Цифрлы Қазақстан 2020

Қазақстандықтар электронды қызметтерге көбірек жүгінуде (ШОЛУ)

Қазақстанның меморгандары халыққа Жолдауда атап көрсетілген Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыруға белсенді кірісуде. Бұл дегеніңіз «Тиімді мемлекеттік басқару». Мәселе мемлекеттік және электронды қызметтер туралы. Сонымен, еліміздегі кәсіпорындар аталмыш міндетті жүзеге асыруда қандай қадамдар жасайтынын қарастырып көрейік.
Астана қаласы19 Қаңтар , 15:52

Мемлекеттік әкімшілендіру кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындардың шығындарын қысқартуға байланысты жұмыстарды жалғастыру қажет. Осыған орай бизнесті реттеуге қатысуды әрі қарай азайтуға бағытталған заң қабылдауды жылдамдату керек.

«Бір терезе» қағидаты бойынша бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету үдерістерін цифрландыруды қамтамасыз ету қажет. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясы «бір өтініш» қағидаты бойынша жекелеген мемлекеттік қызмет көрсетуден кешенді қызмет көрсетуге көшуге мүмкіндік береді», -  делінген Жолдауда.

Осы ретте, Ұлт көшбасшысы мемлекет пен компаниялар жаңа технологияларды енгізе отырып, өз ақпараттық жүйелері мен құрылғыларының берік қорғалуын қамтамасыз етуі керек, деп баса айтты.  

«Бүгінде киберқауіпсіздік ұғымы тек ақпаратты ғана емес, сонымен қатар өндірістік және инфрақұрылымдық нысандарды басқару тетігін қорғау дегенді де білдіреді. Осы және өзге де шаралар Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында көрініс табуға тиіс», - делінген Жолдауда.

Осы мәселе бойынша АКМ мәліметтер келтіруде, 2017 жылы 1 миллионнан астам желілік шабуылға тойтарыс берілді. «ҰАТ» АҚ Қазақстан бойынша 15 дата-орталығы бар, оларға тәулік бойы кәсіби мамандар қызмет көрсетеді. 

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ тұрақты түрде ақпараттық жүйелерді интеграциялау (ықпалдастыру) бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда мемлекеттік органдардың 157 ақпараттық жүйесі ықпалдастырылған. Электрондық үкіметтің төлем шлюзіне 32 екінші деңгейлі банк қосылды. Банктерге мемлекеттік органдарға, соттарға электронды үкіметтің төлем шлюзі  арқылы төлемдер туралы және/немесе ақшаны аудару туралы ақпарат беріліп отырады», — деді «ҰАТ»АҚ басқарма төрағасы Ботагөз Қасабек Үкіметтің баспасөз орталығындағы брифингте.

Сонымен, primeminister.kz ақпараты бойынша, АТ интеграциялаудың арқасында «бір терезе» қағидасы бойынша кешенді қызметтер ұсынуға көшу жүзеге асырылады, онда бірнеше интеграцияланған АТ пайдалану негізінде пайдаланушыға бір өтініммен, бірнеше ведомствоға бармай-ақ қызмет көрсетулер қолжетімді.

Ресми мәліметтер бойынша, бүгінгі таңда электронды үкімет порталы 237 қызмет көрсету мен сервисті, eLicense.kz электронды лицензиялау порталы – 440 автоматтандырылған қызмет алуды ұсынды. Олардың ішінде бизнесті тіркеу және дамыту, лицензиялау, салықтар, банк ісі, субсидиялау және т.б. тұрғысынан бизнес бойынша 44 онлайн-қызмет қолжетімді

2017 жылғы мәлімет бойынша 17 986 990 949 теңге сомаға 1 911 325 транзакция жасалды. Жалпы, порталда сервис жұмыс істеген аралықтағы барлық төлемдер сомасы 47 млрд теңгеден асты.

eGov арқылы 2012 жылдан бастап 177 824 компания ашылса, 2017 жылы 48367 заңды тұлға тіркелді.  Мемлекеттік қызметтерді алуды оңтайландыру мақсатында мемлекеттік қызметтерді аутентификациялау тәсілін анықтау үшін электронды түрге классификациялау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Сондай-ақ, egov.kz порталында «Банк есепшотын ашуды және еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жұмыскерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыруды ескерумен заңды тұлғаны тіркеу» жаңа композиттік қызмет көрсетуі іске қосылды.

Осылайша, ендігі заңды тұлғаны тіркеу кезеңінде банк есепшотын электронды ашуға өтініш беру және жұмыскерлерді сақтандыру келісімшартын жасау мүмкіндігі бар. Екінші деңгейдегі банктерді және сақтандыру компанияларын қосу жұмыстары жүргізілді.  

Бұдан өзге, 2018 жылдан бастап «электронды үкімет» веб-порталында үшінші тұлғалардың тұрғылықты орнынан мекен-жай анықтамасы, жылжымайтын мүліктің жоқтығы (бар болуы) туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтамалар сияқты электронды анықтамаларды алу бойынша сервис қолжетімді. 

Мемлекеттік қызметтердің көрсететін ақпараттық жүйелердің операторлары деректерді сақтаумен және пайдаланумен байланысты заңнама талаптарын орындауға міндетті.

Қазіргі уақытта Тізілімде 746 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бар, қызмет алушылар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 621 қызметті, соның ішінде 332-сін Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесі арқылы және 452 мемлекеттік қызметті «Сonnection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы ала алады. ХҚКО-ға өз беттерінше келе алмайтын мүмкіндігі шектеулі адамдарға «Ұлттық ақпараттық технолгиялар» АҚ-ның Бірыңғай байланыс орталығымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді өз бетінше алу мүмкіндігі жоқ тұлғаларға тұрғылықты жері бойынша шығумен мемлекеттік қызмет көрсету  мәселесі бойынша өзара әрекет ету регламенті шеңберінде орынға шығулар жүзеге асырылады. 2017 жылдың қаңтар айы мен желтоқсан айы аралығында оларға Мемлекеттік корпорацияның жұмыскерлері үйлеріне барып (35 мыңнан астам шығулар), шамамен 48 мың қызмет көрсетті.

Министрлік мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін барынша оңтайландыру, соның ішінде оларды электронды форматқа көшіру бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өткен жөн. Мәселен, бүгінде баланың туылуына байланысты мемлекеттік қызметтерді проактивті түрде ұсыну іске асырылды, электрондық үкімет порталында ЭЦҚ-сыз 30 электрондық қызмет түрін алуға болады.

«Өткен жылы мемлекеттік органдардың электронды анықтамаларға деген сұранысын алып тастауға бағытталған «Анықтамасыз қызметтер» жобасы, сонымен қатар азаматтың рұқсат беруімен осындай анықтамаларды үшінші тұлғаның алуына болатын сервис іске қосылды», — деп қорытындылады вице-министр Қайрат Балықбаев.

Айта кетер болсақ, республика бойынша қызмет алушыларға 349 фронт-офисте «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер ұсынылады, онда 2017 жылы 38 млн астам қызмет көрсетілді.

Қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған бірқатар жобалар іске асырылды:

- дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 09.00-ден 24.00-ке дейін жұмыс кестесіне сәйкес Астана қ. ХҚКО департаментінің №2 бөлімінде, Шымкент қ. Қаратау ауданының №5 ХҚКО бөлімінде, сондай-ақ Әуезов ауданының №1 бөлімінде мемлекеттік қызметтерді (құжаттама жасау және азаматтарды тіркеу желісі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қоспағанда) көрсету;

- ШҚО бойынша «Қазпошта» АҚ филиалының пошта байланысы бөлімдерінде құжаттарды қабылдау және көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру. 2017 жылғы 1 шілдеден бастап аталған пилоттық жоба ҚР барлық өңірлерінде іске қосылды. Аталған пилот бойынша 4 921 мемлекеттік қызметтер көрсетілді;

- «Қазпошта» АҚ арқылы талап етілген орнына, үйге немесе кеңсеге дайын құжаттарды жеткізу. Аталған пилоттық жоба «Қазпочта» АҚ арқылы қызмет алушы көрсеткен мекенжай бойынша дайын құжаттарды (электрондық құжаттардан басқа) жеткізуді көздейді, 11928 құжаттар қабылданды, соның ішінде 11 331 жеткізілді;

- азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша бірқатар мемлекеттік қызметтерді Мемкорпорация арқылы көрсету, 28 619 мемқызметтер көрсетілді;

- жылжымайтын мүлік құқығын мемлекеттік тіркеу бойынша әділет органдары функцияларын Мемкорпорацияға беру, 31 213 құқықтарды тіркеу жүзеге асырылды;

- 1414 Бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы мемқызметтерді алу, 97 мемқызметтер көрсетілді.

Сандарға қайта оралатын болса, 2017 жылы электрондық үкімет бойынша 34 млн.-нан астам электрондық қызмет көрсетілді, «Е-лицензиялау» МДБ АЖ арқылы 24,4 мыңнан астам электрондық лицензия мен 597,1 мың рұқсат құжаттары берілген. Олардың ішінде бизнес бағыты бойынша бизнесті тіркеу мен дамыту, лицензиялау, салық, банк қызметі, субсидиялау мәселелеріне қатысты 44 онлайн-қызметі қолжетімді.

Гүлтай Хасенова




Яндекс.Метрика