Шолу

Білім беру бағдарламасы нәтижелі орындалып жатыр – Е.Сағадиев

Үкімет отырысында ҚР білім беруді мен ғылымды дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындысы қаралды. Бағдарлама бойынша қол жеткізілген индикаторлар туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтып берді.
Нұр-Сұлтан03 Сәуір , 12:34

Министр айтып өткендей, бағдарламаны жүзеге асырудың  екінші жылы аяқталды. Көрсеткіштердің  90 пайызы орындалды. 2017 жылы оған  400 млрд теңге бөлінген екен.

«Былтыр  бағдарламаның орындалуы бойынша жалпы баға беріліп, қосымша ұсыныстар қабылданған  болатын.  Балабақшалар саны көбейіп,  2017 жылы  85 пайызды құрады. Балабақшаға кезек Астанада   27 мың, Алматыда  22 мың болып отыр. Оның себебі -  баланың көбеюі мен көші-қон», - деді Е.Сағадиев.

Министр айтқандай,   нөлiншi сыныпты енгiзу үшiн дайындық жұмыстары жүргiзiлiп жатыр.

«Бәрiңiзге белгiлi, 2020 жылы нөлiншi сынып латын әлiпбиiнде басталуы тиiс. Келесi оқу жылынан бастап даярлық топтар мен сыныптарда әлiпби апробациясын бастау үшiн осы жылы әдiстемелiк комиссиялар жұмыстарын бiтiруi қажет», - дедi Сағадиев.

Сондай-ақ министрдiң айтуынша, елiмiздiң орта бiлiм беру мекемелерiнде оқу жүктемесiн азайту жұмысы жүргiзiлiп жатыр. Ерлан Сағадиев өз сөзiнде ағылшын тiлiнде оқыту мәселесiне де тоқталды.

«Жаңартылған бiлiм беру бағдарламасының негiзгi мәселесiнiң бiрi - 10 және 11-сыныптарда 4 пәндi ағылшын тiлiнде оқыту. Осы бағытта ағылшын тiлiнде сабақ беретiн 12 мың мұғалiм үшiн курстар ұйымдастырылды. Қажеттi оқулықтар дайын. Қазiргi таңда бұл жұмыс жалғасып жатыр», - дедi Ерлан Сағадиев.

Сондай-ақ,  программада білім беру сапасын жақсарту бойынша бірқатар көрсеткіштер белгіленген. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау (ВОУД) нәтижесі бойынша республикалық орташа көрсеткіш 39,4 балл. Кейбір облыстардың көрсеткіштері республикалық деңгейден төмен. Ақтөбе – 29,4 балл, Солтүстік Қазақстан – 30 балл, Оңтүстік Қазақстан –31 балл.

Министр   осы облыстардан білім беру сапасын жақсартуға назар аударуды сұрады.

«Біз биыл ОЭСР ұйымының математика, жаратылыстану және оқу сауаты бойынша PISA-2018 зерттеуіне қатысамыз. Бұл еліміз үшін маңызды. Бүгіннен бастап PISA-2018 зерттеуі барлық региондарда басталды. Тест алғаш рет компьютерлік форматта өтеді. Әкімдерден осы зерттеудің сапалы өтуіне жағдай жасауды сұраймыз.Мектептерде корпоративті басқару жүйесі дамуда. Қамқоршылар кеңестеріне біршама құзырет беріліп, күшейтіліп жатыр. Тиісті бұйрық қабылданды», - деді   ол.

Сонымен қатар,  бағдарламадағы   апатты және үш ауысымды мектептерді жою бойынша көрсеткіш орындалмай отыр. Қазіргі уақытта республикада 45 апаттық мектеп және 127 үш ауысымдағы мектеп бар. Бұның басты себебі, халық санының өсуі және урбанизация.

2017 жылы 118 мектептің құрылысына ұлттық қордан 68,1 млрд. теңге бөлінді. 73 мектеп қолданысқа берілді. Қалған 45-і мектеп биыл іске қосылады.

«Бүгінгі таңда жан басына қаржыландыру нормативі қабылданды. Енді жекеменшік мектептерді белсенді дамытуға барлық жағдай бар. Оған қоса СанПИН мен СНИП-тарға тиісті өзгерістер енгізілуде. Бұның бәрі балапан программасы бойынша балабақшаларды қалай көбейттік, солай жекеменшік мектептерді де жаппай ашуға жағдай жасалды. Пилот жүріп жатыр. Әкімдіктер бұл бағытта белсенді  жұмыс істеуге назар аударуы қажет», - деді министр.

Техникалық және кәсіптік білімнің басты міндеті – бұл сапалы кадр дайындау.

«Ол үшін біз WorldSkills халықаралық стандарттарына сәйкес жаңа білім беру программаларын енгізіп жатырмыз. 2017 жылы 3 біліктілікке дейін алуды қарастыратын 260 жаңа модульдік программалар іске қосылды», - деді министр.

«Баршаға арналған кәсіптік-техникалық білім» жобасын іске асыру үшін биыл 100 мың орынға мемлекеттік тапсырыс берілді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 25 мыңға көп. «Серпін» жобасы бойынша 37 колледжде 2276 студент оқиды. Колледждерде инклюзивті дамыту бойынша да біршама жұмыс жасалып, көрсеткіш орындалды.

Сонымен қатар, Сіздің тапсырмаңыз бойынша 20 компетенция орталықтың бюджеті әзірленді. Министрлік Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарының екі жобасын таңдап алды. Агробизнес және Жеңіл өнеркәсіп пен қызмет көрсету колледждері. Бұл өңірлерде проект бойынша бизнестің үлесі ең жоғары. Министрлік тек 50%-ын қаржыландырады.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімге келетін болсақ, басты мақсат – бәсекеге қабілетті кадрлар дайындау, білім мен ғылымды интеграциялау және инновацияны енгізу.

«Ол үшін біз Назарбаев Университетінің тәжірибесін ескере отырып, ВУЗ-дардың академиялық және басқару процессін кеңейту бойынша шаралар қабылдадық.Тиісті Заң жобасы ҚР Парламент Мәжілісінде қарастырылуда.Мемлекеттік ВУЗ ректорларын тағайындаудың бірнеше этаптан тұратын жаңа форматы қабылданды. 16 ректор ашық және әділ конкурс бойынша тағайындалды.Қазақстандық 8 жоғарғы оқу орны QS әлемнің үздік университеттерінің тізіміне енді.Үш тілде оқыту үшін негізгі және бейіндік пәндердің 30%-ын ағылшын тілінде оқыту басталды. 49 шет елдік жоғарғы оқу орнымен бірлесе отырып, 273 қосдипломды оқыту бағдарламасы жүзеге асырылуда», - деді ол.

2017 жылы Қазақстан ОЭСР-дің Ғылыми-техникалық саясат жөніндегі комитетінің мүшесі атанды.Коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру принциптеріне, сараптама жасау ережелеріне  өзгерістер енгізілді.

«Осының нәтижесінде, ғылымда гранттық жобаларды қосымша қаржыландыруға бизнес белсенді қатысуда.2017 жылы жеке сектор тарапынан салынған қаражат сомасы бес есе артты.Былтырдан бастап биологиялық және ядролық қауіпсіздік саласындағы шетел гранттары қолжетімді болды. МНТЦ жалпы сомасы $720 мың болатын 4 қазақстандық жобаны мақұлдады.Ғалымдардың халықаралық рейтингтік журналдардағы публикациялар жыл сайын артуда. 2017 жылы Web of science Clarivate Analytics және Scopus деректері бойынша жарияланым 3 200-ге жетті», - деді ол.

Министр айтқандай,  бағдарлама   нәтижелі орындалуда.

Сонымен қатар, Елбасының тапсырмаларына сәйкес Программаға өзгерістер енгізілуде. Алдағы уақытта Министрлік әкімдіктермен бірге оны сапалы орындау мақсатында жұмысты жалғастыратын болады.

Аягөз Құрмаш




Яндекс.Метрика