Халықаралық интеграция

Қазақстан Президенті америкалық ірі компаниялар басшыларымен кездесті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йоркте американдық ірі компаниялар басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Әлемде 18 Қаңтар, 09:16

Кездесуде тараптар «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен «Goldman Sachs» компаниясының одан әрі ынтымақтасу мәселелерін талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық қаржы орталығын құру үшін атқарылған жұмыстардың нәтижелеріне тоқталды.

«Бүгінде барлық құқықтық жағдай жасалды. Ағылшын құқығы базасындағы сот құрылды. Қатысушылар үшін қажетті барлық жеңілдіктер қарастырылды, соның ішінде виза және салық жеңілдіктері де бар, – деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығы Американың «Nasdaq» биржасымен және Шанхай қор биржасымен ынтымақтастық орнатқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен «ExxonMobil» компаниясы арасында мұнай-газ саласында қалыптасқан экономикалық серіктестікті айрықша атап өтті.

Қазақстан Президенті бұл компанияның Теңіз және Қашаған мұнай-газ кен орындарын игеруге арналған жобаларға атсалысып отырғанын айтты.

Д.Вудс Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығының басталуымен және АҚШ Президенті Д.Трамппен өткен келіссөздердің табысты болуымен құттықтады.





Яндекс.Метрика