Басқару

Нұрсұлтан Назарбаев пен Эмомали Рахмон екіжақты ынтымақтастықтың ахуалын талқылады

Мемлекет басшысы Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті,деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы19 Ақпан , 15:47

Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Эмомали Рахмон екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективасын, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар екі ел басшылары алдағы кездесулер кестесін қарастырды.




Яндекс.Метрика