Президенттің бес бастамасы

Пікірталас клубы: 5 бастаманың басымдығы (ШОЛУ)

Бүгін «Стратегия» пікірталас клубында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 әлеуметтік бастамасы талқыланды. Осы аптаның басында «Казконтент» АҚ 5 бастама бойынша марафон жариялаған болатын. Бүгін «Стратегия» пікірталас клубында оның нүктесі қойылды. Ойжарысқа қатысқан 5 спикер өз саласына қатысты 5 бастаманың тиімділігі туралы сөз өрбітті. Пікірталаста талқыланған мәселелерді Strategy2050.kz АА дайындаған шолудан оқи аласыздар.
Астана қаласы16 Наурыз , 16:48

Елбасы бастамаларының тиімділігі туралы алдымен өз пікірін Парламент Мәжілісінің депутаты Жамбыл Ахметбеков білдірді. Ол бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халық бастаманың тиімділігін біліп отырғанын айтты.

«Бес бастаманың тиімділігін халық жақсы біліп отыр. Біз Тәуелсіздіктің  алғашқы жылдарында  экономикамыздың құлдырғананын білеміз. Тәуелсіздік алғалы Еласының саяаты бойынша қаншама бағдарламалар жүзеге асырылды.Олар экономиканың  аяққа нық тұруына мүмкіндік берді. Қазір  әлеуметтік  бастамаларды жүзеге асырудың уақыты келіп жетті. Қазір біздің халқымызға Елбасының   тапсырмасын жүзеге асыру  оңтайлы мүмкіндік береді», - Жамбыл Ахметбеков.

Елбасының алғашқы бастамасы - әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру. Осы орайда, экономист, Айжан Мұқышбаева аталмыш бастаманың тиімділігі жоғары екенін айтты.

 «Елбасының жеке бастамасы халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. «7-20-25»  бағдарламасын алатын болсақ,  бұл тұрғын үй алуды жеңілдетеді. Бастама  екі үлкен әлеуметтік мәселені шешуге  мүмкіндік береді. Халықты баспанамен қамтамасыз ету және құрылыс саласын дамыту,  жұмыс орындарының ашылуы. Осы уақытқа дейін банктың пайыздық мөлшері  14 пайыздан жоғары болды. Президент ұсынған  7 пайыздық өлшерлеме бойынша  шығыс Еуропа елдеріндегі ипотеканың көрсеткішіне жақындайтын боламыз», - деді Айжан Мұқышбаева.

Сондай-ақ, экономист екінші бастамадағы салықты төмендету мәселесіне де тоқтап өтті. Бастама  2 млн қазақстандықтың тұрмысын жақсартады.

«Жеке табыс салығын  2 млн адамға  төмендету көзделген. Бізде салық қосынды құн салығы мен корпаративтік салықтан тұрады.  2 млн қазақстандықтың жалақысы  60 мыңға дейін болып табылады. Бұл екі млн қазақстандықтың  өмір сүру сапасын арттырады. Олар әр жалақыға қосымша ретінде  5400 теңге  алатын болады. Бұны  ауыл шаруашылығы, білім беру денсаулық саласында жұмыс істейтін мамандар алады. Жұмыс берушілерге салық жүктемесі бұрынғы деңгейде қалады. Бұл көп  жұмысшыларды ресми салаға өтуіне ықпал етеді», - деді Айман Мұхышбаева.

Елбасы бастамаларының аса қажет әрі уақытылы екенін  «Парасат» жүйелік зерттеу институтының сарапшысы, экономист Няйля Әлмұхамедова да айтып өтті. Бастамалар Қазақстан халқының тең жартысын қамтитынын айтты.Екінші бастаманың тұрмысқа қандай оң әсер тигізетіні  туралы да ой өрбітті.  

«Жалпы, Президенттің 5 бастамасы уақыты әрі өзекті. Бұл  5 бастама кем дегенде Қазақстанның жарты халқын қамтиды. Демек, 8-9 млн адам баспанамен қамтылуы керек. Табыс салығының прогрессивтік шкаласын енгізу де тиімді болып отыр. Себебі, Елбасы төмен жалақыларды көтеруді тапсырды. Преиздент тапсырмасына сәйкес, Ұлттық банктен арнайы компания құрылатын болады. Оның басты мақсаты банктерден несиелерді сатып алып, ол құнға облигация шығарып, оны сату есебінен инвесторлардың қаржысын тартады. Қазіргі модельді қарайтын болсақ, біздің үлгіміз АҚШ-тың тәжірибесіне келеді деп айтуға болады. Ол компанияның жақсы  жұмыс істеуін уақыт көрсетеді», - деді Н.Әлмұхамедова.

Өз кезегінде, депутат Жамбыл Ахметбеков бірінші әрі  үшінші бастамалардың   артықшылықтарын айтып өтті. Бұл мәселелер  бірнеше мәрте  Парламентте талқыланғанын алға тартты.

«Парламент қабырғасында бірқатар министрліктердің баяндамасын тыңдап көрдік. Алайда, үзілді-кесілді  шешім қабылдаған жоқпыз. Парламент  27 наурыздан бастап  сәуірдің басына дейін өңірлерге шығатын болады. Біз  5 бастама бойынша қандай шараларды жүзеге асыру керектігін тұрғындардан сұрайтын боламыз.  Алайда, « 7-20-25»  бастамасы бойынша пәтер алу кезінде сатушылар тұрғын үйдің бағасын көтеріп жібермей ме деген күмән тудырып отыр. Біз бұл мәселені халыққа толық түсіндіруіміз керек», - деді Ж.Ахметбеков.

Сондай-ақ, депутат  студенттерді  жатақханамен қамтып,  қосымша  гранттарды  бөлу  білім сапасын арттыратынын айтты.

 «Қазіргі кезде жаңа технологияны енгізу, цифрландыру кезінде әр адам   өз бітірген оқу орнынеан білімді маман  болып шығуы керек. Егер оның тұратын орны алыс болып, тұрмыстық жағдайға көп уақыт кетіретін болса оның білім сапасы да төмен болады. Сондықтан да,  Елбасы 75 мың орындық жатақхана салуды дұрыс тапсырып отыр. Бұл грант арқылы оқып, жатақханада тұрып сапалы білім алуға мүмкіндік береді», - деді  ол.  

Шағын несие беру Елбасының төртінші бастамасына жатады. Қосымша бөлінетін қаржылар ауыл шаруашылығы саласындағы якорлық жобаларға бөлінеді екен. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми өкілі  Нұрлыбек Жеңісбек айтып өтті.

«Шағын несие арқылы халықтың әл-ауқатын арттыру тиімді жолдардың бірі. Өзін-өзі қамтитын азаматтардың ісі мемлекеттік жәрдемақысна қарай дамитын болады. Ол ауыл шаруашылығы саласындағы якорлық кооперацияны дамытуға бағытталып отыр.   Якорлық кооперация дегініміз, сіз кез келген бизнес бастадыңыз делік. Мысалы, мал өсіруді бастадыңыз. Оны бордақылаған соң, етті қайда жіберетініңізді білмейсіз. Сол етті алатын мекемемен  келісім жасау якорлық кооперация болып табылады. Былтырғы жылы ауылдық жерлердегі  өзін-өзі қамтыған адам 4127  шағын несие арқылы өз ісін ашқан. Несиенің  86 пайызы ауыл шаруашылығы саласына берілген», - деді Н.Жеңісбек.

Сондай-ақ, Елбасының бесінші бастамасы газдандыру болып табылады. 2019 жылдың соңына қарай Астанаға көгілдір отын келеді. Газдандыру жұмыстары екі бағыт бойынша жүзеге асырылады.

 «Жалпы, газ саласындағы жұмыс жоспар бойынша жүзеге асырылып жатыр. Үкімет нақты жоспарды бекіткен болатын. Сол бойынша жұмыс асырылып жатыр.  2013 жылы Елбасының тапырмасы бойынша Бейнеу-Бозой-Шымкент  жобасы іске қосылып біз газ жеткізуді жүзеге асыра бастадық. Қазіргі уақытта осы маршруттың екі нұсқасы қарастырылды.Біріншісі - Қарталы-Тобыл-Көкшетау-Астана бағыты бойынша «Батыс – Солтүстік – Орталық» магистральдық газ құбыры. Оған  газды Қостанайдан жеткізу көзделген. Екіншісі -  «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана– Көкшетау-Петропавл» бағыты бойынша «Сарыарқа» магистральдық газ құбыры», - деді   ҚР Энергетика министрлігі, Газ өнеркәсібін дамыту департаменті директорының орынбасары  Демеу Сейітжанов.

Газдандыру жұмыстары баспанадан кейін маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Себебі, халықтың тұрмыстық жағдайының жақсаруына әсер ететін факторлардыңбірі болып отыр.

«Сарыарқа» жобасын іске асыру салыстырмалы құны бірдей болған жағдайда газбен жабдықтауды барынша қамтуға мүмкіндік береді, индустриялық дамыған өңірлер арқылы өтеді. Сол себепті де жүзеге асыруға осы бағыт таңдап алынып отыр. ««Сарыарқа» жобасының жалпы құны 370 млрд  теңге. «Сарыарқа жобасын жүзеге асыру үшін қосымша құрылыс жұмыстары, тарату жүйелерін жеткізу жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ұзындығы 1081 км, құны 267,3 млрд теңге  болатын «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау-Астана»  бағыты бойынша бірінші кезең пысықталуда», - деді Д.Сейітжанов.

Осылайша  Елбасының  5 бастамасын  5 спикер талдап, оның маңыздылығы мен ерекшелігін  түсіндірді. 

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика