Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтерді реформалау

С.Ахметов Әділет министрлігіне сот орындаушылар жүйесіне реформа жүргізуді тапсырды

Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіндеПремьер-министр Серік Ахметов ведомствоның сот орындаушылар жүйесі саласындағы жұмысын сынға алып, онда реформа жүргізуді тапсырды.
Казахстан06 Тамыз , 00:00

«Бұл мәселеге нарықтық әдіспен қарайық. Өз ұсыныстарыңызды енгізіңіздер, Бас прокуратурамен, ІІМ-мен бірлесе отырып талқылайық. Қаншама мүмкіндік бар ғой, соларды тек реформалау керек», - деді үкімет басшысы.

Ол сондай-ақ біздің еліміз үшін өзге мемлекеттердің тәжірибесі де кәдеге жарарын тілге тиек етті.

«Сол Францияның өзін алып қарасақ, оның да жақсы тәжірибесі бар ғой. Ресейде сот орындаушылар жүйесі қалай жұмыс істеп жатқандығын біліңіздер. Ресейде «сот орындаушы» деген бір ғана атаудың өзі қандай салмаққа ие...», - деп атап өтті Ахметов.

«Ұсыныс білдіріңіздер. Оның бәрін үкіметте қарастыруға дайынбыз», - деп қорытты Серік Ахметов.




Яндекс.Метрика