Халықаралық интеграция

Нұрсұлтан Назарбаев Польша Республикасының Президентімен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йоркте Польша Республикасының Президенті Анджей Дудамен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Әлемде19 Қаңтар , 06:34

Мемлекет басшысы әңгімелесу барысында А.Дуданы Польшаның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметінің басталуымен құттықтады.

«Бүгінгі кездесу қарым-қатынастарымызды талқылау үшін бізге зор мүмкіндік береді. Польшаның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 2018-2019 жылдардағы тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметінің басталуымен құттықтаймын», – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Польшаның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жұмысындағы ұстанымдарының ұқсастығын атап өтті.

«Біздің ой-пікіріміз бен Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмыс бағытымыздың ұқсас екеніне қуаныштымын. Менің Варшаваға сапарым және Сіздің өткен жылғы Астанаға сапарыңыз әлі есімде. Мұндай кездесулер бізді әрі елдерімізді жақындата түседі», – деді Қазақстан Президенті.

А.Дуда кездескеніне және екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау мүмкіндігі болғанына ризашылық білдірді.




Яндекс.Метрика