қазіргі таңда мемлекеттік мүлік реестрінің веб-порталында 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді  жоспарының  877 нысаны  бойынша ақпарат бар.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша 482  нысанның    397-сі сатылды, оның қаржысы   199 млрд теңгені құрады. Ағымдағы жылы  265 нысанды сату жоспарлануда,  оның  алғашқы тоқсанында    45 нысанды  сату қаралған. Қазір  оның    20-сы сатылды», - деді Б.Сұлтанов.

Жалпы, нысандардың сатылу деңгейі  бірінші тоқсанда   67 пайызды құрады. Өз деңгейінде саудаға шықпаған да нысандар бар. Астана қаласы бойынша  5 нысан сатуға шықпады.

«Биыл  40 ТОП нысанын сату жоспарланып отыр, оның  6-уы сатылымға шығарылды. Топ нысанның ішінде  республикалық меншіктегі  15 нысаны бар, оның екеуі бойынша мемлекеттік органдар тиісті жұмыстарды жүргізбей отыр. Ол Инвестициялар және даму министрлігі мен Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты  нысандар», - Т.Сүлейменов.

Үкіметтің  16 қаңтарындағы отырысында жекешелендірудің баяулап кетуі айтылды, осыған байланысты бірқатар шаралар да қабылданып отыр.

«Биылғы жылдың аяғына дейін кешенді жоспарларды толық орындау бойынша сатушыларға қазан айынан кешікпей жол карталарын әзірлеуді  ұсындық. Осы орайда, кешенді жоспарлардың нысанын жиынтық кестесіне сәйкес, қатаң сақтау, мониторинг бойынша жол карталарын қадағалауды жүзеге асыру. Жекешелендіру үрдісі бірқалыпты жүйеде жүргізілуде. Қаржы министрлігі мониторингтің электронды жүйесі арқылы  қажетті жұмыстарды  жүргізіп жатырмыз», - деді Бақыт Сұлтанов.

Өз кезегінде Ұлттық экономика министрі  жекешлендіруден кейінгі бақылауды күшейту, нысанды сату кезінде қызметтің профилін сақтау, жұмыс орындарын сақтау, берешектерін өтеу  сынды талаптар бар екенін айтты.

Министр  жекешелендіру мемлекеттік активтер бойынша жүзеге асырылатынын айтты.

Өз кезегінде  Білім және ғылым министрі  Ерлан Сағадиев  министрлік білім беру жүйесі мен ғылымды    цифрландыруды әрі қарай дамытудың жаңа   бағыттарын белгілегенін айтты.

«Енді нәтижесінде  мемлекетке, халыққа, мұғалімдерге не беретінін  қарастыратын болсақ, біріншіден, бұл жалпы барлық сервистердің қағаз құжаттарына, ақпараттарына қолжетімділік және мобильдік. Бұл дегеніміз – балаларға, мұғалімдерге, мектеп  директоры болсын, ата-ана болсын қажетті   ақпаратты, қызметтерді әр жерден өз   смартфонынан алу.Ол өз бағасын, үй тапсырмасын, бүкіл әлемнің  үздік цифрлық білім беру ресурстарын,  оқулықтарын көре алатын болады», - деді Ерлан Сағадиев.

Сонымен қатар,  үйден шықпай ол мектепке, колледждерге, жоғары   оқу орындарына түсу, документтерін тапсыру, басқа   мектепке ауысу және сол сияқты жұмыстарды

мобильді телефонда жасау.

Министр цифрландыру халыққа не беретінін айтты.

«Бұл ашықтық пен әділдік. Міндетті түрде, барлық  ақпарат мысалы, мектептердің, жоғары оқу орындарының басшыларын тағайындау бойынша, гранттарды бөлуде, балабақшаға кезекке тұруда, аттестат пен диплом алу мәселесі және тағы да басқа қызметтердің барлығы порталда ашық болуға тиіс. Кез-келген адам оны көре алады және барлық өзгерістерді, мысалы оқушының бағасын, балабақшадағы кезек, ректорлыққа кандидаттарды сол сияқты халыққа маңызды ақпаратты халық үнемі, ашық түрде бақылауда ұстайды және оны ешкім із қалдырмай өзгерте алмайды», - деді министр.  

Оны  blockchain системасын енгізу дейміз. Халықтың  тыныштығы және сенімі ақпараттың ашықтығына  негізделеді.

Үшіншіден, бұл балалардың біліміне қалай әсер етеді. Ол берілетін   білім сапасын арттыру, яғни бүкіл әлемнің үздік оқулықтары қазақ және орыс тілдеріне аударылуы керек, үздік әлемнің және Қазақстан цифрлық лекциялары және интерактивті сабақ бәрін бір жерге жинап, мұғалімдерге, балаларға, студенттерге тәулік бойы ашық, керек болса үйден, мектептен, керек болса мобильдік телефонынан шығуға мүмкіндік беру қажет.

«Және осы материалдарды сапалы деңгейде түсіну үшін үздік методикаларды, мұғалімдерге түсінетін ыңғайлы, ұнайтын методикаларды ашық түрде бәріне қолжетімді ету керек.Министрлік тарапынан, баланың  осы ақпаратты қалай түсінгенін нақты бақылауда ұстап, он-лайн режимінде, мектеп – мектеп бойынша, күн сайын нәтижесін көріп, дұрыс шешімдер қабылдау үшін осы жұмыс өте маңызды», - деді Е.Сағадиев.

Сонымен қатар, жобаға кедергі болып тұрған бірнеше проблемалар бар. Біріншіден компьютерлер аз, интернет сапасы  төмен, сол себептен мұғалімдер, оқушылар  базаларды дұрыс және толық қолданбайды.

Министр айтқандай, барлық қажетті ақпарат он-лайн болу үшін  мектептерді, мұғалімдерді, оқушыларды компьютерлермен, мультимедиа-ноутбуктармен, смартфондармен жабдықтау керек болып тұр.

«Біз 2016-2017 жылдары жыл сайын 14 мыңнан астам мультимедиялық комплект сатып алдық. Осы жылы республикалық бюджеттен тағы да 6 млрд. теңге трансферттер бөлінді, үшінші жыл қатарынан әкімдіктер қосымша 10 мыңнан астам комплект сатып алып жатыр. Алдағы мақсат – ауылдағы және қаладағы мектептерде 80 пайызға жеткізу. Ол мұғалімнің орнын баса алмайды, бірақ бұл мұғалімге де, оқушыға да үлкен көмек», - деді министр.

Сонымен бірге, Елбасының Жолдауына сәйкес, барлық регионда оқушылар сарайының базасында қажетті инфрақұрылымы, компьютерлері, лабораториясы, 3D-принтерлері бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларын құру жұмыстары басталды.

«Екіншіден, интернет желісіне қол-жетімділік. Қазір мектептердің 99 пайызы (6 960 мектеп) интернетке қосылған. Бірақ оның ішінде 62 пайызы жылдам, бізге керек интернетке қосылды(жылдамдығы 4 Мбит/c-тен кем емес). 3 мың екі  жүз мектепте немесе 47% мектептің ішінде Wi-Fi  тартылды. Ол да үлкен маңызды жұмыс», - деді министр.

«Цифрлік Қазақстан» программасына сәйкес, барлық мектептерді қосу бойынша нақты жоспар  бар.

«Сонымен бірге НОБД, электрондық журнал, цифрлық білім ресурстары сияқты программасы барлық мектептерде болу керек. Қазір біз электрондық журналды қағаз есепке бірдей теңестірдік. Егер мектеп электрондық жүйеге және кең жолақты интернетке қосылған болса, мектеп журналын тек электронды нұсқада жүргізу керек. Оны тағы қағаз түрінде толтыру қажет емес және тыйым салынды. Енді тағы бір үлкен сұрақ, мұғалімдер толтыратын құжаттарды анықтап, бекіттік. Олар тек 5 құжатты толтырады, тиісті интернет болған жағдайда барлығын электронды түрде жүргізуге мүмкіндігі бар. Тиісті бұйрық қабылданды, - деді Е.Сағадиев.

Бүгінгі күні 4 мыңнан астам мектепте электрондық «Күнделік» енгізілді. Бір жарым миллиондай (50%) балалар қолданады. Сонымен қатар, сол сияқты «Bilimal» және «Mektep» компанияларының электрондық күнделіктері төрт жүз (400) мектепте бар. Бұның бәрін шамамен үш  жарым млн. адам қолданады. Олар: мұғалімдер,  оқушылар және ата-аналар.

«Сонымен қатар,  біз екі регионда Павлодар мен Оңтүстікте толық цифрландыру бойынша пилот жүргізуді бастадық. Қалған региондар доркартаға сәйкес жылдың аяғына дейін енгізетін болады.Цифрландыру шеңберіндегі тағы бір маңызды бағыт – ол халықты цифрлық сауаттылыққа оқыту.Оның ішінде 150 мың мұғалімге, бір жарым  млн. ата-аналарға біздің ақпараттық базаларды қолдануды үйрету қажет.  Біз жақында Асқар Қуанышұлының қатысуымен үлкен 2 күндік жиналыс өткіздік. Барлық облоно басшылары осы цифровизацияны түсіндіріп, барлығына индикаторларды белгілеп, жол  картасын бекіттік. Әкімдерден осы жол картасының  орындалуын бақылауға алуды сұраймын», - деді Е. Сағадиев.

Сондай-ақ,  министр   осы міндеттерді   орындауға бағытталған қадамдары мен мерзімдері

Белгіленгенін айтты. Алда осы міндеттер бойынша  жұмыстар атқарылады.

Аягөз Құрмаш 



 




Яндекс.Метрика