Инвестициялар

Ирандық инвестор Шығыс Қазақстанда ет өңдеу зауытын салады

Шығыс Қазақстан облысындағы ет өңдеу комбинатының құрылысы ағымдағы жылы басталады.
Шығыс Қазақстан 18 Қаңтар, 18:21

«KazakhInvest» АҚ-ның қолдауымен ирандық инвестор ШҚО Семей қаласының «Өндіріс» индустриалды аймағында «Халал» стандартына сай қайта өңдеу ет комбинатын салу жобасын іске асыру үшін инвестициялық келісімшарт жасады, деп хабарлады ҚР Инвестициялар мен даму министрлігінен.  

«AgroPortal» компанияның бас директоры Амир Шекарчи Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитетімен бірге инвестициялық преференциялар ұсынуды қарастыратын жобаларды іске асыру келісімшартын жасады», - делінген хабарламада.

Жсопарланғандай, жобаға шамамен 7 млрд. теңге шетел инвестициясы салынады. Биыл Шығыс-Қазақстан облысында етті қайта өңдейтін комбинат құрылысы басталады. 

 «Қазақстанда шетел инвесторлары үшін жағымды инвестициялық климат жасалған. Өңірлік деңгейде біз «KazakhInvest» ҰК» АҚ өкілдерімен және біздің жобаға жан-жақты қолдау көрсететін Шығыс-Қазақстан облысының әкімдігімен тығыз жұмыс істейміз. Ет комбинатында «Өндіріс» аумағында заманауи, қалдықсыз өндірістік желілер салынған болатын. Зауытта шамамен 250 адам жұмыс істейтін болады», - деді «Agro Portal» бас директоры Амир Шекарчи.

Күтіліп отырғандай, ет комбинатында тәулігіне 2 мың ұсақ малдың және 400 басы ірі қараның еті қайта өңделетін болады.

Айта кетер болсақ, мұндағы өнімнің 90%-ға жуығы Иран Ислам Республикасына экспортталады.

«Kazakh Invest» етті қайта өңдеу зауытын слау арқылы осы жобаны іске асыруда қолдау көрсету қызметін жалғастырады. Күн тәртібінде – кеден және салық преференцияларын алу, субсидиялау мәселелері, сондай-ақ, визалық қолдау мәселелері бар», - деді ШҚО«Kazakh Invest» өңірлік директоры Мадина Байсалбаева.

Ирандық инвестордың шақыруымен және «Kazakh Invest» АҚ-ның қолдауымен облыс әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков бастаған Шығыс Қазақстан облысының делегациясы Иранға барады. Сапар барысында бордақылау алаңшалары мен сүт-тауарлы фермаларына бару және жұмысымен танысу; ауылшаруашылық жабдығын өндірушілерімен кездесу; қазақстандық ет өнімдерінің импортына қызығушылық танытқан серіктестермен сөйлесу; сондай-ақ, АӨК саласы бойынша бірқатар жобалар ұсынылатын әлеуетті инвесторлармен жүздесу жоспарланған.

Естеріңізге сала кетсек, 2018-2022 жылдарға арналған Ұлттық инвестициялық стратегияда тікелей шетел инвестицияларын тартатын басым салалардың бірі ретінде агроөнеркәсіптік кешен таңдалып отыр. Қазақстанда 2015 жыл мен 2017 жылдың 9 айын қосқанда ауыл шаруашылығына тартылған инвестицияның жалпы көлемі 135,2 млн. АҚШ долларын құрады.

Ал, 2022 жылы ИШИ жаппай ағымы 1,26 есеге ұлғайту жаппай ИШИ көлемі ЖІӨ-ге қатысты 2022 жылы 19%-ға дейін ұлғайту жоспарланған; тиімділікті жоғарлатуға бағытталған ИШИ 1,5 есеге ұлғаяды; экономиканың шикізат емес секторындағы негізгі капиталындағы инвестициялар көлемі 1,46 есеге ұлғаяды; экономиканың шикізат емес секторындағы негізгі капиталындағы ішкі инвестициялар көлемі 1,5 есеге ұлғаяды.





Яндекс.Метрика