Шолу

Үкімет мінбері: «Денсаулық» бағдарламасының жылдық қорытындысы (ШОЛУ)

Бүгін Үкіметтің кезекті отырысы өтті. Жиында ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындысы баяндалды. Денсаулық саласының көрсеткіштері мен оның экономика берген әсері туралы Strategy2050.kz АА дайындаған шолудан оқи аласыздар.
Астана қаласы20 Наурыз , 11:34

2017 жыл 2016–2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың екінші жылы болып табылады. Сондықтан да биыл Бағдарламаның  жүзеге асырылуына бақылау жүргізілуде. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтып өтті.

«Жалпы, бағдарлама елдің тұрақты экономикалық  жағдайын нығайту  үшін халық денсаулығын жақсартуға бағытталған. Бағдарлама  3 мақсатты индикаторды  қарастырады,  2017 жылдың  қорытындысы бойынша барлық индикаторлардан нәтиже алынды.  Мәселен, 2017 жылғы жоспар бойынша халықтың өмір сүруін  ұзарту  72,2 жас,  факт бойынша  72,41 жасты құрады (2016 жыл).  Халықтың денсаулық  индексі  2017 жылға арналған жоспар  18 пайыз,  факт бойынша  25,2 пайыз. Халықты медициналық қызметпен қамту деңгейі  2017 жылғы  жоспар  42 пайыз, факт  46 пайызды құрады. 36 көрсеткіштің  5 көрсеткіші жүзеге асырылды», - деді Е.Біртанов.

2017 жылға бағдарлама бойынша жоспарланған көрсеткіштер мен  қол  жеткізілген көрсеткіштердің аса айырмашылығы жоқ. Алайда, кейбір тармақтар  бойынша  жоспар орындалмаған.

«Жалпы өлім-жітім  2017 жылғы жоспар – 6,97  пайыз 1000 адамға, факт  7,2. Ана өлім-жітімі  2017 жылғы жоспар 6,97  1000 адамға, факт  12,0. Қатерлі ісікпен ауыратын науқастардың  5 жылдық өмір сүруі жоспар бойынша  51 пайыз, факт  49,6 пайыз. Халықтың бір дәрігерге тіркелуі  жоспар 1791 болса,  орындалғаны  2102 құрады. МӘМС бойынша аударымдар мен салымдардың алуы халық үлесі есебінде 2017 жылдың жоспары   80 пайызды құраса,  32 пайызы орындалды. 123 шара, оның ішінде  47-сі 2017 жылы аяқтау көзделген болса, оның  2 шарасы  өткізілмеді, 9 шара мерзімді бұзумен жүзеге асырылды», - деді министр.

Сондай-ақ,  2017 жылы  бағдарламаны жүзеге асыруға 180,3 млрд теңге бөлінді,  оның ішінде 176,1 млрд немесе  97,7 пайыз  игерілді. Жалпы, Бағдарламаның жүзеге асырылуын алдын ала бақылау  оның нәтижелілігін көрсетті,  ол негізгі медико-демографиялық көрсеткіштердің жақсарғанын көрсетеді.

Сонымен қатар,  Денсаулық сақтау  жүйесінің көрсеткіштері экономикаға әсер етіп, оңтайлы көрсеткіштерге ие болды. Жедел мәліметтер бойынша,   2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында денсаулық сақтаудың  негізгі капиталына   түскен   инвестиция 1,4 есеге өсіп,  61 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіштерді Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтып берді.

«2016 жылы 91 млрд теңгені құрады. Өсім мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті  жүзеге асырудан келетін  жеке инвестицияларға қатысты. 2017 жылы МЖӘ-мен  33 жоба бойынша 20 млрд теңгенің келісімі орнатылды, ал  2016 жылы  2,4 млрд теңгенің  1 ғана келісім шарты жүзеге асырылды. Денсаулық сақтау  саласының ЖІӨ-дегі үлесі өткен жылдың көрсеткіші деңгейін қалып,  1,9 пайызды құрады. Сондай-ақ, қол жеткізілген көрсеткіштерге қарамастан, шешілуі керек проблемалық мәселер де бар», - деді Тимур Сүлейменов.

Өз кезегінде, Денсаулық сақтау министрі    ана және сәби өлім-жітімін төмендету қарастырылғанын айтты.   Ана мен сәби денсаулығын қорғау шаралары жүргізілгенмен, ана мен сәби өлімі жоғары деңгейде тұр.2017 жылдың қорытындысы бойынша республикадағы сәби өлім-жітімі  1000 адамға  8,07 пайызды құрады.  Мәселен, 2016 жылы бұл көрсеткіш Ұлыбританияда  4,3 пайызды, Эстонияда 3,8 пайызды, Германияда  3,4 пайызды құрады.   Министр  Біртанов кейбір өңірде аталған сала бойынша шешілмеген мәселелер бар екенін хабарлады.

«Шығыс Қазақстан облысында ана өлімі республикалық деңгейден 53%-ке жоғары. Қостанай облысында нәресте өлімі республикалық деңгейден 31%-ке жоғары. Ал Павлодар облысында қатерлі ісіктен болатын өлім 56%-ке жоғары», - деді ол.

Осы орайда Елжан Біртанов аталған өңір басшылары аталған мәселеге назар аударып, тиісті жұмыстар жүргізу қажеттігін жеткізді.

«Құрметті облыс басшылары, осыған орай келесідей негізгі бағыттар бойынша жұмысты күшейту қажет. Біріншіден, скринингтер мен профилактикалық тексерістерді қарау. Екінші жүкті әйелдерді уақытында есепке тұрғызу және 1 жасқа дейінгі балаларды патранаж бойынша атқарылатын шараларды 100%-ке жеткізу қажет», - деді денсаулық сақтау министрі.

Сондай-ақ,   ол онкологиялық ауруды оңалдыру және емдеу стандарты жетілдіру қажеттігін айтты. Онкологиялық аурудан көз жұматындардың жыл сайынғы көрсеткіші 16 мың адамды құрады.

Жоғарыда айтылған көрсеткіштерге орай, бағдарламаның мақсат пен міндеттерге жетудегі басты кепілдерінің бірі міндетті медициналық сақтандыру  жүйесінің сәтті жұмыс істеуі екенін айтқан жөн. МӘМС-ні енгізу әлі күнге  дейін  маңызды мәселенің бірі болып отыр.

«Ауылдағы денсаулық сақтау мәселелері толықтай шешілмеді, олар әлсіз дамыған  инфрақұрылым және материалдық база, медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі, географиялық алшақтыққа қатысты  дәрі-дәрмекпен уақытында қамтылмауы», - деді министр.

Министр,  осы орайда  бағдарлама бойынша қосымша шараларды қарастыру керектігін айтты.

Сондай-ақ, отырысқа онлайн қосылған өңірлік өкілдер де аталмыш бағдарлама бойынша жүзеге асырылған шаралар туралы баяндады.  

Өз кезегінде, Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев  дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі қатаң бақылауда болу керектігін айтты. Сонымен қатар,  Елбасының тапсырмасын жүзеге асыру бойынша шараларды жалғастыруды сұрады.

«Оған қоса Елбасы биылғы Жолдауында халықтың денсаулығын жақсарту бойынша тағы да бірқатар нақты тапсырма берді. Алдымызға денсаулық саласын жаңғырту мәселесі қойылып отыр. Бұл негізде Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша жұмысты бақылауға алып, түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі қатаң бақылауда болу керек. Және де Елбасының Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде электрондық денсаулық сақтау жүйесін енгізу арқылы медициналық көмектің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру бойынша берген тапсырмасын орындау қажет», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Премьер бұл мәселе бойынша жұмыс жиналысы өткенін де атап өтті.  Сондай-ақ,  сәуір айында Үкімет отырысында осы мәселе бойынша есеп күтетінін мәлімдеді.

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика