Халықаралық интеграция

Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан 15 Наурыз, 16:53

Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастардың және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады.  

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың дамып келе жатқанына тоқталып, Орталық Азия елдері басшыларының жоспарланған кездесуінің маңызды екенін айтты.  

«Біз бәрімізге ортақ мәселелерді, соның ішінде экономикалық ықпалдастықты, өзара сауданы, инфрақұрылымдық даму мен логистика саласындағы ынтымақтастықты талқылаймыз», – деді Қазақстан Президенті.

Сооронбай Жээнбеков Астанада Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік жұмыс кездесуін өткізу жөніндегі бастамаға қолдау білдірді.

Қырғыз Республикасының Президенті екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтудың және маңызды өңірлік мәселелерді шешуге бағытталған өзара ықпалдастықты күшейтудің маңыздылығын атап өтті. 

Бұдан басқа, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордаға жұмыс сапарымен келген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті.

«Қазақстанға қош келдіңіз. Кездеспегенімізге біраз уақыт болды. Көп шаруалар жасалып жатыр. Барлығын түзеп жатырсыз. Біз осыған дейін бірнеше рет кездестік. Арамызда айтылған мәселелер шешіліп жатыр. Осы жылы ауқымды жұмыстарды жүргіздік. Көршілермен жақсы қарым-қатынас орнаттық. Ондаған жылдар бойы  шекара, сауда-саттық, хабар алмасу сынды шешілмеген мәселерді шешіп жатырсыз. Тіпті көңіл күйімізде өзгерді», - деді Елбасы.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті.

Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік жұмыс кездесуі барысында Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті.

Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевтің екіжақты қатынастарды дамыту мен нығайтудағы рөлін ерекше атап өтті.

« Сіз мемлекет басшысы болғалы өзіңізбен бірнеше рет жүздестік, өзара талқылаған мәселелердің бәрі жүзеге асырылып, жұмыстар атқарылып жатыр. Биыл көп жұмыс істедіңіз, көршілермен өзара қарым-қатынасты реттедіңіз, ондаған жылдар бойы шешілмеген мәселелерді шештіңіз. Өзбекстанда атқарып жатқан орасан зор жұмыстарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін және бұл өңіріміздегі барлық елдерге әсер етеді», – деді Қазақстан Президенті. 

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі консультативтік жұмыс кездесуінің маңызды сипатын атап өтті. Оны өткізу жөніндегі идеяны Өзбекстан Президенті ұсынған болатын.  

« Біз бүгін барлық әріптестерімізбен бірге экономикалық проблемалар мен күнделікті мәселелерді талқылап, шешу үшін кездесіп отырмыз. Биыл мұндай кездесулер көп болмақ: өзіңіз бастамашы болған Ауғанстан жөніндегі кездесу, Түрікмен тарапы ұсынған Арал теңізіне қатысты кездесу және басқа да іс-шаралар өтеді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өзбекстан Президенті Қазақстанға келгеніне ризашылық білдіріп, Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік жұмыс кездесуінің аз уақыт ішінде ұйымдастырылғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.

«Бүгін мен Сізге консультативтік кездесу өткізу жөніндегі Өзбекстан бастамасын қолдағаныңыз үшін алғыс айтқым келеді. Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіз тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап әрдайым интеграцияның жақтаушысы болып, барлық кездесулерде бірігу, ынтымақтасу және араласу жөнінде айттыңыз», – деді Өзбекстан Президенті.     

Шавкат Мирзиёев екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін шешу ісіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси ерік-жігерін атап өтті.  

«Бүгінде теміржол тасымалы 44 пайызға артқанына, жалпы елдеріміз арасындағы тауар айналымының екі миллиард долларға жеткеніне қуаныштымын. Сізбен өзара келіскеніміздей, бұл көрсеткішті бес миллиард долларға дейін жеткіземіз», – деді Өзбекстан Президенті.  

Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен кездескен болатын. Шағын құрамдағы келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін және оны әрі қарай нығайту перспективаларын талқылады. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республикасының Президентін «Парасат» орденімен марапаттады.





Яндекс.Метрика