Шолу

5 бастама: елдің әл-ауқатын жақсартары сөзсіз - шетелдік сарапшылар (ШОЛУ)

5 наурызда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін жариялады. Құжатта халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік шараларды жүзеге асырудың жоспары көрсетілген. Елбасының 5 бастамасы бойынша шетелдік сарапшылардың пікірі топтастырылған шолуды назарларыңызға ұсынамыз.
Астана қаласы14 Наурыз , 16:29

«Доблоуг» компаниясының бас директоры, ҚР Норвегиядағы Құрметті консулы Миккель Доблоуг  Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік реформаны жүзеге асырудағы бастамасы өте өзекті және уақтылы екенін жеткізді.

«Менің ойымша, бұл реформалар қазақстандық қоғамның дамуын ынталандырады және азаматтардың өмір сүру жағдайларын айтарлықтай жақсартады. Осы қазақстандық бастамаларға мен норвегиялық жалпы әл-ауқат қоғамы үлгісімен салыстыру арқылы түсініктеме бергім келеді: ашықтық сенім туғызады, сенім қауіпсіздікті тудырады, қауіпсіздік байлықпен қамтамасыз етеді, байлық тұрақтылықты қалыптастырады, тұрақтылық теңдестіретін ахуалды қалыптастырады, яғни адамдар жетістіктерге қол жеткізу үшін өзара біріге алады», - деді Миккель Доблоуг.

Оның айтуынша,  Норвегияда ашықтықты қамтамасыз етудің бір жолы - салық кодексінің жыл сайынғы жариялануы. Бұл салық төлеушілерді, саясаткерлерді және мүдделі тараптарды жауапты етеді, сондай-ақ, кімде қанша бар екенін және т.б. көрсетеді. Сонымен қатар, ешкім де жүйені алдай алмайтын осындай ашықтықты жасайды. Ашықтық, экономиканың қалай дамуы керек екендігін және салық төлеушілердің ақшасын қалай пайдалану керектігі туралы талқылауды жеңілдетеді. Адамдар, төлейтін ақшалары оларға пайда әкелетінін білсе, салық төлейтін болады. Сондықтан Скандинавиядағы адамдарда салық төлеу сияқты проблемалар жоқ. Осы орайда,  ол салықты төмендету бастамасына тоқталды.

«Пайыздық салықты төмендету қажетті түрде жұмыс істемейді. Салық салудың ашық және тиімді тәсілі қажет. Кірістің 25% мөлшеріндегі салықты орнатыңыз, содан кейін төменгі шегерілетін табыстың жоғары деңгейін алыңыз, бұл адамдардың көпшілігі салық төлемейтіндігін немесе аз салық төлейтіндігін көрсетеді. Ондай жағдайда сізде әр түрлі деңгейлер болуы мүмкін, мысалы, прогрессивті жүйедегі кірістің 49,9%-ы. Сізде жылжымайтын мүлік салығы болуы керек, яғни әрбір адам өзі тұратын үйден басқа мүлік салығын төлейді. Мүлік салығы барлық активтердің белгіленген құнының 1% -нан 2,5% -ға дейін болуы мүмкін», - деді ол.

Сондай-ақ,   ел өсіп-өркендегісі келсе студенттерге арналған тұрғын үй мәселесі өте жақсы және өте қажет. Ол атағандай,   рейтинг бойынша жоғарыда орналасқан әлемнің 50 елімен, ең төменгі 50 орынға ие елдер арасындағы айырмашылық білім болып табылады. Азиядағы жоғары білімі дамыған елдерге қараңыз. Білім - дұрыс пайдалану арқылы дамуды ынталандыратын құқық пен мүмкіндіктердің кеңеюі.

«Норвегияның Үкіметі Statens Lånekasse деп аталатын студенттік банкті қалай қолданатынын мысал ретінде қарастыруға болады. Бұл банк студенттерге инфляциямен сәйкес келетін, бірақ одан артпайтын пайыздық ставка бойынша несие береді. Тамақты, тұрғын үйді, кітаптарды және т.б. қамту үшін 5 жылға ақша ала аласыз, тіпті оған шағын пәтер сатып алуыңыз мүмкін. Несие сіз 45 жасқа толғанға дейін қайтарылуы керек. Бұл жастардың өмірін жеңілдетеді және білім алуға қол жеткізуге мүмкіндік береді», -  деді ол.  

Тұрғын үйге келетін болсақ, мәселен OBOS - Норвегиядағы ең табысты оқиғалардың бірі (www.obos.no). Бұл пәтерді иемденген әр адам, компанияның да иесі де болуына берілетін мүмкіндік.

«Компанияның мақсаты қол жетімді тұрғын үй салу және жылжымайтын мүлікті басқару. Осыған қараңызшы. Пәтерді сатып алған кезде сіз бірден акционер боласыз», - дейді ол.

Егер сіз күшті және тұрақты орта тапты құрғыңыз келсе, кішігірім мердігерлер мен компаниялардың үкіметтен жұмыс тауып жатқандығына көз жеткізуіңіз керек, сондай ақ бұл жағдайда ашықтық өте қажет, деп атап өтті ол.

Сонымен қатар,  ірі жобаларды кішігірім жобаларға бөліп, әркім қатыса алатын және жұмысқа кімнің қабылданғанын және т.б. білетін ашық өтінім процесі екеніне көз жеткізіңіз. Сонымен қатар, әркімнің көзі жету үшін, жоба аяқталғаннан кейін кімнің не істегенін және қандай бағаға істегенін тексеру қажет.

«Сіз адамдар кәсіпкерлер болуы керек деген саяси шешімді қабылдай алмайсыз, бірақ сіз адамдарға тәуекелдерді қабылдауға қолқабыс көрсететін жағдайды жасауыңыз керек. Бұл үшін сізге, сәтсіздікке ұшыраған жағдайда бәрін жоғалту қаупін тудырмас үшін төменгі жақтан әлеуметтік қамтамасыз етудің базалық жүйесі қажет. Бұған мысал ретінде, Innovation Norway ұлттық даму банкінің жұмыс принципін және осы компания пайдаланатын үлгілерді қарастыруға болады. Сіз шетелдік инвесторлар бақылайтын, сондай-ақ кәсіпкерлерді жұмысқа алатын шетелдік капитал шағын кәсіпкерлікке кіруі мүмкін бизнес- періште инвестициялық бағдарламасын бастай аласыз. Бұл шетелдік инвесторларға белгілі бір уақыттан кейін төлеп алуға кепілдік берілетін, сатып алу туралы келісіммен реттелуі мүмкін», - деп түйіндеді  Миккель Доблоуг.

Өз кезегінде  Халықаралық «Мэрлер бейбітшілік үшін» ҮЕҰ Вице-президенті, Фрогне қаласының Құрметті мэрі Торе Вестби өз пікірінде қазақстандық жобалар сенім ұялататынын айтты.

«Мен қазақстандық ішкі жобаларды және үкіметтік ұйымдарды бағалай отырып, өте абай боламын. Себебі мен, елдегі ішкі сұрақтар «барлығы бәрімен байланысты» екендігіне қосымша, ішкі мәселелер болып қала беруі керек, деп қарастыратын жүйеге сенемін және мен білікті түсініктеме беру үшін жеткілікті алғырлыққа ие емеспін. Бірақ, тұтастай алғанда, мен білім - елдің болашағы үшін басты мәселе деп айта аламын. Бұл көбінесе онымен байланысты және оның кәсіпкерлігінің құрамдас бөлігі болып табылады. Жақсы білім беру жүйесін жетілдірген елдер олай жасамағандарға пайдасын тигізеді. Білім қоғамның барлық іс-әрекеттері мен аспектілерінің деңгейін көтереді, сондай-ақ болашақты қамтамасыз етеді», - деді ол.

Сондай-ақ, ол атағандай,  кәсіпкерлік - бұл тұрақты даму үшін өнімдерді, қызметтерді, бизнесті және жұмыс орындарын құру мәдениетін қалыптастыру, стартаптарды ынталандыру және «мидың» жылыстауының орнына оны жиылыстыру.

Білім мен кәсіпкерлік, өзара тығыз байланысты екі фактор және егер олар БҰҰ-ның орнықты даму саласындағы мақсаттарына жауап берсе, бұл тек барлық адамдардың игілігі үшін.

«Мен Президент Назарбаевтың, бағдарламалардың қаржылық платформасы болуы керек, әйтпесе олар ұзақ және тұрақты болмайды, дегенін қолдаймын. Қазақстан қазірдің өзінде осы кезеңге шығып, күнделікті өмірдің осы екі негізгі элементіне және ұлттың дамуына көп ресурстарды бөлу мүмкіндігіне ие болғанына  мен қуаныштымын», - деп түйіндеді өз сөзін  Торе Вестби.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өз халқының тұрмыс жағдайын жақсарту туралы сөйлеген сөзін оқығаным, мен үшін керемет болды. Қазақстан – аумағы бойынша әлемдегі тоғызыншы ел, теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ үлкен ел, мұнда әр түрлі діни және этникалық топтардың қатарына жататын адамдар бейбіт өмір сүруде. Бұл пікірді Халықаралық «Bike for Peace» ҮЕҰ Президенті Туре Наэрланд білдірді.

«Назарбаев жұмысшы табы үшін ең жақсы несие беруді қалайды. Ол жалақыға салық жүктемесін 10-нан 1 пайызға дейін қысқартқысы келеді. Ол 2017-2018 жылдары берілген 54 000 шәкіртақымен салыстырғанда, 2018-2019 оқу жылында қосымша 20 000 мемлекеттік шәкіртақы ұсынып, жоғары сапалы білімге қол жеткізуді кеңейтуді жоспарлап отыр. Назарбаев атап өткендей, жастар басымдыққа ие болуы керек. Ол сондай-ақ, микроқарыздардың көлемін 2017 жылы бөлінген 32 млрд. теңгеден (99,8 млн. АҚШ доллары) биылғы жылы 62 млрд. теңгеге (193,4 млн. АҚШ доллары) ұлғайтуды ұсынып, кәсіпкерлікті белсендіруге ұмтылады. Бұл жаңа және шағын жұмыс орындарын құруға көмектеседі. Президент Қызылорда облысындағы Қараөзектен Жезқазған, Қарағанды және Теміртау қалалары арқылы Астанаға ірі газ құбырын салу арқылы 2,7 млн. адамның газға қол жеткізуін кеңейтуге тырысады», - деді  Туре Наэрланд.

Ол 5 бастама Президент Назарбаевтың  тиімді идеясы екенін жеткізді.

«Ол төмен табыстары бар адамдар үшін үлкен қадамдар жасады. Назарбаев жақсы әлеуметтік көрегенділік пен саясатқа ие. Мен әрдайым қазақ халқының досы боламын, олар өздеріне тиісті жақсылыққа өте лайық. Мен Назарбаевты, ел егемендікке қол жеткізгеннен кейін Қазақстандағы 1500 ядролық оқ-дәрінің бөлшектелгені, сондай-ақ Сирияда бейбітшілік орнатудағы белсенді жұмысы үшін құрметтеймін», - деді ол.

Қорытындылай келе,  жоғарыда айтылған шетелдік сарапшылардың пікірінен  әлемдік кеңістік Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатын қолдайтынын байқауға болады.

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика