Цифрлы Қазақстан 2022

Вице-премьер Қорғастың цифрландыру үрдісімен танысты

Қорғастың цифрлануы көліктік логистиканың ғаламдық желісіне ықпалдасуын қамтамасыз етеді, деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев Алматы облысына жұмыс сапары барысында. Ол Алтынкөл теміржол бекетіне, «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА, «Жаркент» кеден бекетіне, «Қорғас» ШЫХО »АҚ-ға барды.
Алматы 18 Қаңтар, 18:52

Вице-премьер «Төртінші индустриалды революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында белгіленген міндеттер аясында көлік-логистикалық хаб нысандарында өндірістік процестерді цифрландыру бойынша жобаларды іске асыру барысымен танысты.
 
«Қорғас - Шығыс қақпасы» АҚ бас директоры М.Баймұханбетов АЭА-да алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу туралы хабарлады.

DP World пен бірлесіп «Nomad» ақпараттық жүйесі Қазақстанның аумағында және одан тыс жерлерде процестерді автоматтандыру және процестерді цифрландыру бойынша платформа құру үшін енгізілді. Қазіргі уақытта 48 іскерлік үрдістер автоматтандырылды, автокөліктерге кіру / шығу рұқсатын алу уақыты 1 тәуліктен 30 минутқа дейін қысқартылды.

«Nomad» жүйесі және айлақтағы жүк ағындарын басқаруға арналған PCS бағдарламасының кейіннен енгізілуі Қазақстанға Кеден одағы елдерімен және жақын шетелдермен тиімді ақпараттық дәліз құруға мүмкіндік береді. Бұл шаралар Қазақстанның логистикалық тиімділік көрсеткішін халықаралық деңгейде жақсартады және 2020 жылға қарай ең жақсы логистикалық климатқа ие 40 елдің тізіміне енуге мүмкіндік береді », - деді « Қорғас-Шығыс қақпасы» АҚ Бас операциялық директоры Х. Бельмааши.

Алтынкөл станциясы барлық қажетті заманауи техникамен және жүктерді тиімді өңдеу технологиясымен жабдықталған.
 
Яндекс.Метрика