Халықаралық интеграция

Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапарын отандық сарапшылар қалай бағалады (ШОЛУ)

Қазақстандық сарапшылар мен саясаткерлердің Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапарының қорытындысы мен пікірлеріне шолу «Strategy2050.kz» АА-да дайындалды.
Астана қаласы19 Қаңтар , 16:17

16 қаңтарда Мемлекет Басшысы Вашингтонда АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездесті, онда Қазақстан мен Америка арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту, халықаралық саясат, Солтүстік Кореяның іс-қимылдары және күн тәртібіндегі басқа да көптеген келіссөздер сияқты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.


Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутеррешпен маңызды кездесуі болды.

18 қаңтарда Елбасы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында сөз сөйледі. Нью-Йорктағы кездесуді ашқан Нұрсұлтан Назарбаев «жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау» тақырыбында сөз сөйлеп, әлем елдерін бейбіт өмір сүруге біріктіру маңыздылығын атап өтті.

Жалпы алғанда, Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамптың ресми келіссөздерінен кейін, отандық және шетелдік сарапшылар бұл кездесуге оң баға берді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің АҚШ-қа сапарының тарихи маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың АҚШ-қа сапары туралы өзінің твиттерде жарияланған жазбасында «Президент Н. Назарбаевтың Ақ үйдегі келіссөздері екіжақты ынтымақтастықты дамыту және халықаралық жағдай жөніндегі Қазақстан мен АҚШ көзқарастарының ұқсастығын көрсетті. Трамп Қазақстанды Корей жарты аралын ядролық қарусыздандыру жөніндегі әріптесі екенін айтты. Сапардың тарихи маңызды аса зор!», - деп жазды.

Сондай-ақ жоғарғы Палатаның Төрағасы «Вашингтон Президент Н. Назарбаевты жылы шыраймен қабылдады және Д. Трамп оны «зор құрметке ие көшбасшы» екенін айтты. Өз елінде де, халықаралық қоғамдастықта да еңбек сіңірген Қазақстан көшбасшысына лайықты баға берілді», - деп атап өтті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының БҰҰ ҚК отырысында сөйлеген сөзіне қатысты пікірін Тwitter-дегі парақшасында білдірді:

«Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ ҚК отырысындағы мазмұнды сөзі халықаралық ұйымдағы негізгі органның жұмысына мықты серпін береді, халықаралық проблемаларды шешудегі пікірталастың негізіне жатады. Қазақстан Көшбасшысы стратегиялық қабілеті жоғары саясаткер ретіндегі беделін растады», - деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

Өз кезегінде, АҚШ-та болған және екі ел Президенттері арасындағы келіссөздер процесін бақылайтын Халықаралық істер жөніндегі Қазақстандық Кеңес Төрағасы, саясаттанушы Ерлан Қарин де сапарға жоғары баға берді және Қазақстанның АҚШ үшін маңызды орны мен рөлін атап өтті.

«Қазақстан Президентінің АҚШ-қа сапары маңызды оқиға.  Қазақстан өңірлік мемлекет болып саналады, дегенмен де Қазақстан түрлі халықаралық пікірталастарға белсенді түрде қатысып жатыр. Сондықтан да біздің Президентіміздің Америка басшысымен кездесуі осы мәселенің өзектілігін арттыруға мүмкіндік береді»,-деді Е. Қарин.

 «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры, экономист Рахым Ошақбаевтың айтуынша, екі ел Президенттерінің кездесуін сәтті деп санауға болады.

«АҚШ-қа жасалған сапардың басты мақсаты - Қазақстанның мүдделері, АҚШ-тың жаңа әкімшілігімен сенімді қарым-қатынастарды жоғары деңгейде нығайту. Трамп АҚШ-тың сыртқы саясатының жаңа парадигмасының қозғалтқышы. Бұл парадигма Обаманың жетекшілігімен демократтардың басына көтерген талғамынан айтарлықтай ерекшеленеді », - деді Р.Ошақбаев.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының жетекші сарапшысы - Елбасы Оразғали Селтеев Нұрсұлтан Назарбаевтың Дональд Трамппен кездесуі, ең алдымен, қазақстандық экономикаға американдық инвестициялардың жаңа ағындарын ынталандыру тұрғысынан маңызды деп санайды.
 
Маманның айтуынша, АҚШ ынтымақтастық жылдарында 50 миллиард доллардан асатын инвестор елдерінің тізімін көшбастап тұр. Дегенмен, бүгін американдық корпорациялардың назарын біздің бағытқа аударуымыз қажет. Біз экспорттың негізгі бөлігін құрайтын экономиканың секторларында цифрландыру, өндірістік процестерді автоматтандыру туралы айтып отырмыз.

«Осыған байланысты Мемлекет басшысының АҚШ-қа жасаған сапары біздің жаңғырту бағдарламамыздың және экономикалық реформалардың негізгі бағыттарының таныстырылымы болды. Сондықтан, болашақта жоғары технологияларды енгізу бойынша жаңа бірлескен жобалардың пайда болуы күтілуде. Бұл бірінші кезекте мұнай-газ секторы, мұнай-химия өнеркәсібі, энергетика, көлік және логистикалық инфрақұрылымға қатысты », - деді Оразғали Селтеев.

 Оның пікірінше, Қазақстан әрқашан шетелдік инвесторларды, соның ішінде американдық инвесторларға бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етті. Жасалған келісімдер болашақта қазақстандық және американдық бизнестің ынтымақтастығында жаңа серпінділікке қол жеткізеді.


 
Сонымен қатар, ӘЭСИ екі елдің экономикалық компоненттерін атап өтт. Келіссөздердің қорытындысы бойынша өткен брифингте Мемлекет басшысы айтқандай, құны 7,5 миллиард доллардан асатын 20-дан астам келісімшарт жасалды, Астананың жоғары технологиялар мен инновациялық өндірістерді беруде АҚШ-пен байланыстарын дамытуға мүдделі екендігі құпия емес. Осыған байланысты, жаңа келісімдер Қазақстанға өзінің «цифрлық» күн тәртібін экономикада іске асыруға мүмкіндік беретініне сенімді болуыға болады.

Екіншіден, Д.Трамп пен Н.Назарбаев АҚШ пен Қазақстанды халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті нығайту мәселесі бойынша бірлесіп жұмыс істеу ниетін растады.

«Астана үшін Вашингтон сыртқы саясатта және экономикадағы ең маңызды инвестор, басты әріптестерінің бірі болып табылады. Өз кезегінде, Дональд Трамп атап өткендей, Америка Құрама Штаттары  Қазақстанды мықты, зайырлы және тәуелсіз ел және Орталық Азиядағы құнды досы әрі стратегиялық әріптесі ретінде көреді», - деп түсіндірді институт.

Оған қоса, ҚСЗИ сарапшылары Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапарының инвестициялық климат бойынша тиімді болатынына сенеді.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонға ресми сапары инвестициялық тұрғыда өте тиімді болады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Алуа Жолдыбалина хабарлады.

«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонға ресми сапарын Қазақстанның Америка Құрама Штатымен дипломатиялық қарым-қатынасының дамуындағы үлкен жетістігі деуге болады. Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары аясында бірқатар келіссөздер жүргізіліп, бірқатар келісімдерге қол қойылды. Нәтиже жаман емес. Бүгінде әлемдік сарапшылар бұл сапарды инвестициялық тұрғыда өте тиімді болады деп бағалап отыр және онымен келіспеу мүмкін емес. Оған жасалған көптеген келісімдерді дәлел ретінде келтіруге болады», - деді  Алуа Жолдыбалина.

Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының (KСЗИ) зерттеушісі Анастасия Решетняк өз кезегінде, Қазақстан Ауғанстандағы бейбіт мақсаттағы және инфрақұрылымға қатысты АҚШ бастамаларын қолдайтынын айтты.

«Біз Ауғанстанға көрсетіп отырған көмек және Қазақстаннан ауған студенттеріне берілетін көп миллиардтық гранттар туралы айтуға болады. Екінші жағынан, АҚШ біздің тәуелсіздік алғаннан кейін ядролық қарусыздану жөніндегі бастамаларымызды қолдайды », - деді А. Решетняк.

Сонымен қатар, сарапшылардың пікірінше, Қазақстан Ресей мен АҚШ арасындағы күрделі қатынастарды орнатуды қолдайды.

Сарапшылармен қатар ресми сапар американдық, еуропалық және ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарымен жоғары бағаланды.

Естеріңізге салсақ, 16-19 қаңтар аралығында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа ресми сапармен барды.

Мемлекет басшысының ресми сапары аясында инвестициялық, сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша 20-дан астам коммерциялық құжаттарға қол қойылды. Олар авиация және ғарыштық зерттеулер, мұнай-химия және ауыл шаруашылығы салалары бойынша жобаларды іске асыруға арналған, сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту жобаларына 7,5 млрд доллар бағытталған.

 Ақбота Күзекбай

Фотосурет: Бауыржан Жуасбаевтікі




Яндекс.Метрика