Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

2018 жылы 24 536 елорда тұрғынын жұмыспен қамту жоспарлануда

Астана қаласының еңбек нарығындағы жағдайды тұрақтандыру шеңберінде Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевпен «2018 жылы Астана тұрғындарын жұмыспен қамтуға бағытталған кешенді жоспар» бекітілді.
Астана қаласы18 Қаңтар , 19:18

2018 жылы Астанада 24 536 адамды жұмыспен қамту шараларын қамтуды жоспарлап отыр, деп хабарлады Астаналық жұмыспен қамту орталығы.

Кешенді жоспар - «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «БЖК-2020»,  Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы сияқты барлық мемлекеттік бағдарламаларда жұмыспен қамтудың белсенді шаралары.

«Жұмыспен қамтудың белсенді шаралары әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеу, жастар практикасын ұйымдастыру, қоғамдық жұмыстарға жіберу, кәсіптік оқыту, кәсіптік бағдарлау, әлеуметтік көмек және бейімделу, психологиялық және әлеуметтік қолдау, бос орындар жәрмеңкелері», - деп түсіндірді жұмыспен қамту орталығы.

 Еске салсақ, 2017 жылы Астана қаласында түрлі салалардағы жұмыс берушілер 19 257 жаңа тұрақты жұмыс орындарын құрды, оның ішінде көлік саласында - 1876, құрылыста - 1977, өнеркәсіп саласында - 449.

Шағын және орта бизнестегі кәсіпорындарда 14 955 жұмыс орны құрылды, бұл жұмыс орындарының жалпы санының 78% құрайды.




Яндекс.Метрика