Жолдау 2018: негізгі 10 міндет

Жолдауда банк саласын сауықтыру шаралары анық көрсетілген – В.Додонов

Жолдауда банк саласын сауықтыру шаралары анық көрсетілген, деп хабарлады ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері, экономика ғылымдарының докторы Вячеслав Додонов ОКҚ-дағы 2018 жылға арналған Жолдау міндеттеріне арналған бөспасөз конференциясында.
Астана қаласы18 Қаңтар , 13:39

«Жалпы Жолдауда банк саласын сауықтыру шаралары туралы анық жазылған. Бұл мәселе өте өзекті.  Өткен жылы 2 банкпен мәселе туындады. Ол қоғамның назарын өзіне аудартты. Аталған мәселені шешу мемлекет тиісті құралдарды пайдаланды. Сондықтан Жолдауда көрсетілген міндетті орындау өзекті күйінде қалып отыр. Сонымен қатар соңғы жылда қазақстандық банк секторында жұмыс істемейтін кредиттердің үлесі артты. Аталған мәселені банктерді реконструкциядан өткізіп, бұл проблема шешілгендей болды. Яғни банк секторы экономикамыздың маңызды бөлігі бола тұра, бұл секторда шешілмеген мәселелер бар», - деді Вячеслав Додонов.

Сарапшының пайымынша, банк секторында атқарылған жұмыстар соңына дейін жеткізілуі керек.

«Елбасы Жолдауында банк секторының тұрақтылығын арттыру міндеті қойылды. Осы орайда портфелдерді жұмыс істемейтін кредиттерден тазарту қажеттілігі айтылды. Аталған салада атқарылған жұмыстарды аяғында дейін жүргізу қажет. », - деп қорытындылады сарапшы.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында ҚСЗИ сарапшысы ҚР Президентінің 2018 жылға арналған Қазақстан халқына Жолдауы аясында ауылдың дамуына ерекше дең қою керек, деп мәлімдеді.

 

Мөлдір Асқарқызы




Яндекс.Метрика