Халықаралық интеграция

Н.Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары инвестициялық тұрғыда өте тиімді болады – сарапшы

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонға ресми сапары инвестициялық тұрғыда өте тиімді болады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Алуа Жолдыбалина хабарлады.
Астана қаласы18 Қаңтар , 17:00

«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонға ресми сапарын Қазақстанның Америка Құрама Штатымен дипломатиялық қарым-қатынасының дамуындағы үлкен жетістігі деуге болады. Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары аясында бірқатар келіссөздер жүргізіліп, бірқатар келісімдерге қол қойылды. Нәтиже жаман емес. Бүгінде әлемдік сарапшылар бұл сапарды инвестициялық тұрғыда өте тиімді болады деп бағалап отыр және онымен келіспеу мүмкін емес. Оған жасалған көптеген келісімдерді дәлел ретінде келтіруге болады», - деді  Алуа Жолдыбалина.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 16 қаңтарында Қазақстан Президенті Вашингтон қаласына барды. Ресми сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми және іскер топтар өкілдерімен кездесті.

Мөлдір Асқарқызы

 




Яндекс.Метрика