Шолу

Үкіметтік сағат: Білім жүйесін цифрландыру қалай жүзеге асырылады? (ШОЛУ)

Бүгін Мәжілісте «Білім беру саласындағы цифрландыру» атты Үкімет сағаты өтті. Жиында Білім және ғылым министрлігінің білім жүйесіне цифрландыруды енгізу мәселесі талқыланды. Білім министрлігі қағазбастылықтан құтылып, барлық шараларды электрондық жүйеге көшіру бойынша жұмыс істеп жатыр. Осы және білім саласындағы өзге оңтайлы шаралар туралы Strategy2050.kz АА дайындаған шолуынан оқи аласыздар.
Астана қаласы19 Наурыз , 12:47

Үкімет сағатында  Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева білім жүйесін  цифрландыруға  көшірудің бірқатар проблемаларын атады, олар: ол  компьютерлік техникамен жарықтандыру  төмендегі, мектептердегі интернетпен қамтудың төмендігі, кәсіби құзыреттілік   деңгейінің төмендігі.    Осы орайда  цифрландырудың  проблемаларын   шешу жолдары туралы   Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев баяндама жасады.

«Министрлік білім мен ғылымды цифрландыру бойынша үш бағытта жұмыс жасап жатыр. Біріншісі - ол орта білім жүйесінде ақпараттандыруды дамытуға негізделген. Екіншісі - білім беру мен ғылымды басқару процестерін автоматтандыру, ал үшіншісі - ІТ мамандарды даярлау. Бірінші бағыт бойынша ЭЫДҰ елдерінде көбінесе бағдарламалар 1-сыныптан басталады. Бізде информатика пәні мектепте 5-сыныптан басталып оқытылған, енді биыл 3-сыныптан басталады. Сонымен қатар, информатиканы оқытуда 1-сыныптан бастап енгізу мүмкіндігі бойынша сарапшылармен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Қазір жоба жасалып, қоғамда талқыланатын болады», - деді министр.

Министрдің айтуынша,   3 мыңнан астам мектеп пен оқушылар сарайында робот техникасы бойынша элективтік курс енгізілді. Бірақ, робот техникасын барлық мектептерге дейін жеткізу керекБүгінгі міндет - ол аталған робот техникасы кабинеттерін құралдармен жабдықтау. Өткен жылдар ішінде 5 400 педагог, оның ішінде 730-ы робот техникасы бойынша біліктілік курстарынан өтті. 2018 жылы тағы 2 500 мұғалім оқытамыз, соның ішінде аталған бағыт та қамтылады. Сондай-ақ, министр мекептерді интернетпен қамтып,   компьютерлендіру туралы айтты.

 «Мектептердің инфрақұрылымын дамытып жатырмыз. Қазір мектептердің 99 пайызы интернетке қосылған, бірақ оның ішінде тек 62 пайызы жылдам интернетке қосылды. Бүгінде 2,5  мың мектепке немесе 35 пайызында wi-fi тартылды.2016- 2017 жылдары жыл сайын 14 мыңнан астам мультимедиялық жиынтық сатып алынған. Осы жылы республикалық бюджеттен 6 млрд теңге трансферттер бөлінді. Сонымен қатар үшінші жыл қатарынан әкімдіктер қосымша 10 мынан астам жиынтығын алып жатыр. Алдағы мақсат - ауылдағы және қаладағы мектептердің видеоқұралдарын 80 пайызға жеткізу. «Ол мұғалімнің орнын баса алмайды, бірақ бұл мұғалімге әрі оқушыға үлкен көмек. Онда физика, химия, биология және тағы да басқа пәндер бойынша Қазақстанның және әлемнің үздік видеолары жинақталған» ,- деді Е.Сағадиев.

Сонымен бірге, Елбасының Жолдауына сәйкес, барлық өңірде оқушылар сарайының базасында қажетті инфрақұрылымы, компьютерлік лабораториясы, 3D-принтер бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларын құру жұмыстары басталды. «4 мыңнан астам мектепте электрондық «Күнделік» енгізілді.

 «Төрт мыңнан астам мектепте электрондық күнделiк енгiзiлдi. Барлығы шамамен 3,5 миллион адам күн қолданады. Олар: мұғалiмдер, оқушылар және ата-аналар. Мен бұған дейiн айтқандай, ең алыс ауылдарға электрондық күнделiктi, барлық пәндер бойынша үздiк видеосабақтарды қолжетiмдi ету мiндеті тұр. Қазiр бұл бағытта жұмыс жасап жатырмыз. Бiз электрондық журналды қағаз есепке теңестiрдiк. Егер мектеп электрондық жүйеге және кең жолақты интернетке қосылған болса, мектеп журналын тек электрондық нұсқада жүргiзуге болады, солай ету керек те. Оны тағы қағаз түрiнде толтыру қажет емес және тыйым салынады. Тиiстi бұйрық қабылданды. Осы бұйрықты бәрiңiз бiлесiздер. Осы туралы көп уақыттан берi мұғалiмдер мен депутаттар сұраған болатын», - дедi Сағадиев.

Министрдiң айтуынша, бүгiнгi күнi мектеп мұғалiмдерi жүргiзетiн құжаттар бекiтiлген. Енді ұзын-сонар есептіліктен, қағазбастылықтан мұғалімдер  құтылатын болады.

«Олар тек қана 5 құжатты толтырады және электронды жүйеге қосылған болса, барлығын электрондық түрде жүргiзуге мүмкiндiгi бар. Осыған да тиiстi бұйрық қабылданды. Алдағы уақытта мұғалiмдердің өз функцияларына сәйкес емес жұмыстарды iстемеуiн барлық деңгейдегi басшылар өз бақылауында ұстау керек», - дедi Ерлан Сағадиев.

Сондай-ақ,  білім беру жүйесін автоматтандыру  да қол ға алынбақ. Ол балабақшадан  бастап  PhD  деңгейіне дейін жалғасады. Бүгінгі таңда орта білім беруде  мектептерге қабылдау  электронды түрде жүзеге асырыла бастады. Бұл жүйе Алматы, Шымкент қалаларында жүзеге асырылып жатыр. Енді бұл бағдарлама  өзге аймақтарда жүзеге асырылмақ.

Сонымен қатар,  министрлік   кадр дайындау бойынша екі міндетке ден қойып отыр. Біріншісі  IT  бойынша маман дайындау, екіншісі барлық мамандықтарды IT-ға   үйрету. Биылдан бастап университеттер  қажетті мамандықтарды оқыта бастады.

Министр Ерлан Сағадиев   министрлік цифрландыру тұжырымдамасын дайындағанын айтты.  Бұл тұжырымның басты мақсаты  ақпараттық қолжетімділікті арттыру.

«Әлем тез дамуда біздің балалар жылдам өзгеретін әлемде өмір сүреді.  Біз цифрландыру тұжырымдамасын дайындадық. Сондай-ақ, барлық жұмыстар, мектептен мектепке ауысу, университетке түсуді мобильдік қосымша арқылы жүзеге асыруға келуі керек», - деді ол.

Министр айтып өткендей,  цифрландыру ашықтық пен әділдікке жол береді. Грант бөлу, балабақшаға кезекке тұру   сынды  көрсеткіштер дің   барлығы порталда ашық болуы керек. Оған барлығының қолы жетуі керек. Оның ешкім өзгерте алмайды. Бұл блокчейн технологиясы ашықтық пен сенімділікке негізделген. Ерлан Сағадиев Цифрландыруды енгізудің алғышарттарын айтты.

«Алғашқы уақытта барлық  ақпарат онлайн болуы үшін   мұғалімдер мен оқушыларды смартфон, компьютермен жабдықтау  көзделген.  Барлық мекептерді интернетке қосу керек. Әр бағдарламаның мобильдік  қосымшасы болуы керек. Бала үйден шықпай  барлық ақпаратты үйден ала алуы керек. Біз әр бағытты белгілеп қойдық, облыстар бойынша компьютер  және  интернетпен қамту бойынша   бақылау  кестесі  бар. Кейбір сұрақтар депутаттардың деңгейінде  шешілуі керек.  Заңды түрде қолданысқа енгізетін сөздерді бекіту қажет деп санаймын», - деді министр.  

Қорытындысында,  депутаттар сұрақтарына кезек берілді. Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков сұрағын Ерлан Сағадиевке бағыттады.  Ол білім беру саласындағы ақпараттық жүйені  4 платформа қамтамасы етуге қауқарлы  ма екендігін сұрады. Сағадиевтің жауабы:  «82 одан да артық  ақпараттық жүйеміз 4 платформаға ақпарат беріп,  4 платформа бір үлкен платформаға айналады. Осы бойынша жұмыс жасаймыз. Бұл платформа өзге министрліктермен қосылып  жұмыс істесек,   екі жылда бітеді деп жоспарлап отырмыз», - деді Е.Сағадиев.

Өз кезегінде  Бекболат Тілеухан  мектепке келуге  шамасы келмеген оқушыларды қашықтықтан оқыту мәселесін қозғады. Ол  ресейлік тәжірибеде бұл мәселе дамып кеткендігін айтып, қашықтықтан енгізу технологиясын енгізу үшін не істеу керектігін сұрады.  Министрдің жауабы мынандай:

 «Қашықтықтан оқыту мәселесін    Ұлттық білім порталының   негізінде  дайындап,  оны   шешу мүмкіндігі бар. Ол аттестатқа дейін   болсын, мектептегі  негізгі білім болсын  айырмашылық жоқ.   Ұлттық білім порталында тек Қазақстан ғана емес, әлемдік үздік дәрістер, видеодәрістерді енгізу қарастырылып отыр. Оның негізінде біз қашықтықтан білім беруді жасауды бастадық», - деді ол.

Қорытындысында,  депутаттардың   сұрағы толық тыңдалды. Жауап берілді. Парламент   Мәжілісі төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева   Елбасының  5 әлеуметтік бастамасына  қатысты  26 наурызда  министрліктердің қатысуымен кеңес өтетінін айтты. Сол жиында да білім саласына қатысты Елбасының тапсырмасы  бойынша   министрлік  жүргізіліп жатқан шаралармен бөліседі.

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика