Шолу

Денсаулық сақтау саласы: Нәтиже қандай? Мақсат не? (ШОЛУ)

Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысы өтті. Жиында былтырғы жылдың нәтижелері мен ведомствоның алға қойған мақсат-міндеттері бойынша есеп берілді. Елбасының осы салаға қатысты тапсырмаларын жүзеге асыру да назардан тыс қалмады. Толығырақ Strategy2050.kz АА шолуында...
Астана қаласы28 Ақпан , 16:24

Алқа отырысының  алғашқы сөзі ҚР Премьер-министрінің орынбасары   Ерболат Досаевқа берілді. Е.Досаев Елбасының биылғы Жолдауындағы халықтың денсаулығвн арттыру, мединицалық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігіне қол жеткізу бойынша қойған міндеттеріне тоқталды.

Үкімет басшысының орынбасары осы жылдың соңына дейін ДСМ цифрландыру бойынша барлық жұмысты аяқтау керек. Бүгінгі таңда республика бойынша объектілердің 45%-ға жуығы интернетке қолжетімді. 79,6 % копьютермен жабдықталған. Объектілердің 75,5 % ақпараттандыру жүйесімен қамтылған. ДСМ өңірлермен бірлесіп 2018 жылдың соңына дейін осы көрсеткіштерді 100% жеткізуі тиіс. Медициналық инновациялық технологияларды енгізу қажеттілігі анықталған.

«Осыған байланысты қолданыстың озық тәжірибесін зерттей отырып, жасанды интеллектіні, биомедициналық информатика және персоналды медицинаны енгізу бойынша жұмыстарды жандандыру қажет. Елбасы өз Жолдауында жоғары медициналық оқу орындарындағы интеграцияланған университет клиникалардың да маңыздылығын атап өтті. Осы жылы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің базасында мемлекеттік жекешелік әріптестік механизмін қолдана отырып Алматыда орналасқан ғылыми зерттеу орталығы ықпалдастыру бойынша жұмыстар жүргізуді тапсырамын. Мемлекет басшысы Үкіметке халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекстің жаңа редакциясын әзірлеуді тапсырды. ДСМ-ге Кодекс жоспарын әзірлеуге кірісіп, қоғамды, сарапшыларды, халықаралық консультанттарды тарта отырып, осы жұмысты 2018 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырамын»,- деді Премьер-министрдің орынбасары.

Сонымен  қатар,  Ерболат Досаев xалықты дәрі-дәрмекпен қамтамамыз ету саласындағы тәртіп бұзушылықтар туралы айтты.

«Халықтың дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қатысты наразылығы әлі де басылмай тұр. Маған осы мәселе бойынша депутаттардан да, қоғамдық ұйымдардан да сауалдар жиі түседі. Соған қарағанда, науқастарды дәрі-дәрмекпен дұрыс қамтамсыз етпейді. Препараттар берілмесе де, қағаз жүзінде берілді деп жаза салады. Тегін дәрілерді ақшаға сату фактілері де бар. Сосын дәрігерлер пациенттерді дәрі-дәрмектерді сатып алуға міндеттейді екен. Ондай мекемелердің басшыларына қатысты қатаң шаралар қолдану қажет», - деді Е.Досаев Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген мәжілісінде.

Үкімет басшысының бұл ескертуін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та қуаттап отыр. Тіпті, бұл мәселеге қатысты нақты деректер келтірді.

«Біздегі деректерге қарағанда, пациенттердің 20 проценті дәрі-дәрмекті алмаған болып шықты. Алайда жергілікті атқарушы органдар бәріне қолма-қол бердік деп отыр. Бұдан бөлек, науқастардың тағы 18 проценті дәрілерді толық алмаған. Сонда жаңағы 20 проценттің өзі - барлық республикаға кететін дәрілердің екі айлық көлемі. Демек, әрбір бесінші препарат белгісіз жаққа кетеді... Бәлкім, біреулер тегін препараттарды ашық ұрлайды да, біз білмейтін жаққа жіберіп отырады. Ал кейбір мәліметтер бойынша ондай дәрілер жекеменшік дәріxаналарға түседі. Тіпті, шекара асып, көрші елдердің нарықтарына кетіп жатыр деген деректер де бар», - деді Е.Біртанов.

Ал жалпы халықтың өмір сүру деңгейі артып, былтырғы есеп бойынша азаматтардың өмір сүру ұзақтығы 72,4 жасты құрапты. Өлім көрсеткіштері де азайған.

Жалпы өлім-жітім 3,1%, нәрестелердің өлімі 6,2% , аналар өлімі 5,5%, қан айналым жүйесінен өлім-жітім 1,8%, қатерлі ісіктерден 5,3 %, туберкулезден 11,8 % төмендеді.

Сондай-ақ, отырыс барысында Ұлттық скрининг бағдарламаларының жетілдіріліп жатқандығы айтылды. 2017 жылы 11 млн астам скринингтік тексеріс өткізілген. 806 мың адамда сырқат табылып, олардың 46 пайызы диспансерлі бақылауға алынды. Халықаралық сарапшылар кеңесі бойынша, скринингтің 4 түрі тиімсіз болғандықтан тоқтатылған. Алайда, скринингтен өтетін адамдардың жасы ұлғайтылып, қаралудың жиілігі артты. Тұрғындардың иммунопрофилактикамен қамтылуы 2017 жылы 97% құрады.

Премьер-министрдің орынбасары Е.Досаев биыл сәуір айына дейін тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне қатысты жаңа жобаны Үкімет қарауына енгізуді тапсырды.

«Тегін медициналық көмектің тарифтерін қайта қарап, нақты шығындарға сәйкестендіру керек. Сондай-ақ, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың пакетін көрсетуі қажет. Бұл - үлкен міндет. Себебі тегін медициналық көмекті қайта қарау арқылы біз мемлекеттің нақты міндетін анықтай аламыз. Пациенттер де, дәрігерлер де тегін дәрі-дәрмектің тізімін көре алады. Ал тарифтерді көтерудің нәтижесінде жалақы да көтеріледі», - деді Е.Досаев.

Оның айтуынша, әрбір медициналық мекемеде тегін медициналық көмек пен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясындағы қызметтердің нақты тізімі болуы қажет. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін келесі жылдан бастап енгізуге қатысты барлық дайындық шараларын уақытында жасауды тапсырды.

Министр Елжан Біртанов саланы цифрландыру мақсатында 2019 жылы жұмыстың қағазсыз форматына көшуге мүмкіндік беретін медициналық ақпараттық жүйелер енгізілетінін айтты. 2016 жылмен салыстырғанда медициналық ұйымдарды ақпараттық жүйемен қамту 2 есе, компьтермен қамтамасыз ету 2,4 есе өсіп, интернетке қолжетімділік 19% артқан.

«Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында және ведомстваға қарасты  4 мекемеде медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізуге көшу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Денсаулық сақтау платформасын және электрондық паспорт құрылуы аяқталуда», - деді Елжан Біртанов.

Халықты дәрі –дәрмекпен қамту бойынша бірқатар  келеңсіз жағдайлар орын алып жатқандықтан, министрлік  дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге байланысты жаңа заң жобасын әзірлеген. Министрдің айтуынша, 2017 жылы отандық өндірушілерден 50 млрд астам теңгеге дәрі-дәрмек сатып алынған. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 33% өсті. 2017 жылы өнеркәсіпте фармацевтикалық өндірістің өсуі 42% құрады. Бірыңғай дистрибютердің ашықтығы және тиімділігі қамтамасыз етілді.

«Бірқатар нормативтік өзгеріс енгізілулер арқасында сатып алу процесі жетілдірілді. Барлық сатып алу процесі онлайн түрде жүргізіледі. Осының арқасында, бюджетте 17,3 млрд теңге үнемделді. Елімізде денсаулық сақтау саласында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша жаңа заң жобасы әзірленді. Заң жобасы бірте-бірте дәрі-дәрмектер бағасын реттеуге, дәрілерді жаңаша тіркеуге, оларды электронды түрде сатып алуға, қадағалауға мүмкіндік береді»,- деді министр.

Сонымен қатар, 2012-2016 жылдар аралығында сатып алынған медициналық техникалардың қалай сатып алынғаны және қалай қолданылып жатқаны туралы аудит жүргізілді. Медициналық техниканы сатып алуда және қолдануда түрлі заң бұзушылық анықталды. Барлық факті есеп комитеті мен құқық қорғаушы органдарға тапсырылды. Аудит нәтижесінде министрлік нормативтік құжатттарға өзгерістер енгізді.

«Медициналық техника құны мен оңтайлы техникалық сипаттамаларына сараптама жүргізу, міндетті сервистік қызмет көрсету, техникалық пайдалануды онлайн бақылау үшін ақпараттық жүйе құру сияқты өзгерістер енгізілді. 2017 жылы министрлік орталық деңгейде 15 млрд теңгеге медициналық техниканы сатып алудан бас тартты. Оның орнына мемлекеттік-жекеменшік әріптестік және лизинг негізінде 12 млрд теңгеге медициналық техникамен қамтамасыз ету үшін 27 мемлекетік-жекеменшік әріптестік жоба басталды. Жеке инвестициялар көлемі 23 млрд-тан 44 млдр-ты құрап, 90% өсті», - деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар, инфрақұрылымды дамыту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде Денсаулық сақтау министрлігі өткен жылы 33 жобаны іске қосты.

Қорытындысында, министр  Елжан Біртанов Елбасы тапсырмалары аясында бірқатар нақты міндеттерді алға қойып, жүзеге асыруды тапсырды.

Аягөз Құрмаш

Фото: Бауыржан Жуасбаев




Яндекс.Метрика