Онда Елбасы Қазақстан халқына жаңа әлеуметтік бастамалар бойынша Үндеу жариялады. Президент депутаттар мен шақырылған қонақтар алдында бес ауқымды әлеуметтік бастамаларды атап, олардың маңыздылығы мен мәніне тоқталды.
«Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бүгінгі бастамалары - елімізге, халқымызға жаңа серпін беретін ерекше әлеуметтік қадамдар. Ол біздің еліміздің әрбір азаматына баспана, салық және білім жағынан жан - жақты қолдау көрсетуге бағытталып отыр. Сондықтан, Президентіміздің осы тарихи бастамаларын өте жоғары деңгейде, сапалы заңдармен қамтамасыз ету - ол Парламенттің ең негізгі, ең жауапты, ең абыройлы міндеті,-деді Н.Нығматулин.