Жолдау 2018: негізгі 10 міндет

Қазақстан адамзат дамуының жоғары деңгейлі әлеуеті бар елдердің қатарында – сарапшы

Соңғы жылдары Қазақстандағы адам дамуы индексінің негізгі көрсеткіштері қалай жақсарғанын, Орталық коммуникация қызметінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Ләззат Нұрқатова айтып берді.
Астана қаласы18 Қаңтар , 17:14

2016 жылы БҰҰДБ адам дамуы туралы есебіне сәйкес, Қазақстан адам дамуының жоғары деңгейі бар 188 елдің 56 орнына сәйкес келді. Ал, 2007 жылы біздің еліміз адам әлеуеті дамуының орташа деңгейі бар елдер қатарында болған.

«Қазақстандық білім жыл сайын әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болып, халықаралық рейтингтерде өз позицияларын нығайтатындығын атап өту керек. Қазақстан Жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 2010 жылмен салыстырғанда 2017 жылы «Ғалымдардың және инженерлердің қолжетімділігі», «Ғылыми-білім беру қызметтерінің қол жетімділігі» және «Мектептердің ғаламторға қолжетімділігі» сияқты зерттеу көрсеткіштері бойынша өз позицияларын едәуір жақсартты», - деп атап өтті Ляззат Нұрқатова.

Сонымен қатар, ҚСЗИ Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі қоғамдық денсаулықты сақтау және жетілдіру адам капиталын сапалы жақсартудың маңызды факторы екенін айтты.

«Тәуелсіздік жылдарында қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 4,4 жылға артып, 2017 жылдың соңына қарай 72 жыл болды, ал 1991 жылы 67,6 болған. Оған қоса, туу мен өлім-жітім айтарлықтай көбейді. Мәселен, Дүниежүзілік экономикалық форумның «Денсаулық» көрсеткіші бойынша өткізген Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің  рейтингінде, Қазақстан 2003-2004 жылдары 104 орыннан 2017-2018 жылдары 86-ға дейін көтерілді », - деді ол.
 
Америка Құрама Штаттарының Bloomberg қаржылық және экономикалық ақпарат агенттігінің жасаған денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігі бойынша әлем елдерінің рейтингінде Қазақстан екі жыл қатарынан 45 орынға ие екендігін атап өткен жөн.

Спикердің болжамдарына сүйенсек, 2050 жылға қарай қазіргі тенденциямен солтүстік өңірлердің тұрғындары 0,9 млн. адамға азаяды. Оңтүстік өңірлердің халқы 5,2 млн. адамға өседі. Болжамдағы мәліметтерге сәйкес, оңтүстік өңірлерде қоныс аудару тығыздығы солтүстікке қарағанда шамамен 4 есе жоғары болады.

«Дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін Қазақстан адам капиталын дамытудың жоғары деңгейіне жетуі керек. Әлеуметтік мемлекеттік саясат- бұл адами капиталды дамытудың маңызды факторы. Ол экономикалық өмірде толыққанды қатысу үшін жағдай жасауға бағытталған », - деп қорытындылады сарапшы.




Яндекс.Метрика