ҚР ИИДМБ

ҮИИД МБ жүзеге асыру кезеңінде инновациялық жүйенің қайта басталуы орын алды

Инновация, энергия үнемдеу және еңбек өнімділігі. Бұл үш түсінік индустрияландыру аптасы тақырыбының біріне біріктірілген, өйткені дәл инновациялық тәсіл жүргізіліп отырған индустриялық саясаттың тиімділігіне, Қазақстанның шикізаттық емес бәсекелестік қабілетін құруға және сақтауға кепілдік береді.
Казахстан03 Шілде , 00:00

Инновация, энергия үнемдеу және еңбек өнімділігі. Бұл үш түсінік индустрияландыру аптасы тақырыбының біріне біріктірілген, өйткені дәл инновациялық тәсіл жүргізіліп отырған индустриялық саясаттың тиімділігіне, Қазақстанның шикізаттық емес бәсекелестік қабілетін құруға және сақтауға кепілдік береді, деп хабарлайды Индустрия және жаңа технеологиялар министрлігінің баспасөз қызметі. 
ҚР Президенті өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясында «Біздің мақсат - жаһандық технологиялық революцияның бөлігі болу» - деп айтты.
Инновация
Бүгін Астанада елдің инновациялық дамудың негізгі операторы - «ТДҰА» АҚ-ның 10 жылдығына орай мерейтойлық баспасөз хабарламасы өтеді. Өткен жылдары 600 идея мен жоба қолдау тапты, оның ішінде 396 жоба ҮИИМДБ іске асыруды бастағаннан бері кезеңде қолдау тапты.
ҮИИМДБ іске асыру кезеңі үшін инновациялық жүйенің қайта басталуы болды. «Ғылым туралы», «Индустриялық-инновациялық қолдау туралы» жаңа заңдар қабылданды. Онда мемлекеттік қолдаудың жаңа құралдары бекітілген.
Қабылданған шаралар нәтижесінде инновациялық-белсенді кәсіпорындардың саны үлесі 4%-дан 7,6%-ға дейін өсті.2009 жылмен салыстырғанда технологиялық инновацияларға арналған кәсіпорындардың жұмсалымдары 2 млрд. долларға дейін (61 млрд теңгеден 326 млрд. тегеге дейін) 5 еседен астамға өсті. 2009 жылдан бері жалпы сомасы 9 млрд. теңгеге 179 инновациялық гранттар бөлінді.
Мысалы, «Вентиляциялық жабдық өндірісін жаңғырту үшін жабдықты сатып алу» жобасымен «Алматы вентилятор зауыты» 97 951 728 теңге сомасында технологияларды сатып алуға инновациялық грант алды. Кәсіпорын климаттық техниканы әзірлеумен, дайындаумен және өткізумен айналысады және Қазақстан Республикасының аумағында осындай жабдықты шығаратын жалғыз кәсіпорын болып табылады.
Немесе, өнертапқыш Е. Воронов «Жылу алмасу модулін өнеркәсіптік шығару» жобасымен «Технологиялық бизнес-инкубациялау» құралы шеңберінде 6 586 632 теңге сомасына қолдау тапты. Ол жылу маусымы үшін отынның 40-45% үнемдеуге мүмкіндік жоғары тиімділікті инновациялық жылу қазандығын ойлап тапты және патенттеді.
Энергия үнемдеу
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділікті арттыру туралы» Заңды және 2011-2015 жылдарға арналған энергия тиімділігі бойынша кешенді жоспарды қабылдаумен байланысты ҚР ІЖӨ энергия сыйымдылығын 2015 жылға қарай кемінде 10% және 2020 жылға қарай 25% төмендету болжануда. Энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыра отырып, қазіргі күні, 2,8 млрд. теңгені үнемдей алдық.
Мемлекеттік энергетикалық тізілім қалыптастырылған, оған 2000 астам өнеркәсіптік кәсіпорын мен 28000 мемлекеттік мекемеле кірді.
Негізгі 30 ірі кәсіпорын энергия аудитті жүргізуді жоспарлауда, 50 кәсіпорында энергия менеджменті жүйесі енгізілуде.Елдің 200 астам өнеркәсіптік кәсіпорындарында жаңғырту жүруде және 300 млрд. теңгеден астам қаражат инвестиция салу жоспарлануда. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы осы іс-шаралардан шамамен 3 млн. м.э.н. (мұнай эквивалентідегі тонна) мөлшеріндегі энергия ресурстарды үнемдеуден тиімділік алу жоспарлануда.
Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР ИЖТМ энергия үнемдеу саласында «Энергия тиімділігі - 2020» бағдарламасын сондай-ақ, «Энергобаланс - 2020» бағдарламасын әзірлеуде.
2012-2015 жылдарға арналған энергия тиімділігі бойынша кешенді жоспар шеңберінде 100-ден астам отандық энергия аудиторлары мен энергия менеджменттері дайындалды. 2012 жылы Астанада С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университетінде «Энергетикалық менеджмент» атты жаңа мамандық ашылды. Осы мамандық бойынша Қазақ С.Сефуллин атындағы Агротехникалық университетінде 27 адам оқытылуда.
Еңбек өнімділігі
«Өнімділік 2020» бағдарламасының негізгі мақсаты - еңбек өнімділігін ұлғайту жолымен экономиканың басымды секторларындағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетін арттыру. Бұған қолдаудың әртүрлі құралдарын пайдалану арқылы қол жеткізіледі.
Мысалы, «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-ы «Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптама жасау үшін төлем» құралы арқылы жалпы сомасы 57.5 млн теңгеге бағдарламаның 49 қатысушысын қолдады.
«ҚДБ-Лизинг» АҚ-ы жалпы сомасы 15 млрд. теңгеге 12 жобаны қаржыландыруды мақұлдады, мысалы, «Кентау трансформатор зауыты қаржыландырылды.
«Инновациялық гранттар» құралы бойынша «ТДҰА» АҚ-ы жалпы сомасы 28.9 млн. теңгеге 8 жобаға қолдау көрсетті. «ҚИДИ» АҚ-ы да қатысушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, 89 семинар өткізілді және өнеркәсіптік кәсіпорындарда 21 кездесу өткізілді. 




Яндекс.Метрика