Шолу

Мәжілісмендер өңірлерде Елбасының бастамасын түсіндірді

Мәжіліс депутаттары өңірлердегі сайлаушылармен кездесуді жалғасытырп жатыр. Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Солтүстік Қазақстан облысына сапары барысында бірқатар кәсіпорындарды аралап, еңбек ұжымдарымен кездесті. Халық қалаулыраның аймақтардағы кедесулері туралы Strategy2050.kz АА дайындаған шолуды ұсынамыз.
Нұр-Сұлтан03 Сәуір , 16:01

Мәжіліс Спикері өңірдегі ең көне әрі ең ірі кәсіпорынның бірі Киров атындағы зауытта болып, оның «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында қолға алынған жаңа жұмыс бағытымен танысты.Еңбек ұжымымен жүздесу барысында Н. Нығматулин  өндірісті жаңғырту маңыздылығын алға тарта келіп, Елбасы ұсынған әлеуметтік бастамаларға айрықша назар аударды. Тұрғындар алдында баспаналы болудың,  салықты азайтып,   жалақыны көбейтудің,   жаңа табыс көзін ашудың  мүмкіндіктері турасында жан-жақты баяндады.

«Жоғары білімнің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында қазір жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша тағы 20 мың грант бөлінеді. Оның көбі техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге арналады. Бұл жоғары білім алудың қолжетімділігін арттырумен қатар, төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында сұранысқа ие болатын жаңа мамандарды даярлауға жол ашады. Сонымен бірге, студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін оңтайлы шешетін болады»,-деді  Н.Нығматулин.  

Президенттік бес әлеуметтік бастамаға кеңінен тоқталған Палата Спикері олардың барлығы отандық экономиканың нақты есебі жасалған мүмкіндіктері бойынша қарастырылғанын атап өтті.

«Елбасының тапсырмасы бойынша Үкімет арнайы Жол картасын жасады. Бұл Президентіміздің бастамаларын жүзеге асырудың нақты, жоспарлы қадамдары. Оған сәйкес, орындау тетіктері мен мерзімі белгіленіп, жауапты министрліктер мен құрылымдар бекітілген» , - деп атап өтті Н.Нығматулин.

Осы ретте Мәжіліс Төрағасы қазірдің өзінде Парламентте әлеуметтік жаңғырту ауқымды бағдарламасын заңдық тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыстары басталғанына тоқталды.  

«Президенттік бес әлеуметтік бастамалардың сапалы құқықтық-нормативтік базасын құру Парламент депутаттарының осы сессиядағы жұмысының негізгі басымдығы болып табылады»,- деді Палата Төрағасы.

Мәжіліс Төрағасының пікірінше, Парламент 15 шақты Заңдарға өзгерістер енгізбек. Олардың қатарында Азаматтық, Бюджеттік, Салық кодекстері, білім турасында, банк және төлемдер туралы заңнамалық құжаттар бар.  

Сонымен бірге, 2019-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетті қарап, ағымдағы бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр.

Кездесу барысында ұжым қызметкерлері Елбасының әлеуметтік бастамалары жаңа серпін бергенін және зор сенім артып отырғандарын жеткізді.

Сонымен қатар,  Нұрлан Нығматулин Солтүстік Қазақстан облысы ауылшаруашылығы өнімін өндірушілерменкездесті.

Кездесу кезінде әсіресе, шағын несиелеу, шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ, халықты еңбекпен қамту мәселелеріне айрықша назар аударылды.

«Елбасының тапсырмасы бойынша осы жылы қосымша 20 миллиард теңге бөлініп, шағын несиелердің жалпы сомасы 62 миллиард теңгеге жететін болады. Бұл өз ісін ашқысы келетін азаматтарға зор мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту үшін өте қажетті. Сондықтан, аталған әлеуметтік жоба ауылдық тұрғындары көп сіздердің облыс үшін өте маңызды», - деді Н. Нығматулин.

Өз кезегінде бұл бастама ауыл халқының да ерекше қызығушылығын туғызды.  

Кездесу барысында ауылшаруашлығына цифрлық технологияны енгізу жайы да назардан тыс қалмады. Ол өнімділікті нығайтумен қатар, сапасын күшейтуге де кең жол ашатыны сөзсіз.

Нұрлан Нығматулин Елбасының әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыру әрбір өңірге тың серпін беретінін және халықтың әл-ауқатын көтеруге зор ықпал ететінін атап өтті.

Сондай-ақ, Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов  Шығыс Қазақстан облысында сайлаушылармен кездесулер өткізді.

Осы күндері Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясы жетекшісінің орынбасары, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов Шығыс Қазақстан облысында сайлаушылармен кездесулер өткізді.

Депутат Аягөз ауданының Аягөз қаласында, Ақтоғай кентінде және Қопа, Тарлаулы ауылдарында, Үржар ауданының Үржар, Мақаншы, Бақты, Қызылту, Елтай және Сегізбай ауылдарында кездесулер өткізді.

Кездесулерде депутат Нұртай Сабильянов сайлаушыларға Қазақстан Республикасы Парламентінің заң шығару қызметі туралы айтып, Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасының қазақстандықтарға үлкен маңызы бар екендігін түсіндірді және оларды жүзеге асырудың міндеттері туралы айтып берді.

Сайлаушылар өз кезегінде ауыз сумен, тұрғын үймен қамтамасыз ету, автожолдарды жөндеу, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, ауыл шаруашылығын дамыту, шағын несиелеу, білім саласын жақсарту, дәрі-дәрмектермен уақтылы қамтамасыз ету, интернет-байланысын дамыту, шекаралық елді-мекендердің инфрақұрылымын дамыту және басқа да мәселелерді көтерді.

Сонымен қатар, депутат Нұртай Сабильянов 1 сәуір күні Аягөз қаласында азаматтарды қабылдау күнін өткізіп, 120 адамды қабылдады. Оның ішінде көпшілігі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар болды. Барлық азаматтарға депутат тарапынан жауаптар мен түсіндірмелер берілді.

Одан әрі депутат Н.С. Сабильяновтың тұрғындармен кездесулері Шығыс Қазақстан облысы Абай, Жарма аудандарының елді-мекендерінде жалғасады.

Сонымен қатар,  төменгі палата депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесті.

Сапардың басты тақырыбы - Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамаларын түсіндіру. Осыған байланысты депутаттардың әрқайсысы нақты бастамалар туралы егжей-тегжейлі тоқталды.

Мәселен, депутат Құралай Қаракен Елбасының бес басымдығы «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» туралы үшінші басымдығына назар аударды.

«Бүгінгі таңда елде 17-29 жас аралығындағы 3,5 миллионнан астам жастар бар, олардың 15 пайызы ғана жоғары оқу орындарына қабылданады. Бұл шамамен 530 мың адам, оның ішінде 30% - мемлекеттен бөлінген гранттар. Жоғары білімнің қолжетімділігін және сапасын арттыру үшін 2018-2019 оқу жылында 54 000-ға қосымша 20 мың грант бөлу ұсынылады. Оның ішінде 11 мыңы - техникалық мамандықтар бойынша бакалаврларды даярлауға арналған. Сондай-ақ, студенттердің білім алу және тұру жағдайына ерекше назар аударылатын болады», - деп атап өтті депутат Құралай Каракен.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттары,  «Нұр Отан» партиясы фракциясы мүшелері  Н.Дулатбеков,  М.Махамбетов, С.Қаныбеков  Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Кентау қаласында кездесу өткізді.

Кездесу барысында Мәжіліс депутаттары «Юг-Электропривод» ЖШС жұмысымен танысып, жұмысшылармен кездесіп, Елбасының Қазақстан халқына ұсынған 5 әлеуметтік жобасын түсіндірді.   

« «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуін оқып отырып, әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру туралы бірінші бастамасы қызықтырды. Алайда, менде бірқатар сұрақ туындаған. Бүгін депутаттар бәрін түсіндірді.  Менің ойымша осы бастама арқылы жастарға баспаналы болудың үлкен мүмкіндігі бар», - деді Кентау трансформатор зауытының инженер – конструкторы Ерсұлтан Абдуахитов.  

Сондай-ақ, Жексенбай Дүйсебаев, Бақтықожа Ізмұхамбетов, Берік Оспанов және Серік Сәпиев Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау ауылдық округінде орналасқан Өркен орта мектебінің жұмысымен танысып, ұстаздармен кездесті.

Кездесу барысында депутаттар қазақстандық қоғамды әлеуметтік жаңғыртуға арналған бес президенттік бастаманы жан-жақты түсіндірді.

Шара соңында мектеп саябағына естелік ағаштар отырғызылды.

Сонымен қатар, депутаттар Өркен елді мекенінде салынып жатқан Спорт кешенінің құрылысымен танысты.  

Осылайша, халық қалаулылары өңірлердегі  салалардың ахуалын білді. Көшпелі сапар  аптаның соңына дейін жалғасады.

Аягөз Құрмаш




Яндекс.Метрика