Шолу

Мәжіліс мінбері: жастарға шлагбауым ашылсын, өрт қауіпсіздігі, депутаттар аймақтарды аралайды (ШОЛУ)

Ресейдің Кемерово қаласында болған төтенше жағдайдің жаңғырығы бізде де естілді. Бүгінгі Мәжілістің жалпы отырысында депутаттардың сауалының бірқатары дәл осы өрт және қауіпсіздік мәселесіне арналды. Бұдан басқа бірқатар заң жобасы талқыланып, мақұлданды. Осы және басқа да Мәжілісте көтерілген мәселелерді Strategy2050.kz АА дайындаған шолудан оқи аласыздар.
Астана қаласы28 Наурыз , 12:58

Мәжілістің жалпы отырысында алдымен  «Халықаралық азаматтық авиацияға қатысты заңсыз актілерге қарсы күрес жөніндегі конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөніндегі құжат жұмысқа алынды.  Аталмыш заң жобасын   Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті жұмысқа алды.

Тағы бір  заң жобасы  қызу  талқылауға түсті,  ол -«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы.

ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев  «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы 2010 жылдан  2020 жылғы   кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын орындау үшін әзірленгенін айтты.

«Бүгінгі таңда  заң көмегін алу құқығы  тиісті деңгейде жүзеге асырылмайды. Қазақстанда адвокаттық қызмет дамымаған. Негізгі мәселе   олардың тапшылығы. Қазақстанда адвокаттармен көрсітілетін кәсіби қызмет көрсетуді бақылау жоқ.   Ал, заң  жобасы бойынша адвокаттардың тәртіптік істердің деңгейін жоғарылату  мақсатында екі деңгейлі комиссия құру қарастырылған. Халықтың әлсіз  санаттарына адвокаттардың қызметін тегін қолдану ұсынылған. Ол пробона. Пробона  қызметі міндетті емес, ол құқықтық болып табылады», - деді министр.  

Сондай-ақ, министрдің айтуынша,  адвокаттардың, заң консультанттарының  өз кәсібін сақтандыру   мәселесі енгізіледі. Сақтандыру институтын  2020 жылдан бастап енгізу жоспарланған. Адвокатурада  жаңашылдықтарды енгізу қарастырылмаған.

«Дамыған елдерде адвокатттық ордерді көрсетпейді. Бұл  ордерді алып тастау адвокаттардың жұмыс істеуін тиімді ете түседі», - деді М.Бекетаев.

Өз кезегінде, Нұрлан Нығматулин  тәртіптік комиссияның  қрамына қатысты өз пікірін алға тартты.

«Адвокаттык тәртіптік комиссияда министрлік өкілдерінің болғаны міндетті емес, тіпті қажеті де жоқ. Қайта сол шенеуніктердің орнында қоғамдық ұйым өкілдері болса, жұмыс ашық та болады, нәтижесі де жақсы болады»,-дей келіп, екінші оқылымда ескеру қажеттігін ұсынды.

Сондай-ақ,  Мәжіліс төрағасы  адвокатура саласында бәсекелестіктің жетіспеушілігін  алға тартты.

 «Елдегі адвокат саны  4700-ді құрайды. Енгізу жарнасы  бір жас   маманға 800 мыңды құрайды. Демек, жас маман өзінің білімі мен қатар, жағдайын да көрсетуі керек. Сондықтан  ол алғашқы жарнаны алып тастау керек», -  деді Н.Нығматулин.

Сондай-ақ, ол адвокаттық коллегияларды өңірлерде бір адам 25-30 жыл басқаратынын айтты.

«Қазір заман өзгерді. Жастарды жұмысқа аралыстыру керек. Шлагбаумды ашып, тиімді бәсекелестікті туғызу керек», - Н.Нығматулин.

Аталмыш заң жобасына қатысты депутат Өтемісов Шавкат  Заң жобасында республикалық адвокаттық алақаның   кейбір құжаттарын Әділет министрлігімен келісу туралы көрсетілгенін айтты. Адвокаттық тәртібі мен білімі  және адвокат куәлігінің нысанын келісу көзделген. Ол қаншалықты маңызды екенін  сұрады.  Министр Марат Бекетаев бұл мәселені екінші оқылымға дейін талқылауды айтты.

Ал, қосымша бандамашы   заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі  Қанат   Мусин    комитетте   аталмыш заң жобасы талқыланып жатқанын айтты.

«Бұл заң жобасы  нақты тәртіптері жоқ  заңнамаларды  реттеуге әкеледі. Заң жобасы қоғамдық қызығушылық   тудырды. Комиссияға  300-ден астам ұсыныс келіп түсті. Олардың өкілдері жұмыс тобының  отырысында белсенді ұсыныстарын ұсынды. Заң жобасы шеңберінде депутаттар мен өзге қатысушылар Америка мен Австрия  адвокаттарымен кездесті.  Осылайша,  олар заң жобасын мақұлдады. Адвокаттық  кепілдіктерін күшейту бойынша Үкіметке ұсыныс жолданды. Бірінші оқылымда мақұлдауды сұраймыз», - деді ол.

Заңды талқылау  барысында депутат   Қуаныш Сұлтанов  адвокат сотты әділ өткізуін қамтамасыз ететін тұлға екенін айтты.

«Әлеуметтік қорғалмаған азаматтар  құқықтық  ұсынысын толық қолдана алмағандықтан, үкімет дайындаған  заң жобасы тәртіппен оларға тегін көмек көрсетуді  қарастырып отыр. Мен заң жобасын бірінші оқылымда ұсынуды ұсынамын», - деді Қ.Сұлтанов.

Осылайша,  аталмыш заң жобасы  қолдауға ие болып,   бірінші мақұлымда мақұлданды.

Сонымен  қатар   аталмыш заң жобасына қосымша ретінде   «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы да бірінші  оқылымда мақлданды.

«Қолданыстағы  адвокаттық заңнаманы толықтыру  мақсатында әзірленді. Заң жобасы адвокаттық ордерді алып тастауды қарастырады. Жұмыс екі тараптың келісуі  арқылы жүзеге асырылады. Заң жобасын жүзеге асыру бюджеттен қосымша қаржыны талап етпейді», - деді М.Бекетаев.

Күн тәртібінде  мақұлданған    келесі заң жобасы -  «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».

Мәдениет және спорт министрі    Арыстанбек Мұхамедиұлы  аталмыш заң жобасының өзгертулерін   Мәдениет министрлігі мен  ҚХА-ның бірігіп жасаған  құжаты екенін алға тарты.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың    2017 жылдың  4 қыркүйектегі тапсырмасына орай,  біздің министрлік  Ассамблеямен бірігіп заң жобасына өзгерістер енгізді. 2018 жылы қабылданған ҚХА туралы заң  этносаралық қатынастар туралы нормативтік құқықтық  белгіледі. Елімізде оң өзгерістер орын алуда.  Заң  жобасы бойынша комиссия жан-жақты талқылады», - деді А.Мұхамедиұлы.

Бұл заң жобасы да  депутаттардың қолдауына  ие болып, мақұлданды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев    2018 жылғы қаңтардағы Вашингтонға   сапарында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы мемлекеттік әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету үшін төлемақы алуға қатысты келісімге қол қойылды.

«Келісімнің ережелерін орындау үшін жауапты мекемелер, СІМ, ИДМ, Азаматтық авиация комитеті. Жыл сайын Америка мен Қазақстан арасында әуе кемелерінің ұшуы пайдаланылады», - деді  Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Скляр.

 Заң жобасы  Сенатқа жіберу ұсынылып,  Мәжіліс макқұлдады.

Күн тәртібіндегі  мәселелер  айтылып болғандықтан, депутаттық  сауалдар  жолданды. Роман Скляр Кемерово қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты елдегі сауда  орталықтарының тексерілуіне қатысты айтты. Ол бұл әрекеттердің аздығын алға  тартты.

«Сол сауда орталығының  қызметкерлері, студенттер, ұстаздар  өрт кезінде не істеу керектігін білмейді. Осы мәселені тәжірибе ретінде қолға алуды ұсынамыз. Сондай-ақ, өрт дабылын радио, телеарналармен біріктіру дұрыс деп есептейміз.  Бұл тәжірибе шетелдік елдерде бар, ал Қазақстанның ауылы одан әлі де алыс», -  деді  Роман Скляр   «Нұр Отан» фракциясы атынан.

«Ақжол» фракциясының  төрағасы Азат Перуашев та  Ресейде болған  оқиғадан  сабақ алуды ұсынды.

 Айта кетейік, 25 наурыз күні Ресейдің Кемерово қаласында «Зимняя вишня» сауда үйінде өрт шығып, соңғы деректерге сәйкес 64 адам қаза тапты.

Сонымен қатар, депутаттық сауалдар ауыл шаруашылығы, кооперативтер, денсаулық сақтау   мәселелерін  қаузады.

Н.Нығматулин айтып өткендей, депутаттық корпус бүгіннен бастап  6 сәуірге  дейін  өңірлерді аралайды. Оның мақсаты  Елбасының  5 бастамасын әрбір отбасына, әр азаматқа  түсіндіру.  Аймақтық депутаттармен кездесуден кейін болатын  жалпы отырыста  5 әлеуметтік бастаманы жүзеге асыруға бағытталған заң жобалары қарастырылатынын айтты.

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика