Пікірталас клубы

«Стратегия» пікірталас клубы: Жаңа әлемге жол саламыз

Бүгін, 16 наурыз, «Strategy2050.kz» АА сайтында тікелей трансляция, «Астана радиосының» тікелей толқынында «Стратегия» пікірталас клубы өтеді. Жиында күні кеше өткен «Жас Отан» жастар қанатының кезекті IV Съезінің қорытындысы талқыланады.
Астана қаласы 30 Наурыз, 12:24

Кешегі өткен съезде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  үндеуін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова оқып берген еді. 

«Жас Отан елін, жерін сүйетін өз болашағын Қазақстанның  келешегін байланыстыратын, білімді  жастардың басын біріктіретін,  менің  барлық стратегиялық жоспарларымның  сенімді тірегі болып келе жатқан басты ұйым. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап жастар мәселесі  менің де, мемлекеттің де  ең басты назарында  болып,бұл салада көптеген бағдарламалар жүзеге  асырылды», - деді Елбасы.

Жалынды жастардың тың идеялары мен қазіргі бағыты талқыланатын басқосуға  «Жас Отан» жастар қанаты  Жүрек бағытының кеңесшілері  Таншолпан Жауынбай және    Ерсайын Амрин қатысады.





Яндекс.Метрика