Үкімет

Бүгінгі күні 164 млрд теңгеге 300-ден астам объект жекешелендірілді

2 жыл ішінде Кешенді жоспардың 476 объектісі сауда-саттыққа шығарылып,367-сі сатылды, деп хабарлады ҚР Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов Үкіметтің баспасөз орталығында.
Астана қаласы18 Қаңтар , 13:41

Қазіргі уақытта жекешелендірудің кешенді жоспары 904 объектіні қамтиды. Олардың 876 объектісі туралы толық ақпараттар gosreestr.kz веб-порталына шығарылды.

«Бұл тізімге қайта құрылатын және қайта тіркеуден өтетін 28 республикалық меншік объектісі енгізілген жоқ. Олар «Апаттар медицинасы теміржол госпитальдары» және«Қазақавтожол» акционерлік қоғамдарының құрамдарында филиалдар ретінде қызметтерін атқарған. Бірақ экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімдерімен аталған акционерлік қоғамдар қайта құрылуға жатады», - деп мәлімдеді Б.Шолпанқұлов.

Жалпы, қайта ұйымдастырылатын және таратылатын объектілерді есепке ала отырып, Жекешелендірудің кешенді жоспарының орындалуы 71 процент деңгейінде қалыптасты.

«2 жыл ішінде Кешенді жоспардың 476 объектісі сауда-саттыққа шығарылып,367-сі сатылды.Сату бағасы 164 млрд. теңгені құрады.  Бұдан басқа, 255 объекті қайта ұйымдастырылу және таратылу сатысында»,- деді вице-минстр.

Вице-министрдің айтуынша, 2017 жылысауда-саттыққа шығаруға 463 объекті жоспарланған. Жоспар 97 процентке орындалды.

Естеріңізге салсақ, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру 2018 жылдың тамызына дейін аяқталатынын мәлімдеді.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика