Пікірталас клубы

Стратегия пікірталас клубы: Алғыс айту күнінің саяси және адами маңызы

Бүгін Стратегия пікірталас клубы алаңында кеше ғана өткен Алғыс айту күнінің маңызы мен тереңдігі тақырыбы қаузалды. Ой жарысқа Ой жарысқа Астанадағы өзбек этномәдени орталығының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Шерзод Пулатов, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Электронды партия» интернет-порталының жетекшісі – Максим Споткай қатысты.
Астана қаласы02 Наурыз , 15:05

 «Алғыс күні  3 жылдан бері тойланып келеді. Елбасы бұл туралы Жарлыққа қол қойған болатын.  Барлық этномәдени орталықтар бұл ұсынысты қолдады. Бұл күннің маңызды өте терең. Бұл күні әрбір этнос бір-біріне, қазақ халқына қонақжайлығы, мейірімділігі   үшін алғыс айтуы керек. Бұл тәрбиелік мәнде  рухани жаңғыру десек те болады. Елдегі барлық ұлттар бірлікте  болса, дамиды,  жетіле түседі. Бұл  30 дамыған елдің қатарына енудің де бір жолы деп ойлаймын», - деді Шерзод Пулатов.

Өз кезегінде «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Электронды партия» интернет-порталының жетекшісі Максим Споткай бұл күн үлкен мүмкіндік сыйлайтындығын айтты.

«Бұл Қазақстанда пайда болған су жаңа мерекенің бірі.  Бүгінде мерекені қалай қарсы алу бойынша нақты  дәстүр қалыптаса қойған жоқ. Ол терең мағыналы мейрамдардың бірі. ҚХА  құрылуымен тұспа-тұс келген мерекенің жоғары мәні бар. Бұл этностар арасында ғана емес, ата-анамызға, айналадғы достарымыз, жақындарымызға алғыс айтудың тағы бір себепсіз мүмкіндігі», - деді Максим Споткай.

Кеше болған  мерекеге  орай   Қоғамдық бірлестік  игі шара да ұйымдастырған екен.

«Алғыс күні аясында мәдени орталықтар мешітпен  бірігіп қайырылымдылық шарасын өткіздік. Зейнерткерлерге барып, көңілін аулап, сыйлық сыйлап, құрмет көрсеттік. Алғысымызды  жаудырдық.   Ол адамдардың ішінде тылда еңбек еткен, соғыс ардгерлері, елдің дамуына  үлес қосқан азаматтар да бар», - деді Ш. Пулатов.

Сонымен қатар, Шерзод мырза Қазақстандағы аталмыш институт сынды ұйымды   әлем елдері де құруға ниетті екен.

«ҚХА-ның моделімен өзге мемлекеттер де мекеме құруға тырысып жатыр. Алайда, біздегі сияқты модельді құра алмайды. Себебі,  бұл бірегей институт болып табылады», - деді Шерзод Пулатов.

Өз кезегінде Максим Споткай ҚХА-ның   ұлттардың  бірлігі мен  ынтымақтастығы орайында өте үлкен жұмыс атқарып отыр.

«Алғыс айту күнін Қоғамдық кеңестің басым бағыттарының бірі деп те айтуға болады. Бұл әлемде жоқ институт. Себебі, бұл Елбасының моделі,   Ассамблеяны өзі басқарады. Барлық этнос оның құрамына енеді. Олардың барлығы қазақ дәстүрін, менталитет негізінде бір ұлтты қалыптастырып отыр. Бұл институт үлкен бір идеология болып табылады», - деді Максим Споткай.

Шерзод Пулатаов  Қазақстан халқы Ассамблеясы  жастармен тығыз байланысты жұмыс істейтінін айтты.

«Бізде болып жатқан  барлық шараларға  жастарды тартып жүреміз. Біз жастардың білімі жоғары, тәрбиесі мығым болу керек деп айтып жатырмыз. Бұл бізге ғана тән қасиет. Ерекшелігіміз, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету», - деді Ш.Пулатов.

Осы орайда, Максим Споткай  өскен жерінің менталитеті   өзге   ұлттың  болмысына әсер ететінін айтты.

«Қазақстанда тұратын ұлттардың ерекшелігі өте көп. Себебі, олар қазақстаның салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын жақсы біледі, сыйлайды, өздеріне сіңіреді», - деді ол.

 Сондай-ақ, Максим Споткай жастардың техникалық мамандық бойынша тегін білім алу мүмкіндігін асырап алмауға шақырды.

«Қазір Елбасының ұсынысмен тегін орта кәсіпкерлік білім алу мүмкіндігі туды. Ол мүмкіндікті қолдану керек. Бүгінде  экономика, заң мамандары өте көп. Техникалыққа  салаға жастарға тарту керек деп ойлаймын», - деді М.Споткай.

Бұл мәселеге қатысты Шерзот Пулатов жастардың  өз кәсібіне үлкен ынтамен, құлшыныспен   келу маңыздығын айтты.

«Жастар қай мамандықты оқыса да кәсіпті жақсы меңгерулері керек.  Шынайы еңбек еткен жастардың елге деген пайдасы мол болар еді.  Бұл әрекет өздеріне де, елге  де жақсы», - деді ол.

Аягөз Құрмаш




Яндекс.Метрика