Шолу

Мәжіліс мінбері: маңызды Заң жобалары мақұлданды (ШОЛУ)

Бүгін Мәжілістің кезекті жалпы отырысы өтті. Жиында 3 заң жобасы жұмысқа қабылданып, үш заң жобасы мақұлданды. Сондай-ақ, депутаттық сұрақтар қойылып, сауалдар жолданды. Осы және өзге де Мәжіліс мінберінде айтылған өзекті мәселелермен Strategy2050.kz АА дайындаған шолудан оқи аласыздар.
Астана қаласы14 Наурыз , 12:17

Отырыста  Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасында, Қазақстан  Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы арасындағы заң жобалары жұмысқа алынды.  

Сондай-ақ,  Парламент Мәжілісі «Қазақстан Үкіметі мен Қытай Үкіметі арасындағы Қорғас өзенінде «Шүкірбұлақ (Алмалы)» бірлескен су бөгендерін салудағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша жұмысты бастады.

 «2017 жылдың маусымында екі ел үкіметтері арасында Астанада жасалған келісім Қорғас өзенінде бірлескен сел ұстайтын бөгетті салудағы ынтымақтастыққа бағытталған. Осы орайда жобаның жалпы құнынан тараптардың әрқайсысы 50 пайыз көлемінде қаржы салады», - деді Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Глеб Щегельский.

 Комитет төрағасы Глеб Щегельский аталған заң жобасы бойынша биыл 12 желтоқсанға дейін қортынды құжат әзірлеуге дайын екенін атап өтті.

Сонымен қатар, бірінші оқылымда  ҚР Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы талқыланды. Бұл толықтырулар мен өзгертулер осы саладағылардың бір бірін түсінбей, тіпті өз ара кикілжіңге де жол беруі себеп болып отыр. Оның үстіне, "100 нақты қадамның" 30-шы қадамы осы ішкі істер саласын реформалауға бағытталғаны белгілі. Егер аталған заң қабылданса, бір біріне бағынбай кеткен жергілікті жерлердегі ішкі істер органдарының жұмысын реттеуге септігі тиеді. 

«Осында жағдай тексеру кезінде де расталды. Әсіресе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Ақмола облыстарында. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, құқықтық тәртіптің негізі - ол қатаң бағыну. Сондықтан министрлік тиісті заң жобасын әзірледі. Біріншіден, ішкі істер департаменттері негізінде полиция департаменттерін құру. Бұл аумақтық ішкі істер департамент құрылымына тек полиция міндеттерін атқаратын бөлімшелер кіруімен байланысты. Екіншіден, министрлікке бағынысты етіп полиция департаменттерін және жергілікті полиция қызметін қосу. Сонда дара басшылық әрі тікелей бағынушылық ұстанымдары сақталады, сондай-ақ теріс факторлар жойылады», - дейді ІІМ орынбасары Е.Тұрғымбаев.

Бұдан бөлек ол әкімдердің полиция органдарына қоятын міндеттеріне де тоқталды.

«Үшіншіден, әкімдерге полиция органдарына құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету міндеттерін қою, сондай-ақ Ішкі істер министрінің ұсынысы бойынша полиция департаменті бастықтарын тағайындау және босату құқығы беріледі. Бұл құқықбұзушылық профилактикасында әкімдердің рөлі мен жауапкершілігі күшейтіледі. Осы ретте департамент басшысы жылына бір рет әкім мен халықтың алдында есеп береді», - деді Ерлан Тұрғымбаев.


Заң жобасы Парламент депутаттарының белсенді талқылауында, жалпы 93 түзету енгізіген. Олар Үкіметке қайта қарап шығуға ұсынылды. Ол бюджеттен материалдық шығынға әкелмейді, деді министрдің орынбасары.  

Өз кезегінде, Нұрлан Зайроллаұлы  ішкі істер министрінің орынбасарына осыдан екі жыл бұрын жергілікті полиция құрылғанда  «екі қошқардың басы бір қазанда сыймайды» деген пікірді депутаттар айтса да, ол қарсы деректер айтып қорғап шыққандығын айтты. Енді  екі жыл өткен соң  депутаттардың ұсынысын тәжірибе растағанын алға тартты.

Сондай-ақ,  заң жобасында  төрт санаттағы (еркектер, әйелдер, кәмелетке толмағандар, жұқпалы ауруы барлар)  әкімшілік –құқықбұзушылық  үшін  қамаудың уақытын  3 сағаттан  24 сағатқа ұзарту көзделген. Бұл шараларға  қосымша қаржы  жұмсалмайды, ішкі істер министрлігінің   қалған бюджетінен жүзеге асырылатыны анықталды.

Қосымша баяндама жасаған Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Евгений Козлов Елбасының «Парламент пен Үкіметтің отырысы  тек мемлекеттік тілде өтсін» деген  тапсырмасын орындау мақсатында  баяндамасын қазақша оқыды. Ол аталмыш заң жобасы   бірінші оқылымда мақылдауды сұрады.

Депутттардың қолдауы бойынша заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Күн тәртібінде  талқыланған  екінші  заң жобасы  «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде.

«Заң жобасын  қабылдау ТМД қатысушы мемлекеттеріне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен шаралар өткізіп тұруға мүмкіндік береді. Ол ақпараттық трансшекаралық ақпарат тарату сынды әрекеттерге мүмкіндік беріп,   мемлекетаралық ақпараттық қауіпсіздікке төнген қауіптерді талқылау арқылы, оның алдын алуға іс-қимыл жасауды   реттейді. Бұл республикалық бюджеттен қосымша қаржы талап етпейді», - деді Б.Атамқұлов.

Заң  жобасы бойынша   депуттатық сұрақ қою барысында     Бекболат Тілеухан ақпараттық қауіпсіздік мәселесі   өзге елдерде де   үлкен маңызға  ие  екенін айтып, заң жобасын қолдауға шақырды. Ол құжаттың келісім нормаларын бұзған үшін жауапкершілік көрсетілмгенін айта келе, егер норма бұзылған жағдайда қандай жауапкершілік шаралары  қолданылатынын сұрады.

«Бұл заң ТМД елдерінің арасында ортақ платформа болып отыр. Ол елдермен бірігіп, қауіпсіз стратегияны қалыптастыру мақсатында құрылды. Әрбір мемлекет  өз елінде техникалық қауіпсіздік негізін өздері құрады. Норма бұзылып, ақпарат жайылып кеткен жағдайда Қазақстан қылмыстық жауапкершілікке тартады. Ал өзге елдерде өздерінің тәртіптері бойынша қаралады», - деді  ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов.

Қосымша баяндамашы  Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі  Михаил Чирков аталмыш заң жобасы  Елбасының  цифрландыру  тапсырмасы аясында өте маңызды екенін айтты. Қазіргі уақытта,  Ресей, Беларусь, Тәжікстан елдерінде осы заңға ұқсас құжаттар қабылдаған.

Сондай ақ, екінші оқылымда  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы талқыланды.

«Заң жобасы бойынша жұмыс тобының  7 отырысында 77 ұсыныс енгізілді. Заң жобасы бойынша белсенді атқарылған жұмыс тобына алғыс айтып, заң жобасын қолдауды сұраймын», - деді  Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі  Кеңес Ғарапұлы Абсатиров.

Заң жобалары мақұлданған соң депутаттық сауалдарға кезек берілді. 

Өз  депутаттық  сауалын    Азат Перуашев  Үкімет пен Ұлттық банкке жолдады.   Ол  жыл сайын  көктем кезінде өңірлердің  тасқын судың астында қалатын  жағдай қайталатынын айтты.

«Бұл туралы Елбасы жарты жыл бұрын тапсырма берген болатын. Алайда, Үкімет бұл мәселенің алдын алмады. Осы жылы шығыста  тағы бұл жағдай қайталанды. Жылда біз осы мәселе туралы айтамыз да, жылда ақша сұраймыз. Бірақ, ештеңе өзгермейді.   Ұлттық банк те  сақтандыру мәселелеріне салғырт қарады деп ойламыз. Осы мәселені қаперлеріңізге алуды сұраймыз», - деді А.Перуашев.

Сондай-ақ,  Владислав Косарев  ауыл  шаруашылығы саласына, Артур Платонов  денсаулық сақтау саласына қатысты депутаттық сауалдарын  жолдады.

Осылайша, күн тәртібіндегі барлық  мәселелер  талқыланып, депутаттық сауалдар  жолданған отырыс  аяқталды.

Аягөз Құрмаш




Яндекс.Метрика