Жолдау 2018: негізгі 10 міндет

Жекешелендірудің кешенді жоспарын 2018 жылдың тамыз айына дейін аяқтау жоспарлануда - ҚР ҰЭМ

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы аясында жекешелендіру мәселесі бойынша қандай міндеттерді атқару жоспарланғанын, Үкіметтегі баспасөз орталығында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин айтып берді.
Астана қаласы 18 Қаңтар, 13:12

Мемлекет басшысы «Төртінші индустриалды революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында жекешелендіру жоспарын жүзеге асыруды тездетіп, мемлекеттік органдарға қарасты ұйымдарының санын қысқарту арқылы оны кеңейтуді тапсырды. Екінші тапсырма, әкімшілік шығындарды азайту үшін мемлекеттік органдарға қарасты ұйымдарды мүмкіндігінше шоғырландыру.

«Осы мақсатта біз барлық мемлекеттік органдардың, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, квазимемлекеттік сектордың өкілдері кіретін жұмыс тобын құруды аяқтау кезеңінде тұрмыз. Берік Шолпанқұлымен біз жұмыс тобының төрағалары боламыз (АА - қаржы вице-министрі). 2018 жылдың тамыз айына дейін біз бұл міндетті аяқтаймыз. Яғни, біз Үкіметке Кешенді жекешелендіру жоспарын ұсынамыз және менің ойымша кешенді жоспарды бірқатар басқа кәсіпорындар толықтырады », - деді Ұлттық экономика вице-министрі.

Сондай-ақ, Серік Жұманғарин Мемлекет басшысының жекешелендіруден түскен қаражат туралы тапсырмасы туралы айтып берді, ол Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберіледі. Вице-министрдің айтуынша, қаражат Ұлттық қорды басқару ережелерімен инвестицияланады.

«Бүгінгі таңда жекешелендіруден Ұлттық қорға 7,4 млрд теңге түсті. Бұл негізінен республикалық меншік объектілерін сатумен байланысты. Квазимемлекеттік меншік объектілерін сатудан, яғни ұлттық компаниялардан әлі түсім алған жоқ, өйткені квазимемлекеттік сектордың нысандарын сатудан қаражат пен тапсырысты беру ережелері әзірлену сатысында тұр.  Жақын арада олар Үкіметпен қабылданады. Ұлттық қорға түсетін табыс квазимемлекеттік секторға тиесілі объектілерден алынады », - деп түсіндірді С. Жұманғарин.

 
Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика