Шолу

Қазақстанның негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 54,4% пайызға өсті

Бүгін Үкіметте биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы инвестицияларды тарту және сауда-экономикалық келісімдерінің қорытындылары талқыланды. Жиынға аталмыш салалар бойынша құзырлы министрліктердің өкілдері қатысты. Шарадағы нақты нәтижелер туралы бойынша әзірленген шолуымызды ұсынамыз.
Астана қаласы06 Сәуір , 15:42

2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 54,4% пайызға өсіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,2 трлн. теңгені құрады.

Инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов атап өткендей,  негізгі капиталға құйылған қаржы өнеркәсіпте 84,8% пайызға өскенін айтты.

Бұл ретте тау-кен өнеркәсібінде өсім 94,5% пайыз, ал өңдеуге инвестиция құю 72% пайызға және құрылысқа 159,8% пайызға өсті

«Осы жылдың көрсетілген уақытындағы шетелдік инвестиция көлемі 361,5 млрд теңгені құрады, яғни 160,3 млрд теңгеге өскен. Сондай-ақ, инвестиция көлемі артқан өңірлерге Атырау облысын (143,8 млрд теңгеге), Қарағанды облысын (6,1 млрд теңгеге) және Алматы қаласын (6,0 млрд теңгеге өскен) жатқызуға болады. Ал Астана қаласы (-5,2 млрд теңгеге) мен Маңғыстау облысында (-5,9 млрд теңгеге) инвестиция көлемі айтарлықтай, тіпті екі есеге дейін төмендегені және Шығыс Қазақстанда облысында 23%-ға азайғаны (-3,8 млрд теңгеге) байқалады», - деді А.Қабыкенов.  

Мемлекет басшысының инвестиция тарту жөнінде берген тапсырмасы Үкіметтің басты міндеттерінің бірі. Осыған орай, Ұлттық инвестициялық стратегия қабылданып, тікелей шетелдік инвестиция (ТШИ) тарту, Мемлекеттік жекеменшік әріптестік (ГЧП) және жекешелендіру оның негізгі бағыттары болып табылады.

Министрлікте өзгерістерді тиімді жүзеге асыру және жобаларды іске асыру үшін Жобаны басқару штабы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Министрлік  «Қаржылық тұрақтылықты» айқындау мақсатында «Инвестициялар тарту» жобасын жүзеге асыруда. Жоспарланған жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсуін қамтамасыз етудің басты мақсатына қол жеткізу үшін 2025 жылға дейінгі (2018 жылы - 4 +%) мақсатты көрсеткіштер белгіленді. Республикалық деңгейдегі негізгі капиталға құйылатын қажетті инвестицияның өсу қарқыны 2018 жылы - 5,1%.

Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында екі бастама қарастырылған: инвестицияларды тарту жұмыстарын жандандыру және инвестициялық климатты жақсарту.

«Бірінші мақсат аясында тұрақты түрде жобалармен жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта министрлік «KAZAKH INVEST» ҰК »АҚ-мен бірлесіп, 2018-2020 жылдарға арналған 658 инвестициялық жобаның (59,2 млрд. АҚШ доллары) негізгі тізбесін құрды», - деді вице -министр.

Оның айтуынша,  бұл тізімге шетелдіктердің қатысуымен 140 жоба (43,8 млрд. АҚШ доллары) және отандық инвесторлардың (Қазақстан) қатысуымен 518 жоба (15,4 млрд. АҚШ доллары) енді.

«Биыл жалпы құны 6,5 млрд. АҚШ долларынан асатын 298 жобаны іске қосу, сондай-ақ жалпы құны 11 млрд. АҚШ долларын құрайтын құрылыс-монтаждау жұмыстарын (199 жоба) іске қосу жоспарланып отыр. 2018 жылға жобалар бойынша мақсатты көрсеткіштер әр тоқсанға бөлініп жасалды, сондай-ақ, басым бағыттар бойынша аймақтар мен министрліктерге жеке-жеке көрсеткіштер үлестірілді», - деді ол.

Сонымен қоса,  Елбасының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанның сыртқы саясатын, сауда-экономикалық дипломатияны дамыту, қазақстандық экономиканың басым секторларына шетел инвестициялары мен инновациялық технологияларды тартуға жәрдемдесу, сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындардың өнімдерін сыртқы нарықтарға шығару - Сыртқы істер министрлігі қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

2018 жылдың бірінші тоқсанында бірқатар жоғары деңгейдегі сапарлар болды. Қаңтар айында Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен барды, наурыз айында Тәжікстан мен Өзбекстан президенттері Астанаға келіп, кездесу барысында жалпы сомасы 7 миллиард доллардан асатын 46 құжатқа қол қойылды.

Бұдан өзге, 2018 жылы 24 наурызда Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барды. БАӘ Парсы шығанағындағы Қазақстанның стратегиялық әріптесі болып табылады. 2017 жылы екі ел арасындағы өзара тауар айналымы едәуір өсті. (2016 жылға қарағанда 71% -ға өсті немесе 643,1 млн. долларға дейін).

Жалпы алғанда, 2005 жылдан бастап және 2017 жылдың 9 айында Қазақстан экономикасына 259,2 млрд. АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестициялар тартылды. 2017 жылдың 3 тоқсанның қорытындысы бойынша 15,7 млрд. АҚШ долларын тартылды.

Сондай-ақ,  осы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапарының аясында 24 наурызда Borealis компаниясымен мұнайгаз-химиялық жобалар бойынша екі негізгі құжатқа қол қойылды.

«Бірінші құжат - Атырау облысындағы Полиэтилен жобасы бойынша ынтымақтастықтың негізгі шарттары жөніндегі келісім, мемлекеттік қолдау шараларының топтамасы белгіленген және де жобалау сатысына көшу (техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу) қарастырылған.Екінші құжат - Полипропилен жобасын бірлесіп жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыру туралы меморандум», - деді Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев.

2017 жылғы қаңтарда Президент Біріккен Араб Әмірліктерінің басшыларымен кездесу барысында Қазақстандағы газ-химиялық жобаларды инвестициялауды ұсынды.

Былтырғы жыл бойы Энергетика министрлігі «Біріккен химиялық компания» ЖШС-мен («Самұрық-Қазына» АҚ) бірлесіп  Borealis компаниясымен бірқатар келіссөздерді жүргізді, онда жобаның техникалық және экономикалық көрсеткіштері талқыланды.

Вице-министр айтқандай,  бүгінде біз полиэтилен жобасы бойынша алдын ала техникалық-экономикалық негіздемені (ТЭН) аяқтадық, ТЭН әзірлеу үшін «Біріккен химиялық компаниясы» ЖШС мен Borealis компаниясының арасында бірлескен жобалық компания құрылуда. Үстіміздегі жылдың соңына дейін ТЭН аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Borealis компаниясымен жүргізген келіссөздердің барысында оларды Полипропилен жобасына қатысуға қызықтырып та үлгердік.  Қол қойылған Меморандумның шеңберінде Borealis компаниясы жобаны бірлесіп жүзеге асыру бойынша шешім қабылдау үшін жобаның техникалық-экономикалық талдауын жүргізетін болады. Бұл жобаның құны 2,6 млрд. АҚШ долларды,  қуаты жылына 500 000 тоннаны құрайды.

Қазіргі уақытта жобаны «Біріккен химиялық компаниясы» ЖШС жүзеге асыруда, яғни жобаның бас мердігері (ЕРС-мердігер) анықталған, несиеге алынатын қаржыландыру тартылған, және де құрылыс жұмыстары басталды. Құрылыстың аяқталу мерзімі – 2021 жыл.

 Borealis компаниясы әлемдегі 4 ең ірі  полиэтилен өндіруші компанияның қатарына кіреді, бұл ретте ол жоғары технологиялы және жоғары маржиналды компаниялардың бірі болып табылады. Borealis компаниясының 64 % акциясы Mubadala инвестициялық холдингке (БАӘ) және 36% Орталық Еуропадағы ірі мұнай компаниясы OMV компаниясына (Австрия) тиесілі.  Borealis компаниясы Финляндиядағы, Австриядағы, Бельгиядағы, Франциядағы, Германиядағы, Швециядағы, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі зауыттарға иелік етеді. Ол Borstar атты технологияның лицензиары болып табылады.

Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  5 әлеуметтік бастамасында елді газдандыру жұмыстары бойынша «Сарыарқа» газ құбырын салу жоспарланған. Газ құбыры  Қараөзек-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана  тізбегі бойынша тартылады.

Аягөз Құрмаш




Яндекс.Метрика